Ғылыми жұмыс. Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

Oinet.kz 14-02-2020 1042

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №40"ЖОББМШҚО"
Орындаушы: 8 – класс оқушысы Амантайқызы Дильназ
Жетекшісі: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Идирисова Б. Ж.

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Тіл білімі

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 – тарау Перифраза туралы жалпы түсінік
1. 1 Перифраза туралы түсінік
1. 2 Перифразаның зерттелуі
1. 3 Перифраза фразеологизмнің қомақты салаларының бірі
2 - тарау Перифразаның құрылымдық типтері
Есім перифразалар
2. 1 Ақын – жазушылар тіліндегі есім перифразалар
2. 2. Халық ауыз әдебиетіндегі есім перифразалар
Етістікті перифразалар
2. 3 Ақын – жазушылар тіліндегі етістікті перифразалар
2. 4 Халық ауыз әдебиетіндегі етістікті перифразалар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Анотация
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы мен қалыптасуына барлау жасап оның құрамы мен басқа да тілдік құндылықтармен байланысын анықтау.

Гипотеза: Қазақ тілі ұлт болмысын танытатын бейнелі тіркестерге бай. Ұлттың ментальдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттарын және қазақ тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі көркем сөздерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифразаларды да енгізуімізге әбден болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату қиын. Қазіргі қазақ ұлтының ой терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі қасаң тартып, қысқа қайрылатын сөздер мен тіркестерге ауысуда. Осындай қоладаныстан шығып бара жатқан құндылықтарымыз келешек ұрпақтарымызға жетпей қалуы мүмкін.

Зерттеу кезеңдері:
I кезең. Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттер жинау, оларды оқып танысу, талдау жасау.
II кезең. Газет – журнал материалдары мен көркем әдебиеттерден перифразалық тіркестерді жинау.
III кезең. Оларды жинаған соң тілдік талдау жұмыстарын жүргізу..

Кіріспе
Қазақ тілі ұлт болмысын танытатын бейнелі тіркестерге бай. Ұлттың ментальдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттарын және қазақ тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі көркем сөздерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифразаларды да енгізуімізге әбден болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату қиын. Қазіргі қазақ ұлтының ойы терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі қасаң тартып, қысқа қайрылатын сөздер мен тіркестерге ауысуда. Өмір ағыны, дәуір екпінінің әсерінен асығыс, қысқа да нұсқа сөйлейтін ұрпақ тілінде мәнерлілік азайып келеді. «Сөзі мірдің оғындай», «тілінің майын тамызып», «өткір тілді» шешен сөйлейтіндер бұрынғының қазағы болып есептелетіндей. Алайда жас буын келер ғасырда қалай дегенмен де ана тілінің мәйегін іздейтіні хақ. Рухани құндылық – қашанда сол ұлттың төлқұжаты.
Көркем әдебиетте тіл ерекше экспересивтік – эстететикалық қызмет атқарадады. Адамның сезіміне әсер ету үшін көркем шығармада көбінесе сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыспалы мағанада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркем әдебиет тілі – бейнелі, мәнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге әсер ететін көркем тіл болып табылады. Тілдегі көркемдеуіш құралдар – теңеу, эпитет, метафора, метонимия, гипербола, эвфемизм – бәрі де көркем суреттің, образды жасаудың, жазушының, ақынның шеберлігінің көрсеткіші.
Қазақ тіл білімінде осы көрсеткіш құралдар азды – көпті зерттелді. Зерттеушілерден оқшау қалған, арнайы зерттеу жасалмаған көркемдеуіш құралдың бірі – перифразалар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы мен қалыптасуына барлау жасап оның құрамы мен басқа да тілдік құндылықтармен байланысын анықтау.
Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді анықтау керек:
1. Қазақ тіліндегі перифразалардың лингвистикалық статаусын анықтау үшін оның лингвистикалық статусын белгілеу және осыған сүйене отырып, оған ғылыми анықтама беру;
2. Қазақ тіліндегі перифразалардың құрылымдық типтерін анықтау;
3. Ұлы ақын - жазушыларымыздың туындыларынан және халық ауыз әдебиеті үлгілерінен перифразаға талдау жасау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Қазақ тілінде перифраза мәселесі жөнінде зерттеу болмағандықтан, оған байланысты көптеген мәселелер күні бүгінге дейін жұмбақ болып келеді. Біз алғаш рет перифразаның құрылымдық типтеріне және фразеологиямен байланысын анықтадық.

Зерттеудің тәсілдері:
Зерттеуде бірнеше тәсілдер қолданылады: сипаттау тәсілі, түсіндіру және баяндау тәсілі, салыстыру тәсілі.

Тілдік материалдың сипаттамасы:
Зерттеу материалдары көркем әдебиет материалдарынан алынады. Олар Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев туындылары мен мақал мәтелдер, жұмбақтар, естірту, жоқтау, көңіл айту үлгілері және толғаулар.

Зерттеу жұмысының құрылысы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім бұл бөлім екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
1 – тарау Перифраза туралы жалпы түсінік
1. 1 Перифраза туралы түсінік

Бүгінгі зерттеліп отырған перифраза дегеніміз не? Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді.[1. 3] Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры» «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды – экспрессивті баға беру үшін қолданылады. Сондай – ақ, кітап деудің орнына «жан азығы» деп атай отырып, жазушыларды «жан азығын өндеушілер», «адам жанының инжинерлері» деп ауыстырып атаудың өзіндік мақсаты, атқаратын қызметі бар. Бұл, біріншіден, стильдік мақсатта айтылып тұрса, яғни бір сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау үшін, бір ұғымды түрлендіріп әрқандай атаулармен атап, жалпы мәтінің көркемдігін арттыру болса, екіншіден, перифразалар заттың, кейіпкердің қасиетін, ерекшеліктерін баса көрсетуде, уақиғаны суреттеуде образдылық жасап, айтылған ойдың әсерлілігін арттырады, сонымен бірге автордың субъективті сезімдерін білдіру үшін қолданылатын стильдік тәсіл болып табылады.
Айтылған сөзімізге дәлел болу үшін мысалы халқымыздың ұлы ақыны Жамбыл туралы зерттеу еңбектерін алып қарасақ Жамбылдың атын бір жерде ақын деп, қарт ақын, ұлы ақын деп, қарт жыршы, қазақ халқының ұлы перзенті деп, ұлы махаббат жыршысы деп, Алатаудың асқақ жыршысы, ХХ ғасыр Гомері, екі ғасыр куәсі, ақындардың атасы, жыр алыбы тағы басқа деп ауыстырып көрсетілген. Мәтіндегі нұсқасымен көрсететін болсақ «... Ұлы махаббат жыршысы құбылысқа, көрініске өзі жүрген ортасына салқын қанды қарай алмайды... Сондықтан ақын көргенін көрген жерде – ақ өз тұрғысынан, өзінің идеалық позициясынан бағалайды... Бұдан басқа Жамбылда басқа көзқарас жоқ. Мұндай тұста қарт жыршы албырт жанды жігіт сезіммен қабыл алған әсерін қайта атқарған сөздің де адал сырға өткір, ұшқыр тіл боларлық жандысын, жарығын төгеді.... Поэзияның осындай қорығын, ұйығын, әрбір сөзді кристалдай өткір қырланған тұлғаларынан кесек – кесек алтындар шығады.»[2. 55]
Осыдан көріп отырғанымыздай, перифразалық тіркестер ақынның атын қайталап айта бермес үшін, тек стильдік мақсатта қолданылып отырған жоқ, сонымен бірге Жамбылдың ерекшелігін, қайраткерлігін әр тұсынан көрсетіп, оның ерекше өмірін, талантын, көп жасаған суреткерлігін, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны мен басқа ұлттардың поэзиясына тигізген әсерін айтып тұр.
Қазіргі кезде перифразаларды көп қолданылатын сала публицистика (яғни «газет тілі») болып отыр. Баяндауда стильді «әрлендіріп», мәтінге «өң беру» мақсатында астарлы сөздер мен сөз тіркестері қоланылады. Мысалы еңбек екпінділері жайында мәтіндерден комбайшы, тракторшы қыздарды дала тоғайлары, егін ерлері, бейбіт күннің мәншүктері, әлиялары, ел ішінің төл перзенттері, темір тұлпар мінген арулар деген сияқты перифразалық тіркестер егін жинау науқаны кезінде және мейрам кездеріндегі репортаждарда айтылу себебі әсіресе салтанаттық реңк беру үшін деп баса айтқан жөн. Немесе мынадай: «Сарыарқа төскейі қайта құрудың қоңыр самалымен терең тыныстап...» деген перифразалық орамының өз мағынасы «Сарыарқада қайта құру жүріп жатыр» деген болуға тиіс қой. Неге өз мағынасында айтылмай, ауыспалы мағынада қолданып тұр деп, перифраздап қолданудағы себептерін қарастыратын болсақ, бұл біріншіден, көркемдік үшін, көтеріңкі леп, айрықша сезіммен айтылуы мүмкін; екіншіден асырып айтуы үшін, құр әсірелеп айтылуы мүмкін.
Сөйтіп перифразалардың қолданылу аясы көркем әдебиет, сөйлеу тілі, публицистика болып табылатындығына көзіміз әбден жетті. Перифраза және мәтінде ерекше реңк беріп адамның сезімін баурап қызығушылықты одан әрі оята түседі.

1. 2 Перифразаның зерттелуі
Тіл білімінде Потебня А. А: «перифраза дегеніміз суреттеу атау» («перифраза - описание») [3. 217] деп анықтама береді. Швейцариялық ғалым Ш. Балли перифразаға берген анықтамасында «қайта айтып беру, (повт) қайтып айтып берудің кеңейтілген түрі» [4. 125] Қазақ тіл білімінде осы ойды айтқан З. Қабдолов «қайта айтып беру»[5. 242] дейді; Ә. Болғанбаев өзінің «Синонимдер сөздігі» атты оқулығының кіріспесінде перифразаны былайша сипаттайды: «Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Мұны кейде перифраза деп те атайды. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру [6. 5]десе, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томановтар, Б. Манасбаевтардың құрастыруымен шығарылған еңбегінде перифразаларға «перифразаның ерекше бір түрі - эвфемизм»[7. 8] деп анықтама береді. Расында да эвфемизм дегеніміз жағымсыз заттарды сыпайылап, жұмсартып айтуды көздейді, ал перифразалар белгілі бір ұғымды әдеттеліден басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіріп айту болып табылады. Бұл жердегі бір айырмашылық эвфемизм жағымсыз заттарды сыпайылап айту болса, ал перифраза барлық зат атауларына, құбылыстарға тән ұғым, мәселен өтірікші деген сөзді басқаша аузының желі бар, ұры деген сөзді қолының жымқырысы бар, өлді дегенде келмеске аттану, о дүниеге аттану, өсек дегенді сымсыз телефон, ұзын құлақ деп ауыстырып айтуда перифразаны молынан қолдануға болады. Сонымен, біз Ә. Болғанбаевтың айтқан осы пікіріне сүйене отырып перифраза мен эвфемизмдерді бір – бірімен байланысты ұғымдар деп қарастыруымызға болады.
«Қазақ тілі. Энциклопедиясында» перифразаға: «Перифраза (ағылшын раraphrase) – сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраза затты, процесті, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образды түрде сипаттау, анықтау»[8. 259]деп анықтама береді.

Қазақ тілі. Буын түрлері
Ғылыми жұмыс. Домбыра.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу