Ерекше мәртебеге ие университеттің ректоры есеп беру жиынын өткізді

Oinet.kz 28-10-2020 1549

  Әр елдің дамуы білім саласының қарқынына тәуелді. Елдегі оқу орындарымен қатар халықаралық университеттердің болуы - жаһандану саясатын ұстанатын еліміз үшін зор үлес. Еліміздегі алғашқы халықаралық статусын иемденген - Түркістандағы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университі.  Оқу орнының ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов университеттегі 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру  жиынын өткізді. Оқу орнының жетістіктері, материалдық-техникалық базасының толықтырылуы, қаржы мәселесі, жалақы мөлшерінің арттырылуы, контингент саны, қашықтықтан білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы,  ғылым саласы және тағы басқа да жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстар туралы баяндалды. 

image.png

Жиынға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, облыс және қала мәслихат хатшылары мен депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер,  университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері, ата-аналар мен студенттер офлайн және  университеттің әлеуметтік желілері арқылы онлайн режимде қатысты.

Сондай-ақ, ректор университеттің стратегиялық даму жоспарымен, халықаралық рейтингте орнын көтеру, жаңа мамандықтар ашу, 2021 жылы студенттік Универсиада өткізу, оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысын көтеру және өзге де университеттің маңызды жопарымен бөлісті. 

 Дүниежүзінде орын алған індетке байланысты 2019 жылғы 16 наурыздан бастап университеттің оқу процесі толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Осыған орай, көпшілікті алаңдатқан білімгерлерге қашықтықтан білім беру сапасына да тоқтап өтті.  

image.png 

Университетте 5 жылдан бері сəтті жұмыс жасайтын Түркия Республикасының ең озық қашықтықтан оқыту жүйесі ТурТЕП негізінде қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша барлық оқу түрі онлайн жүйесіне уақтылы әрі сапалы көше білді.  

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  Жарлығымен университет Ерекше мәртебеге ие болды. Университеттің ерекше мәртебесі  үлкен академиялық және басқарушылық дербестік бере отырып, Ph.D. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін дайындауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және жеке үлгідегі дипломдарды беруге мүмкіндік берді. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын 75%-ға, қызметкерлердің жалақысын 30%-ға арттыруға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл шаралардың барлығы университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тартуға, осы аймақтың дамуына серпін беріп, оның алдына қойылған мақсаттарға жетуге ықпал етуде.

Университетте 19 елден келген 40 астам ұлыстар мен ұлттардың  1500 жуық шетел азаматы білім алады. Түркия, Болгария, Венгрия, Албания, Босния, Герцеговина, Косово, Əзірбайжан, Ресей елдерінің студенттері еш кедергісіз университеттің қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда.

Шара барысында ректор онлайн және офлайн түрінде сұрақтарға жауап берді.


«Зияткерлік» атты интелектуалды сайыстың сценарийі
Тәрбие сағат: «Ана жүрегі әлемді тербетеді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу