2026 жылдан бастап шетелден әкелінген көліктердің бағасы күрт көтерілмек
Қаңтарда шетелден әкелінген көліктердің бағасы бірден 4% көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Авто сарапшылардың айтуынша, шетелден келген көліктердің күрт қымбаттауы қосымша құн салығының 16% өсуімен байланысты. Сол себепті Қазақстанда жиналған темір тұлпарлардың құны өз қалпында қалуға тиіс дейді. Өйткені отандық көліктерді саудалағанда оларға қосымша құн салығы жоқ. Дегенмен нарықтағы сұранысқа байланысты ол да қымбаттайды деген болжам бар.
“Салықтың өсуі бірінші кезекте Қытайдан кіріп жатқан көліктерге әсер етеді. Себебі қазір жекеменшік тұлғалар көбіне сол мемлекеттен заңды, көлеңкелі жолмен де тасып жатыр. Ресми дүкендеріндегі баға да қымбаттайды. Бірақ екінші нарықтағы, яғни айдалған машиналардың да, Қазақстанда жиналған көліктердің де құнына салық еш әсер етпейді”, – дейді сарапшы Алексей Алексеев.


