Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: 1) «Сөйлеуді дамыту»
2) «Қоршаған ортамен таныстыру»
3) «Экология негіздері»
4) «Мүсіндеу»
5) «Жапсыру»
6) «Сурет салу».
Тақырыбы: «Туған жерім тамаша!»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін өнімдердің, қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Қазақстанның қалаларымен таныстыру, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер мен туған ел туралы түсініктерін кеңейту.
Өз туған еліне, туған жеріне, Отанына елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Елімізден шығатын байлықтарды мүсіндеу, жапсыру, суретін салу арқылы шығармашылығын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап және ойын.
Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақстан Республикасының рәміздері, көмір, күріш, бидай, тары, ұн, қызылша, қант, мұнай, жеміс-жидектер, мақта, күнбағыс майы, көкөністер, мата.
Сабақтың барысы: Балалар шеңбер болып тұрады.
Бәрі бірге: Балбұл жанған гүл шағында
Біз Отанның ұланымыз
Бақытты елдің құшағында
Білім алу –ұранымыз!
Біз өнерге, ұлы өмірге
Гүл өмірге иеміз,
Көгімізді, көлімізді
Елімізді сүйеміз.
Балалар бүгін бізде өзгеше сабақ болғалы отыр. Себебі біздің оқу қызметімізге қонақтар келіп отыр, қане келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Жарайсыңдар балалар!
Енді орындарыңа жайғасып отырыңдар.
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-4 мезгіл ( күз, қыс, көктем, жаз)
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктері болады?
-Күн суытады, жаңбыр жауады, жел болады, күн қысқарып, түн ұзарады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі, жемістер мен көкөністер піседі.
-Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Қыркүйек, Қазан, Қараша.
-Қазір қай ай? (Қараша айы)
-Бір аптада неше күн бар? (7 жеті күн бар)
-Бүгін аптаның қай күні? (Сәрсенбі күні)
-Жарайсыңдар балалар!
Балалар сендерге Мұзафар Әлімбаев атамыздың «Туған жер» өлең шумағын оқып берейін
О, алақай туған жер!
Жақсы-ау, бақша бауларың.
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың.
Біздің туған жеріміз, мемлекетіміздің
аты –Қазақстан. Қазақстан біздің туған жеріміз. Бұл елде біз тудық, өсіп жатырмыз, балабақшаға да барамыз. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Туған жерім тамаша!» деп аталады.
-Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз Республика.
-Биыл тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болады?
- 25 жыл болады.
Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз егеменді ел! Қазақстан Республикасы- көпұлтты мемлекет.
Еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
-Елтаңба, Ту, Әнұран.
-Елтаңбаның авторы кім?
-Шәкен Ниязбеков.
-Әнұранның авторы кім?
-Н.Ә. Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
-Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала?
-Астана қаласы.
-Балалар сендер қай қалада тұрасыңдар?
-Шымкент қаласында тұрамыз.
Картамен жұмыс: Мынау балалар Қазақстан Республикасының картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген Қазақстан жері әсем, әдемі. Жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Қазақстанда әр-түрлі халықтар (өзбектер, орыстар, кәрістер, қытайлар, ұйғырлар т.б) тұрады. Орман көлдері, таулары,пайдалы қазбалары бар. (Шымкентті картадан көрсету)
Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? (Иә)
-Ендеше сендермен «Қала аттары» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Допты бір балаға лақтырып, ол бала Қазақстанның бір қаласын атайды.
-Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал.
-Жарайсыңдар, балалар Қазақстанда қалаларымыз өте көп екен. Ал біз тұратын Шымкент қаласы 14 облыстан тұрады екен.
Енді, әр қалаға тоқталып, қандай жер байлықтарының бар екенін айтайық.
Таратпа материал: Дид. ойын: «Қазақстанның байлықтары»
1) Көмір. Қарағандыда көмір өндіріледі. Көмір үйді жылытады, көмір жанады. Түсі қара, жылтыр.
2) Күріш. Қызылордада күріш өседі, жері сулы. Пішіні сопақша. Күрішпен тамақ жасайды.
3) Бидай. Бидай көптеген қалаларда өседі. Негізгісі Қостанайда. Бидайдан ұн жасайды. Пішіні дөңгелек.
4) Мұнай. Атырауда мұнай өндіріледі. Мұнайдың түрі, түсі, қара болады. Одан парафин, шамшырақ, торт безендіретін майшамдарда қолданады. Олардың бәрін мұнайдан алады.
5) Апорт алма. Алматыда апорт алма піседі. Түсі қызыл, пішіні дөңгелек.
6) Қант. Алматы облысынан қант шығады. Қантты шайға салып ішеді.. Түсі ақ.
7) Күнбағыс майы. Ақтөбе облысынан күнбағыс майы шығады.
8) Мақта. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шығады. Мақтадан мата жасайды. Түсі ақ.
9) Жемістер мен көкөністер Оңтүстік Қазақстан облысында піседі.
10) Қызылша Алматы облысында көп піседі.
Жарайсыңдар балалар, бізідің еліміз бай, өзімізден көптеген өнімідер, қазба байлықтар шығады екен.
Осы туған жеріміз, Отанымыз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
1) Мен жас ұланмын
Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.
Нұрға, гүлге толтырамын,
Өзім туған өлкемді.
2) Отаным, кең далам орманды
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймын, қорғаймын Отанды.
3) Туған жер – алтын таң,
Кең далам таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан!
4) Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Жарайсыңдар балалар! Енді тұрып бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап алайық.
Керегені құрайық,
Уық болып иіліп,
Бір шаңырақ астында
Тату – тәтті тұрайық!
Орнымызды табайық.
Ғажайып сәт: Топқа саяхатшы келеді.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен өмір бойы барлық жер
шарын кезіп келемін, ал сіздердің қалаларыңызда мүлдем болған емеспін. Сіздердің қалаларыңыздың көрнекті жерлерімен танысқым келіп келдім, маған қалаларыңызды көрсетесіздер ме?
- Ия көрсетеміз.
- Балалар, саяхат жасауға немен барамыз?
- Көлікпен.
- Көліктің қай түрімен барсақ болады?
- Автобуспен.
Шымкент қаласына саяхатқа бару, саяхат жасап, қаламыздың көрнекті жерлерін саяхатшыға көрсету.
Топқа қайту.
Шымкент қаласына саяхат жасаған ұнадыма?
- Ия, ұнады.
- Балалар, ҚР біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
Отан туралы мақал – мәтелдер білесіңдерме?
1) Отан –елдің анасы.
2) Отан – алтын бесік.
3) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
4) Отан – оттан да ыстық
5) Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Жарайсыңдар балалар! Енді осы туған жерімізден, Отанымыздан шығатын байлықтарымызды шығармашылық орталығына барып көрсетейік.
Шығармашылық, өнер орталығы
1) Мақта жапсыру
2) Бидай мүсіндеу
3) Алманың суретін салу
Саяхатшы: - Менің қайтатын уақытым болды.
Саяхатшы біздің ОҚО шығатын бидай, мақта және алмамызды, балалар өз қолдарымен жасап сізге естелікке береді.
- Рахмет, балалар сау болыңдар!
Қорытынды:
- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Жарайсыңдар, ендеше біздің туған елімізге, жерімізге, елбасымызға деген жылы лебіздеріңмен, тілектеріңмен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.
1) Күніміз жарқырай берсін!
2) Туымыз көкке желбірей берсін!
3) Елтаңбамызды әлем танысын!
4) Елбасымыз ұзақ жасасын!
5) Қазақстанымыз гүлдене берсін!
6) Жемістеріміз, дәнді дақылдарымыз көп болсын!
7) Әрқашанда тату- тәтті өмір сүрейік.