Ашық сабақ. Нептун күні Қарша қыз Ашық сабақ:Азық-түліктер Х.Г.Андерсеннің дана ертегілері «Шалқан»
Нұғманова Мақпал Зейнуллақызы Қызылорда қаласы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің
ағылшын тілі пәні оқытушысы
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі деп айтсақ қателеспейміз. Ағылшын тілі қазақ елін бүкіл дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Қазіргідей жаһандану жағдайында ЕҚЫҰ Саммитіне төрағалық етуіміз осының бір дәлелі. Шет елдермен қарым-қатынас күшейіп отырған қазіргі сәтте оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі пәні мұғалімінің міндеті. Яғни, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Тілді үйретудегі негізгі мақсаты - ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде интерактивті оқыту технологиясын пайдаланудың мәні зор. Және жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз және іс әрекетінде біліктілігін қалыптастыруға болады, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интерактивті оқыту технологиясын интернет жүйесімен байланыстыра отырып, сабақта қолдана білу өте тиімді. Бұл негізде оқыту технологияларының санына емес сапасына назар аударған жөн. Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақтан оқушылардың қызығушылығы төмендеп, керісінше, жалығып кетеді. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін интерактивті оқыту аясында ойын технологиясын қолдану да тиімді деп ойлаймын. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Ойын арқылы кез келген тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалмайды. Дегенмен, қиындықтар азаяды. Себебі,ойын - оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айтқызу арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтінде интернеттен алынған тілі жатық, оңай ілесетін әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды. Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты. Ағылшын тілін меңгеруге төмендегідей факторлар ықпалын туғызуда: - әлеуметтік лингвистикалық: адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қызметті атқаратындығы, әрі қазіргі әлемде халық әмбебап құралы болуымен байланысты; - әлеуметтік мәдениеттілік: ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындығы; - экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалыптасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатындығы; - ақпараттық: ғылыми, техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатындығы, ағылшын тілінің бүкіләлемдік интернет тілі болып отырғандығы. Сондықтан, жалпы орта білім беретін мектептегі ағылшын тілін оқытудың мазмұны білім беру стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Білім беру стандарты бойынша «Ағылшын тілі» пәнінің мақсаты- тұлғалық бағдарланғаны, қызметтік және қатысымдық-конгнитивтік келістердің үйлесіміне сүйеніп іріктелген оқытудың мазмұны және оны оқыту жүйесін ұйымдастыру арқылы шешілетін оқушылардың қатысымдық біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Тіл жүйесінің дамуы дегеніміз – жеке тұлғаның тілді меңгеруі, рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерін қарым-қатынас құзырлығын ұйымдастыру. Ең маңызды мәселе- ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау бастапқы, сатысында оқыту: - оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының көлемін анықтау. - Қарым-қатынастық құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру. - Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі және сөйлеу қабілетін арттыру мақсатында жүйелі тапсырмаларды өңдеу. - Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту. - Ағылшын тілін оқытуда бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілін дамытады, ауызша және жазбаша сөйлеу процесін толық меңгеруге бағытталған. Әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдану, қызықты тапсырмалар беріп отыру, мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Қазіргі заман талабы ағылшын тілін білу болса, оқушыларға тілді қалайда меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы әр түрлі жетістіктерге қол жеткізе алады. Қандай да бір әдіс болмасын, оның өзіне тән кемшін тұстары мен артықшылықтары болады. Интерактивті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыруға, ақпараттандыруға мол мүмкіндік туындайды деп санаймын.