Ашық сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары
АШЫҚ САБАҚ . «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ»
Павлодар қаласы №6 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Смаилова Анар Амангелдіқызы
Қазақ тілі.4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 3-тапсырма .
2) жаңа сөздер,сөздерді септеу
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
ІV.Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Сөздікпен жұмыс
Қызық – интересное
Жігіт - парень
Қуады - догоняют
Жету керек - должен догнать
Сүйеді - целует
Соғады – будет бить
1-тапсырма. Қыз қуу.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жеті керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
2-тапсырма.Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
3-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.
Сергіту сәті
«Сақина тастау» ойыны.
V.Рефлексия : Суреттер сыры.
Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.
VІ.Қорытынды. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма
4-тапсырма
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы шағын әңгіме жазып келу.