Қазақ тілі: Кірме және диалект сөздер

Oinet.kz 14-09-2020 1418

Кез келген тілдің сөздік құрамы үнемі өзгеріп отырады. Тілге әртүрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, моңғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.

 

КІРМЕ СӨЗДЕР

Араб-парсы тілінен енген сөздер

Моңғол тілінен енген сөздер

Орыс тілінен енген сөздер

Адам, қоғам, ғалым, білім, ғылым, мектеп, кітап, әлем, әдебиет, мәдениет, әліпби, т.б.

Жасақ, ұлыс, нөкер, жарлық, аймақ, өлке, Тарбағатай, Зайсан, Баянауыл, Алтай, т.б.

Жәшік, тәрелке, сөмке, кәмпит, бәтеңке, самауыр, зауыт, кереует, жәрмеңке, үстел, т.б.

 

Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тікұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.

Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуіл, т.б. сөздер диалект сөздер болып саналады.

 


Қазақ тілі: Көнерген және тарихи
Қазақ тілі: Кәсіби және термин сөздер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу