Анаға арналған туған күн тілегі

Oinet.kz 05-10-2020 1177

О, Ана!
Неткен ғажап есім ең!
Сен дегенде елжіреп,
Сен дегенде көсілем.
Сен дегенде шалқимын,
Болаттай жанып, балқимын.
Ақшақардай айналып,
Қыл гүліндей жайқалып,
Самалың боп аңқимын.
Сен үшін тартып тауқымет,
Найзағайдың ұшқынын
Жүрегіме шаншимын.

О, Ана!
Неткен жеңіл есім ең!
Үш әріптен құралып,
Үш жүзді жалғастырып ең.
Мәңгіге мұрағаттаулы
Баға жетпес шежірең.

Тыңдаушы, бір сәт елең ет!
Айтуға жеңіл емес пе?
“Ана” деп тіл қат, керемет!

О, Ана!
Тірегім де өзіңсің,
Жүрегімде өзіңсің,
Айтатын әркез сөзімсің.
Өзіңсің ана, өзіңсің,
Аз қызыққа мәз болған,
Көкірегіңе наз толған,
Жатқа кетсем төрімсің.
Іс бастаған оң қолдан,
Бата беріп оң жолдан,
Құлыным дейсің аймалап.
Айналайын, ана жан,
Мадақтауға тұлғаңды,
Жалықпаймын қайталап.
Дұрысымды асырған,
Бұрысымды жасырған,
Мен гүл болсам қырмызы,
Сенсің ана – жайған бақ!

Анаға арналған туған күнге тілек
Анаға арналған туған күнге тілек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу