Өзін-өзі тану. Қарым –қатынас мәдениеті
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Некрасов атындағы №9-гимназия
Мерзім:11.11.15.
Сынып: 7 «а»
Оқушылар саны: 21
Тақырып: №10 «Қарым –қатынас мәдениеті»
Құндылық:дұрыс әрекет.
Қасиеттер:әдепті болу, ұқыптылық, зиянды әдеттерден аулақ болу
Мұғалім: Абдураимова В.С
Мақсаты:оқушыларды татулық, достық, қарым-қатынас мәдениетіне үйрете отырып, дұрыс әрекет арқылы мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік:оқушыларға «дұрыс әрекет» арқылы ұқыптылықтың, ізгіліктің жағымды қарым-қатынас екенін түсіндіру. Дамытушылық:жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту; Тәрбиелілік: оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (құралдар, мәліметтер, оқулық, жұмыс дәптері,слайд) |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: «Теңіз астына ойша саяхат» ( Баяу музыка қойылады) (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Үй тасырмасын тексеру: Даниэль Дефоның «Робинзо Крузо» романынан үзінді оқып келу. Талдау сұрақтары: 1. Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Кейіпкердің сағынышының сыры неде? 3. Ол неліктен адамдар қауымына талпынды деп ойлайсыңдар? 4. Сендер оған қалай көмектесер едіңдер? 5. Қалай ойлайсыңдар,адам өмірін жалғыз өткізе ала ма? | Ескерту: 5Т-ны есте сақтау: Тәртіп Тазалық Татулық Тыныштық Талап
|
Дәйексөз. Үш-нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек. Абай Құнанбаев -Қайраттылардың қатарына кімдерді жатқызасыз? - Сіздің бойыңызда осы қасиеттердің бірі бар ма? -Жылы жүрекпен,жылы алақанның айырмашылығы неде? | |
Әңгімелеу. Екі қасқыр.(аңыз) Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып,өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз,есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен.Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен: - Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады.Оның бірі күншілдік,қызғаныш,өзімшілдік,өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе,екіншісі-сенім,шындық,мейірім,адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді.Бұл екі қасқыр сәт сайын,қадам сайын айқасып,өмір бойы күресумен болады...Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп,былай деп сұрапты: - Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып,жауап беріпті: - Сен қайсысын көбірек қоректендірсең сонысы жеңеді. Талдау сұрақтары: 1.Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері жайлы ойлайсың ба? 2.Достарыңыздың жағымды қасиеттерін қалай бағалайсың? 3.Қарияның ойымен келісесіз бе? 4.Қасқырды азықтандырды деген сөзді қалай түсінесіздер? 5.Мысалдар арқылы түсіндіріңіз? | |
Шығармашылық жұмыс. Жағдаятты талдау.Оны шеше отырып,айналаңмен жақсы қарым-қатынасқа түсудің құпиясын ашуға болады. 1. Жанар қандай да бір жарыссөзге түсер кезде, оның ойында тек қана қайткенде де қарсыласын сөзден ұту ниеті ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен,ол жеңіліске ұшырап қалатын. Себебі неде деп ойлайсыңдар? Екі адамның қарым-қатынасы жайлы сахналау, пікірлесу. 2. Бір үйдің екі қызы бар.Ата-анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды.Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи,ешнәрсеге көңілі толмай,көңілсіз жүреді.Ал, екіншісі шат-шадыман.Себебі неде деп ойлайсыңдар? Сахналау, пікірлесу. | |
Топпен ән айту. Аңса,жаным Сөзі: М.Мақатаевтікі Әні: Т.Төлендиевтікі Мен тілеймін жарқыным сен де тіле, Орнасында де жақсылық жер бетінде. Аққу тіле айдынның келбетіне, Айдын тіле аққуды тербетуге. Мен аңсаймын,сен дағы аңса, жаным, Жайлап ескен жақсыдан жан самалын. Аңса,жаным,зарығып шарша жаным, Қанша ғұмыр қалса да қанша амалың. Мен сағынсам,сендағы сағын жаным, Тек жақсылық адамнан табылғанын. Ала көзсіз,ашусыз бауырлардың, Алқам салқам аңсаймын қауымдарын. Болсадағы көңілім қанша жарым, Білінбейді солармен шаршағаным. Жайлап ескен жақсыдан жан самалын, Аңса, жаным, жабықпай, аңса жаным. | |
Үйтапсырмасы. №11сабақ .«Теректің асқақтығы». Өсиетәңгіменіоқыпкелу. | |
Сонғы тыныштық сәті. (Баяу музыка қойылады) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
Қолданылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал «Бөбек» Алматы 2010 ж
2.Өзін-өзі тану оқулығы 7-сынып Алматы 2010 ж
3.WWW Ustaz.Kz.