Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Украина бойынша келіссөздер процесін қолдайтынын айтты

Oinet.kz 12-12-2025 44

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты. Жиында Тоқаев Қазақстанның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін айтты. 

Screenshot_15.jpg

Тоқаевтың сөзінше, бұл үшін Біріккен Ұлттар ұйымына мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды. 

Президент еліміздің Түрікменстан президентінің Біріккен Ұлттар ұйымы бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.

“Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты”, – деді президент. 

«Тәуелсіз Қазақстандағы сайлау және саяси бәсекелестік» атты дөңгелек үстел өтті
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу