Анаға арналған туған күнге тілек

Oinet.kz 05-10-2020 1141

Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам.
Құны мен қасиеті тозбайтұғын
Біз үшін Ана деген алтын адам.

Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,
Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті.
Орнында бар оңалар дегендейін,
Жаратқан шапағатын шашып өтті.

Әкеміз Мұрат бірақ көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы оның Сізге ырза шығар,
Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы.

Ырыс боп Түсен ата әулетіне,
Келесіз бақ боп дарып дәулетіне.
Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз,
Ананың бала деген бауыр еті де.

Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,
Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.
Мың жасап үрім-бұтақ ортасында
Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз!

Әкеге арналған туған күнге тілек
Анаға арналған туған күн тілегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу