Ғылыми жоба: Фонетиканың зерттелу тарихы, обьектісі, салалары

Oinet.kz 02-09-2020 3924

Қазақстан  Республикалық Білім және ғылым министрлігі

Қордай ауданы әкімиятының білім бөлімі

№9 Ауқатты орта мектебі

Мұғалімі: Медеуова Камшат Исагуловна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқушысы 9в сыныбы Весыр Зульфия


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 2

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК   4

1.1.  Қазақ тілінің тарихи даму жолы. 4

1.2. Қазіргі қазақ тілінің  фонетикалық жүйесі. 4

ІІ  ТАРАУ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.. 10

2.1 Қазіргі қазақ тілінің  фонетикалық жүйесі 10

2.2  Сөйлеудің  фонетикалық жақтан мүшеленуі. 12

2.3 ФОНЕТИКАДА  «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ.. 12

ҚОРЫТЫНДЫ.. 16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР: 17

 

КІРІСПЕ

Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Фонетиканың зерттелу тарихы, обьектісі салалары» атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта дыбыстар туралы  сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.Сол құбылыстардың бірі – дыбыстардың дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, қазақ тіліндегі дыбыстар мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты – қазақ тіл біліміндегі дыыбыстардың айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру,меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:

- фонетика жүйесін зерттеу;

-дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;

- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;

Зертеу нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі дыбыстардың құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Сыбызғы сыры», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «дыбыстар, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.

Ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектептің қазақ тілі оқулықтарында пароним және каламбур құбылыстары қарастырылмаған. Сондықтан да оқушылар қауымы бұл құбылыстарды мүлдем білмейді. Ал біздің бұл ғылыми ізденісіміз барысында қазақ тіл біліміндегі пароним және каламбур құбылыстарының табиғаты сипатталып, бұл құбылыстарға түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасауда практикалық тұрғыдан оқушыларға жеңілдік келтіреді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы.

Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.

Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен).


1.2. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.

Фонетика (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл – зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол – тіл дыбыстары.


ІІ ТАРАУ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі

Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - естілу)
 Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:

1)Дыбыс ырғағы.

2)Дыбыс күші.

3)Дыбыс әуені.

4)Дыбыстың созыңқылығы.

Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.

 Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.

 

2.2  Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы: Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады:


2.3 ФОНЕТИКАДА «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң-шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.

Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.

Қорыта келгенде , «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты ғылыми жобада «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің бірнеше әдіс-тәсілдері, фонетикалық жаттығулар мен балаларға арналған қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді.

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Терентьев М. «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская».-Книга І, СПб., 1875.

2. Радлов В.В. «Фонетика северных тюрксих языков» (Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы). Неміс тілінде жазылған. – Лейпциг, 1882.

3. Аралбаев Ж.А. «Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі жайында»// Кітап: Фонетика казахского языка. – Алматы, 1969. – 27-42 б.

4. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі». «Төте оқу» 1936, желтоқсан айы, №30; «Сөз үндістігі». «Төте оқу» 1937, 5 март, №7. (Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1989; «Қазақстан әйелдері», №4, 1989).

5.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж

6.Қазақ ертегілері

7.Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова,А.Құлажанова Әліппе, Алматы, «Атамұра», 2008 .-74 б

8. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?! 10-ақпан, 2009


Ғылыми жұмыс: Қазақ халқының тарихындағы Алихан Бөкейханның ролі
Ғылыми жоба: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу