Тәрбие сағат: Ұстаз — мектептің жүрегі

Oinet.kz 14-09-2020 1058

Мақсаты:  Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.


Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар, гүлдер.


Өту барысы:


Мұғалім:


Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз — мектептің жүрегі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.

Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.


— Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

— Ыбырай Алтынсарин.


— Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.  Сол жылдан бері қазіргі күнге дейін, 149 жыл бойы бала өміріне жауапты мамандықты таңдаған аяулы ұстаздарымыз тынбай еңбек етуде.


І  жүргізуші:


Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.


II  жүргізуші:


Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,

– деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы…


БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!


Ән:  «Ұстазыма»


І  жүргізуші:


Мұғалім:  – Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.


II  жүргізуші:


Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті қонақтар, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І  жүргізуші: Шынымен де, мен де осы сөзің дәлелді бола түсуі үшін мына жыр шумақтарын қосайын:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән  ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!


ІІ  жүргізуші:


Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

I  жүргізуші:


Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


ІІ  жүргізуші:


Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.


1-оқушы:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.


2-оқушы

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың


3-оқушы:


Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.


4-оқушы:

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар


5-оқушы:

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!


6-оқушы:

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың


7-оқушы

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға


8-оқушы

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.


9-оқушы

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


10-оқушы


Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

11-оқушы:


Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең


12-оқушы:


Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды.


13-оқушы:


Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.


14-оқушы:


Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.


I  жүргізуші:


Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.


«Бипыл-ай» биі сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!


IІ  жүргізуші:


«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.


I  жүргізуші:


Балалар, сендер білесіңдер ме, 2010-2011 оқу жылдарында Актөбе облысындағы мұғалімдердің жалпы саны 14 312 адам құрады және 2009/2010 оқу жылымен салыстырғанда 1,3 % өсті. Сонымен бірге бір мұғалімге орташа есеппен 8,2 оқушыдан келіп тұрды

IІ  жүргізуші:


Ия, ал 2012-2013 оқу жылында 456 жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасады, Сондағы мұғалімдердің жалпы саны 15 955 адам, олардың ішінен 82,9 % (13228 адам) жоғары білімі бар екен. Осы сандардың ішінде біздің мектептің де асыл ұстаздары бар. Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән: «Мұғалім – ол бізідің»


I  жүргізуші:


Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

IІ жүргізуші:

Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар?

Мұғалім:


Алдыңыздағы жазылған нөмірлер бойынша тақтадаға гүлдерді алуыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.

«Сыр – сұхбат» сұрақтары:


Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?

«Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?

Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?

Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?

Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.

Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?

Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?

Мұғалім:


Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге дән ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына «смайликтер» арқылы көрстіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.

(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)


I  жүргізуші:


Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан


IІ  жүргізуші:


Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар


I  жүргізуші:


Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын


IІ  жүргізуші:


Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.


Ән «Ұстазым»


М –мейірімді    Ұ— ұлағатты     Ғ-ғазиз      А-ақылды     Л— лайықты     І-іскер     М— маман


Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Тәрбие сағат: Жаман әдеттен жирену
Тәрбие сағаты: «Денсаулық - зор байлық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу