Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бестенова Ақмарал Жандарбековна
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 11-ә
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін пысықтау.
Дамытушылық: теориялық жиған білімін практикалық жұмыстармен одан әрі кеңейту, білімдерін жинақтау, сауаттылығын, тілін дамыту
Тәрбиелік: өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Түрі: өтілген сабақты пысықтау
Әдісі, СТО стратегиялары, талдау, салыстыру, іздену
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе. Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері»
Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, гүл сыйлайды, тақтаға гүлге
оралған жүректің суретін іледі.
1. «Ой қозғау» стратегиясы
Құрмалас сөйлем туралы не білеміз?
«Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қорытындысын жасау
Екі, не көп жай сөйлемнен болады |
Құрмалас сөйлем |
аралас |
салалас |
сабақтас |
Жалғаулықты, жалғаулықсыз болады |
Күрделі ойды білдіреді |
«Жаңа сабақ» Әліпбидегі 24, 1, 3, 1, 15, 25, 1, 24 әріптерін тіркеп жазсаң
... (Сабақатас) құрмалас сөйлемнің бүгінгі тақырыбы шығады
шартты |
себеп салдар |
мезгіл |
Сабақтас құрмалас сөйлем |
мақсат |
қимыл сын |
қарсылықты |
Негізгі бөлім. Оқушыларды топқа бөлу. Парақшаларды таңдап алады.
І топ. Шартты бағыңқы, қарсылықты бағыңқы
ІІ топ. Себеп - салдар бағыңқы, мезгіл бағыңқы
ІІІ топ. Қимыл - сын бағыңқы, мақсат бағыңқы
Постерге тапсырманы жазып, қорғау.
Әр топ өз тобының атын қорғайды.
Сабақтастың түрлерінің ережесін,байланысын, тыныс белгілерін, мысалдармен плакатқа сызба арқылы белгілеп, өздері таңдап алған сабақтастың түрлерін қорғап шығады
2 тапсырма. «Ой жинақта талдаумен».
Әр топқа сөйлемдер беріліп, талдау жұмысын орындайды.
Синтаксистік талдау жасау.
1.Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған
жоқ-ты. (Ғ.Мүсірепов)
2.Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады, халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды. (С.Сарайи)
3.Шираздағы түркі аруы сүйсе мендей бешараны,
Берер едім бір меңіне Самарқан мен Бұхараны. (Хожа Хафиз)
Басыңқы компонентке
1. ... ... ... , ауырмайтын жол ізде.(С.М.)
2. ... ... ... , сөйлей-сөйлей шешен боларсың. (мақал)
3. ... ... ... , бойы өссін деп баланың.
4. ......, ... ... ... , ойы өссін деп баланың. (Қ.Ә)
5. ... ... ... , еңбектеп есікке келді.
6. ... ... ... , әкесінің қөлынан бір шие жерге түсіп кетеді
Бағыныңқы компонентке
1.Сөз жүйесін тапса, ... ... ...
2.Ұлберген кедей болғанмен, ... ... ...
3.Үйдегілер тысқа шықса, ... ... ... .
Сергіту сәті
ІІІ. Салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
1. Қазір бөгелген түйіні, қалаған тұжырымы осы еді, бірақ оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.
(Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаласқа айналдыру)
... ... ... ... ... ... ... .
2.Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққан еді, сондықтан ол астан кейін жатып демалды.
(Себеп-бағынықты сабақтасқа айналдыру)
... ... ... ... ... ... ... ... .
3.Жиналыс тым ұзаққа созылды, сондықтан біз үйге кеш қайттық.
Себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдыру
Бекіту. Тест тапсырмаларын жасау.
1.Сабақтас құрмаластың неше түрі бар?
а) үш
в) төрт
с) бес
д) алты
е) жеті
2.Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемі қалай аталады?
а) басыңқы
в) тиянақты
с) бағыныңқы
д) тиянақсыз
е) шартты
3.Қайсысы сабақтастың түріне жатпайды?
а) шартты
в) қарсылықты
с) себеп
д) мезгіл
е) түсіндірмелі
4.Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін табыңыз
а) басыңқы сөйлемнің алдында
в) басыңқы сөйлемнен кейін
с) басыңқы сөйлемнің ортасында
д) басыңқы сөйлемнің екі жағында
е) басыңқы сөйлем алдында да, кейін де
5.Қай сабақтастың бағыныңқысының баяндаушы –ғылы, -гелі жұрнағы арқылы жасалады?
а) мезгіл
в) қимыл-сын
с) қарсылықты
д) мақсат
е) себеп
6.Қандай сөйлем? Балмұздақ жегім келіп, дүкенге барғанмын.
а) қарсылықты
в) себеп
с) мезгіл
д) мақсат
е) шартты
7.Қарсылықты бағыңқы сабақтас құрмаласты табыңыз
а) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
в) Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
с) Өміріңе қауіп-қатер төніп тұрса да, ата-тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
д) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
е) Сын түзелмей, мін түзелмес.
8.Берілген сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қандай түрі?
Білгенімді айтайын деп, оны іздеп бардым.
а) қарсылықты
в) шартты
с) себеп
д) мезгіл
е) мақсат
9. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз
а) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
в) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
с) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
10.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз
а) Ол ертерек келсе екен.
в) Ал ол болса қалаға кетті.
с) Жолға шықпайынша, саған ештеңе бермеймін.
д) Қайта-қайта оқыса да, түсінбеді.
е) Кино басталса, ол ұйқыға кетеді.
Бағалау. Топпен жақсы жұмыс істеген, тапсырмаларды орындаған, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Бағалау парағы бойынша қорытынды баға.
Сабақты қорытындылау. Оқысаң Ғылым қорып, білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Сенетін біліміне кейбір жастар,
Жерлерге аяқ жетпес, аяқ басар.
(Шеңгерей Бөкеев)
Жақсы маман иесі болу үшін не істеу керек?
Сөйлемді дұрыс құра.
оқу |
керек |
маман |
үшін |
иесі болу |
жақсы |
«Ой толғаныс»
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Жұлдыздарың жарқырап, ҰБТ-те биіктен көрінулеріңе тілектеспін.
(жұлдыздар ілу)