Ашық саба. География. Қазақстанның өзендері

Oinet.kz 25-07-2020 1210

Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі
Абильдаева Жанаргул Магадановна
география пәнінің мұғалімі

8 сынып
§ 27 Қазақстанның өзендері


Білімділік мақсаты: Қазақстан территориясы бойынша өзен жүйесінің біркелкі таралмау ерекшеліктерін анықтау, өзендердің климат пен рельефке тәуелділігі мысалында ТК компоненттерінің өзара байланысы жөнінде түсініктерін жалғастыру. Өзен алабы, өзеннің су шығыны, жылдық ағысы, еністігі, қоректену мен режимі жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:Тақырыптық карталармен жұмыс тәсілдерін, картометриялық жұмыстарды жасауын жетілдіру. Объектілер мен құбылыстарды топтастыра білуге жетілдіру, ерекшеліктерін айқындап, қорытынды жасау.
Жаңа ақпаратты меңгеру қабілетін, бастысын анықтап қатесіз жеткізуін дамыту, әр түрлі күрделік бойынша сұрақтарға жауап беру, сурет арқылы оқушының елестету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өзен су ресурстарын пайдалану, оны қорғау, сумен байланысты қауіпті құбылыстар жөнінде білімдерін тереңдету
Оқыту құралы: мультимедиялық тақта-экран, презентация слайдтары, атластың физикалық, климаттық, ішкі сулары картасы, бекітуге арналған тапсырмалар, қорытынды карточкалары.
Сабақ түрі: Білімді бекіту, қолдану және дағды мен іскерлікті қалыптастыру сабағы, мультимедия лекция сабақ
Әдісі: Иллюстративті түсіндірмелі, зерттеушілік
Танымдық әрекеттерін ұйымдастыру түрі - топтық жұмыс
Ұйымдастыру:
I. Қызығушылықты ояту
№1 кесте «Оқу журналы»
Бұл тақырып жөнінде мен не білемін Бұл тақырып бойынша не білгім келеді? Оқу барысында не алдым? Қандай қиындықтармен кездестім?
85мың өзен,
өзеннің құрлымы,
су шығыны, құламасы
қатты ағын өзендердің біркелкі таралмауының, өзен режимінің, өзен аңғарлары қалыптасуының, климатқа, рельефке тәулділігін, шаруашылық маңызын, экологиясын, есептеу әдістерін білу.
Ой қозғау 5-7 сыныптардан өзендер жөнінде еске түсірейік
1. Өзен қалай пайда болады? (тұрақты, жеткілікті қоректену көздері болғандықтан пайда болған.)
2. Ал енді осы жазықты және таулы өзендердің қандай айырмашылығы бар екенін білеміз бе?. ......
3. А суретінде -өзеннің қай бөлігі бейнеленген? таудағы өзен аңғары қандай болады?
4. В. Өзен аңғарының құрлымы жақсы көрінген .....
5. С төменгі ағысындағы көрініс – жазықты өзен
Сурет арқылы біз өзендер жөнінде білімдерімізді еске түсірдік.
Осы жерде қандай сұрақтар туды: Бұл тақырып бойынша не білгім келеді?
Гиролог: Қазақстанда өзендер қалай таралған? Қандай өзендер бар?
Гидрометеоролог: Неге өзен суы деңгейі көтеріледі,
Гидрогеолог: Өзен аңғарларының тік немесе жайпақ болу себептерін білгіміз келеді?
Гидрометрологтар: Есептеу жұмыстарын жүргізуді үйренгіміз келеді
Экономист: Судың құламалық күшін, өзеннің суын шаруашылықта қалай пайдалануға болатынын білгіміз келеді
Экологтар: Адамның су ресурстарына жағымсыз әсері және бұл мәселені шешу жолдарын үйренгіміз келеді.
Жаңа тақырып:
Сіздерге алдын ала жұмыс парақтары таратылған. Бұл парақтағы тапсырмаларға жауапты қазіргі кішігірім бейнефильм лекциясын мұқият тыңдап табу.
Лекцияның түрі - өзара сөйлесу
Себебі менің көмекшім, сіздерге кеңесші болады, әрі бағалаушы.
Жоспар
1. Өзендердің таралуы
2. Кеңістікте өзгеруі
3. Уақыт бойынша өзен жағдайының өзгеруі
1. Гидролог
1. Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады? (Кескін картаға белгілеу)
2. 102 бет соңғы мәтін, атластың 16 бетіндегі гидрографиялық тор картасын оқып өзен торының жиілігі неге әртүрлі екенін түсіндір.
2. Гидрометеоролог
1. П.27 104 беттегі мәтінді оқып кестені толтыр.
Өзендердің режимі
Орманды дала, дала Шөл, шөлейт Биік таулы
Қоректену
Басты өзендері
Тасуы
Ең төменгі деңгей
Мұздың қалындығы
Мұздың еруі
2. Атластың 16бетіндегі судың тасу атты картаны пайдаланып Ертіс және Нұра өзендерінің режим диаграммасын салыстыр. Қазақстандық режим типі дегенді қалай түсінесін
3. Қазақстанның қай өзендері жазда суы мол болады және неге? Неге Алтай тауы өзендерінің деңгейі көктемнің бірінші жартысында көтерілмейді? (тауда қар мен мұздық кеш ериді)
3. Гидрометролог:
1. Өзеннің су шығының анықтау: Ертіс өзенінің көлденең қимасы 600мкв., ал судың ағыс жылдамдығы секундына 1,6мкв болса өзеннің су шығыны қанша болады
2.Өзеннің құламасы мен еністігін анықтау: J =(H-H): Z
Өзенің басталар жердегі абс. биіктік 4500м. Сағадағы биіктігі-200м. Ұзындығы -720км.
3. Қазақстанның физикалық картасынан Ертіс өзенінің ұзындығын есепте. (жіппен өлшеп атаулық масштабқа көбейту)
4. Атластың 16бетіндегі гидрографиялық тор картасын пайдаланып ірі өзендердің су шығының анықта
Сырдарья
Өзен құламасы-Еділ өзенінің бастау мұхит деңгейінен 226м. биіктікте орналасты, ал сағасы мұхит деңгейінен 28м төмен жатыр. Еділ өзенінің ылдилылығы :
3. Еністік: Еділдің ұзындығы 3531км. Орташа құламалық 254м : 3531км =7,2см 1км-ге. Бұндай еністікте ағынның жылдамдығы қатты емес-0,5м/с. Бұл жазықты өзен.
1. Өзеннің су шығының анықтау: Егер өзеннің ені 350мкв, орташа тереңдігі 5м, ағын жылдамдығы 2м/с. Q = F х V
Өзеннің жылдық ағыны қандай себептерге байланысты?
4. Экономист:
1. 103 беттегі соңғы мәтінді оқып, 17беттегі судың тасу картасын қарап өзендердің таралу мәселесін қалай шешуге болатыны жөнінде не айта аласың? 2. Плотина салғанға дейін (өңкей сызықтар) және плотинаны салғаннан кейін, яғни су қоймасы пайда болғаннан кейін(штрих сызықтары) өзен суы деңгейінің өзгеруі. Су қоймасын салғаннан кейін өзен суының деңгейінін өзгеруін немен түсіндіруге болады?
3. 105беттегі соңғы мәтінді, 111беттегі 3 мәтінді оқып Өзен суларымен байланысты қандай қауіпті құбылыстар бар, оларды болжау және алдын алу жөнінде қандай шаралар қолданылады?
5. Гидрогеолог :
Өзеннің әрекеті неден байқалады және өзен аңғарларын дамытуда қалай көрінеді?
А-____________ Б-_______________ В-_______________
Жас кезінде өзен арнасының үлкен құламалдылығына байланысты оның ағысы______________ болады. Аккумуляциямен салыстырғанда _______ күштірек байқалады. Арнасы кесіледі. Тар әрі терең аңғарлар-каньондар, шатқалдар пайда болады. Бұл кезең әсіресе таулы өзендерде байқалады.
Келесі стадияларда аңғардың тереңдеуіне байланысты _______________ және ағын ___________ азаяды, эрозия азаяды, негізінен жағалаулары шайылады. Бүйірлік шаю әсерінен өзен аңғарлары кеңейіп, ал ______________ жатынқы болады. Көне кезеңінде өзен «адаса» бастайды, кейін меандрлар пайда болады. Меандрларда өзеннің жылдам ағысы шығынқы ________ беткейді шаяды, ал ___________ ішке кіріп жатқан жағасында аллювий -өзен тұнбалары (құм, саз, қой тастар-жұмыр тастар және т.б. борпылдақ тау жыныстар)жиналады. Көктемгі су ______ кезінде меандрдың тік жағалауларының ______ қосылып өзен жаңа ______ арнамен аға бастайды. Ал оның ескі арнасы старица-көлдерге айналады. Кейін ол батпаққа, сосын шалғанға айналады.
Террасалар- біркездегі өзеннің биік деңгейде аққан бұрынғы аңғар түбі.
Меандрлар дегеніміз не? __________________________________________________________
ескі арна -көлдер қалай пайда болады? _________________________________________________
Өзеннің бұзу әрекетін -өзен ___________, ал жасаушы әрекеті-өзен __деп атайды.

Өзен эрозиясы мен аккумуляция деген не? Сызбада өзен эрозиясы мен аккумуляция орнын анықта

Эколог 1. Адамның су ресурстарына жағымсыз әсер еткен мысалдарын келтіріңдер?
2. Өзен суын тиімді пайдалану жолдарын айтыңыз
Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына тоқтал
Үйге:1) Өзендер: Тобыл, Ырғыз, Ембі, Аягөз, Шу
өзендердің бастауын, құяр жерін анықтаңдар, сызба картаға белгіле
2) 112беттегі 2сұрақ


Ашық сабақ. География. Литосфера – Жердің қатты қабаты
Ашық сабақ. География. Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру тарауын қайталау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу