Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты ұстану мәселелері көтерілді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметкөрсетужүйелеріүшінеңмаңыздыміндет болып табылады. 1992 жылғы 5 мамырдағы Еуропа кеңесі Ассамблеясының 44-сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік дене, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа да кедергілерге байланысты адамның қоғамның дені сау мүшелері сияқты болуына мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. Қоғам – өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. Мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-психолгиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер халықтың аз ынталанған тобына жататындықтан қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалғандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты.
Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады. Мұндай мәселелердің алдын алу тек әлеуметтік саясат емес тұрғындардың бұл мәселені шешуде бірігуі қажет. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үй, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.) байланысты мәселелерді мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың елдің мемлекеттік саясаты арқылы шешудің маңызды жолы болып есептеледі. Ал мүгедектік мәселелерін шешу аспектісі ретінде мүгедектерге қатысты заңдылық Қазақстан Республикасының Конституциясының және «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» базалық заңның ерекшеліктеріне негізделеді. Мүгедектер өмір сүруінің түрлі саласындағы қоғамдық қатынастарды басқару үшін сәйкес арнайы заңдылықты актілер қабылданған, сонымен қатар мүгедектердің дәрежесі «салалық» актілерде көрсетілген. Заңғасүйенеотырып, мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жолындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асырылу жолдарын қарастырамыз.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы құжатында әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалақ денсаулығының мүмкін болатын дәрежесіне қол жеткізуіне құқығы бар екендігі атап көрсетілген. Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын тұтасымен қамтитын құжат - БҰҰ қабылдаған «Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттары ережесі» болып табылады. Бұл құжатта – өмір сүру ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, сонымен қатар аурусыз, қиналмай өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылды.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң 1991 жылдың 21 маусымында қабылданды. Осы заңда мүгедектік «дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршілік етуінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін жағдай» ретінде түсіндіріледі. Сондайақ, осы заңның 1-бабында «адамның тіршілік етуінің шектеулігі оның өзіне-өзі кызмет етуі, жүріп тұруы, бағдары, қарым-қатынасы, өзінің мінез-құлқына бақылау жасауы, сондайақ еңбек қызметімен айналысу қабілеті мен мүмкіндіктерінен толық немесе ішінара айырылуы» делінген. Әр мемлекетте мұндай мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар бар. Қазақстанда тумысынан мүгедек болған немесе өмір барысында әртүрлі жағдайларға байланысты мүгедекке айналған адамдармен қоса Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына қатысқан, полигон зардабын шеккен, т.б. жағдайларда мүгедек болған адамдар бар. Халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын» қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді. Осы конвенциямен бір уақытта оның Факультативті протоколы қабылданды. Осы конвенцияда мүгедек әйелдер мен балалар туралы былай дейді: «Қатысушы мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Қатысушы мемлекеттер әйелдердің жан-жақты дамуын, жағдайының жақсаруын және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін, олардың осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды».
Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыруы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Мүгедек балаларға қатысты барлық ісқимылдарда бірінші кезекте баланың жоғарғы мүдделеріне көңіл бөлінеді.
Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жастары мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты жүзеге асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.
Осы конвенция қатысушы мемлекеттерге қатысты мынадай жалпы принциптерді бекітеді:
адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу;
кемсітпеу;
қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;
мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау;
мүмкіндіктер теңдігі;
қолжетімділік;
еркектер мен әйелдердің теңдігі;
мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеу болып табылады.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесіне:
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар);
әлеуметтік қызмет көрсету (протездеу және протезді-ортопедиялық, сурдо және тифло құралдармен қамтамасыз ету, басқа да реабилитациялық қызмет көрсетулер) кіреді.
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғауға негізделген әлеуметтік саясаты олардың құқығын толығымен сақтауға негізделеді. Әлеуметтік көмекке кепілділіктің берілуі жүйелі түрде, кешенді әлеуметтік, медициналық кәсіби оңалтудың қамтамасыз етілуін, мүгедектігі бойынша кемсітілуге жол берілмеуін қамтамасыз етеді.
Мүгедектерге өмірде қиындық келтіретін кедергілер:
денелік шектеулер, ақыл-ой, денелік басқа да кедергілер мүгедектің өздігінше кеңістікте қозғалуын қиындатады;
еңбектік шектеулер, патологиялық жағдайына байланысты мүгедектің жұмыс орнына бару мүмкіндігінің қиындауы немесе тіптен болмауы;
аз қамтамасыздандырылғандық, әлеуметтік-еңбектік шектеулердің салдарынан төмен еңбекақымен күнелтуге немесе абыройлы түрде өмір сүруге мүмкіндік бере алмайтын төлемдерге қарап қалу;
кеңістіктік-орталық, қоршаған ортада еркін түрде қозғалуға жағдайлардың жеткіліксіздігі;
ақпараттық, өте маңызды жалпы ақпараттар мен жеке өздерінің өміріне тікелей қатысы бар ақпараттарды алудағы кедергілер;
эмоционалдық, бір жағынан қоршаған ортадағы адамдардың таңдана, күлкімен, мүсіркеумен, қорқынышпен қарауы, екінші жағынан мүгедек адамның өзін аяуы, қоршаған адамдарға өшпенділікпен қарауы, өзінің жағдайына біреулерді кінәлау, оқшаулану, аса қамқорлықты күту т.б. сияқты екі жақты түрде көрінеді;
коммуникативтік шектеулер, дене мүшесіндегі кемістіктердің негізінде шектеулердің болуынан, эмоционалдық тұрғыдан қорғану мақсатында оқшаулану, ұжымнан шеттеп қалу, қалыпты ақпараттардың жеткіліксіздігінен болатын толыққанды қарым-қатынас жасаудың бұзылуы.
Қазақстандағы жағдай бүгінгі күні мынадай: мүгедектерге қоғамның кейбір салаларында кемсітетін жағдайларға тап келуге тура келеді: қоғамдық ғимараттар, көлік және байланыс құралдары олардың жүріп тұруына бейімделмеген. Қоғамда мүгедектерге материалдық және әлеуметтік жағдайлардың жасалуы әлі де болса жеткіліксіз. Оқып-үйрету және еңбекке орналастыруда қазіргі уақыт талабына сай келмейтін біліктілік стандарттары мен өлшемдер қолданылады, бұл мүгедектердің әлеуметтік жағынан оқшаулануына алып келеді. Сонымен қатар қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер алуда мүмкіндіктерді таңдау шектелген. Олар шектелген әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық және білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың, әсіресе жастар арасында қазіргі кезеңде кеңінен тарап отырған мәселелердің бірі жалғыздық, өзін өте төмен бағалау, өзінің кемістіктеріне байланысты қоғамнан шетке шығып қалғандай сезіну, психологиялық және физикалық тәуелділік және өз қиыншылықтарын айта алмай қыйналушылық, сексуалдық сипаттағы және отбасылық өмірдегі мәселелер, баланы өмірге әкелудің медициналық тұрғыдан мүмкін еместігі т.б. Мүгедектер ұдайы мемлекет назарында бола тұрса да, олардың мұңы азаймай келеді. Әрбір әлеуметтік объектіге немесе тұрғын үйге мүгедектер жете бермейді. Синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен нұсқағыштар, негізінен, орталық көшелерге орнатылған. Барлық қоғамдық орындарда жеделсаты (лифт) қондырылмаған. Қала көшелерінде бөгде адамның көмегінсіз жүрген мүгедектерді кездестіре алмайсыз. Өйткені, олар қоғамдық көлік қызметтерін пайдалана алмайды, биік тротуардан өзі түсіп немесе бағдаршамдары дыбыс дабылдарымен жабдықталмаған көшені кесіп өте алмайды. Есту және көру бойынша мүгедектердің көпшілігі радио мен теледидарлардағы ақпараттық және көркем бағдарламаларға қолы жете бермейді, кітапханалар арнайы қаріп пайдаланылған әдебиеттермен қамтамасыз етілмейді. Көптеген тұрғын үйлерде мүгедектер арбаларын түсіру және көтеру үшін бейімделген жеделсаты мен пандустер жоқ, сол себепті қамкөңіл жандардың өз беттерімен дүкен, аурухана, дәріханаларға баруға мұршасы жетпейді. Бос уақыттарын өткізу және демалу нысандарын жиі пайдалану мүмкіндігіне де қол жеткізбей келеді.
Кей жағдайларда туғаннан бастап мүгедек адамдарға қарағанда, өмірде кенеттен мүгедек болып қалған адамдардың денелік, психологиялық күйлері олардың терең күйзелістерге ұшырауына алып келеді.
Әлеуметтік-мәдениоңалтудыңмаңыздыфакторларының бірі мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жақын микроәлеуметтік ортасы. Әлеуметтік жұмыскер кеңес беруші, мүддесін қорғаушы т.б. ретінде отбасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіруге, орын алып отырған мәселелерді шешуге көмектеседі.
Елімізде қазіргі уақытта мүгедектерге жасалатын қамқорлық аясы кеңіп, олардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға мән беріліп келеді. Осы мақсатта көптеген іс-шаралар қолға алынып, жұртшылық сол қолдаудың шарапатын көре бастады. Сол жұмыстарды жүйелейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Әрине, бұл істердің барлығы көпті көзайым етерлік ауқымды жобалар екені белгілі. Осыған қарамастан, мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты проблемалар әлі де кездесіп отыр.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудегі келесі бір маңызды аспектінің бірі оларды әлеуметтік қолдаудың тепе-тең жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе материалдық қамтамасыз етуді жақсарту, оңалту, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар жайында болып тұр. Бүгінде мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру үш деңгейлі болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар, еңбек өтілі мен табысына қарамастан, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, ал зейнет жасына жеткен кезде қосымша базалық зейнетақы төленуде [2]. Елбасының тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері кезең-кезеңмен жыл сайын 9% арттырылды. 2020 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарын орындау үшін 2015 жылға қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттыру көзделіп отыр [3].
2009 жылдан бастап мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жұмысы басталды. Біріншіден, мемлекет тарапынан кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер түрін анықтау және олардың стандарттарын жасау міндеті қолға алына баста- ды; екіншіден, әлеуметтік қызметті көрсететін мекемелердің жаңа институциялық базасын жасақтау, үкіметтік ұйымдарды кеңінен тарту, осылайша құрылған жаңа база негізінде қызмет көрсету нарығын кеңейту мәселесін қолға алу қарастырылған; үшіншіден, стандарттар негізінде қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу; төртіншіден, әлеуметтік қызметкерлер институтын қалыптастыру қаралған. Реформа 2017 жылға дейін жүзеге асырылатын болады. 20092011 жылдары, дайындық кезеңі, оңалтудың жалпы қызметтерінен арнаулы әлеуметтік қызметтерге өтуді қамтамасыз ететін заңнаманы жетілдіру және оларды қолданысқа енгізу; 20122014 жылдары, бұл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді монополиядан шығару және 20152017 жылдары, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің толыққанды нарығын құру.
Мемлекетке ресми мүгедек болып танылғандар санының артуы тиімсіз. Салыстыру үшін айтар болсақ, еуропа елдерінде халықтың 10%, ал, көрші Ресейде 9%, Қазақстанда барлығы 3% мүгедектік алған адамдар бар. Германияда жәрдемақы тек еңбекке қабілеттіліктерін 60 пайызға дейін жоғалтқандарға төленеді екен. Мүгедектік мәртебесін алғандар өмір сүруге қажетті жабдықтармен, қоғамдық көлікте тегін жүру, жұмысқа орналасуда жеңілдіктер секілді мемлекеттен әлеуметтік көмек ала- ды. Бізде мүгедектіктің халықаралық жіктеуі енгізілген жағдайда мүмкіндігі шектеулі деп ресми танылған адамдар санының екі есе өсуі әбден мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойылғанға дейінгі мүгедектерге салқын көзқарас өзгере қойған жоқ. Сондай-ақ, олардың құрамы бойынша алаңдатарлық жай бар. Яғни, бірінші, екінші топтағы мүгедектердің үлес салмағы 60 пайызды құраса, оның 70 пайыздан астамы – еңбекке қабілетті жастағылар. Әрбір бесінші бала мүгедек десек, бүгін балалардың 32,6 пайызы – тумысынан кемтар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемінің 50% артатындығын хабарлады. Бұл процесс екі кезеңде жүзеге асырылады. 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап
12%, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25% ұлғаяды. Мысалы, егер І топтағы мүгедек жан 25378 теңге жәрдемақы алатын болса, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл сома 38028 теңгеге көтеріледі немесе 50 %-ға өседі. Ал, оған тағы да арнайы мемлекеттік жәрдемақылар қосылатынын есептесек, онда ол 40 мың теңге алатын болады [4].
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат келесі принциптердің:
заңдылықтың, гумандылықтың, адам құқығын сақтаудың маңыздылығы;
әлеуметтік қорғаудың кепілдігі, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың қол жетімділігінің қамтамасыз етілуі;
басқа азаматтармен бірге мүгедектердің денсаулығын сақтауға, білім алуға, еңбек етуге, іс-әрекет түрін еркін таңдауға еріктілігі;
мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, адам құқығын және мүгедектердің заңды мүдделерін қорғаудағы өзара әрекеті;
мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікке тиым салу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда нарықтық қоғамның дамуы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстың мәнінің, әдістерінің, технологиясының жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. Адамдық потенциал мен адам ресурстарын дамытуға, адамдық капиталға қаржының салынуына мән берілуі әлеуметтік жұмыстың объектілеріне қатысты серіктестікке негізделген қарымқатынасты дамытуды талап етеді. Оларды коғамнан бөлмей, мүсіркей қараудың орны- на қоғамның құқылы азаматы ретінде барлық жағдайлардың жасалуына назар аударған жөн. Қоғамның мүсіркей қарауы олардың басқа адамдармен тең дәрежеде емес екендігін мойындаумен тең. Қоғам – мұндай қатынастардан айырылмайынша мүгедектердің өздеріне деген сенімдерінің қалыптасуы қиын жағдай.
Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік көмек және қамқорлыққа алу әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды компонеттері болып табылады. Мүгедектердің азаматтармен тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ақтаудың комплексті бағдарламасын жүзеге асыру қажет. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заңында мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау, жұмыс берушінің мүгедектерді әлеуметтік қорғау ісіне қатысуы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері жайында айтылады [5]. Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен ете- не араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды [6].
Қазақстан Республикасында халықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, есептеу және төлеу болып табылады. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондайақ мүгедек болған уақыттағы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтайды.
Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айрылған кезде және жасы- на байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем.
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдары Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынанегізделеді. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айрылған жағдайда жасалатын түрлерін атап көрсетуге болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау мемлекеттің азаматтық қоғамды қалыптастырудың белгілері болып есептеледі. Азаматтық қоғамды ортақ мақсатқа жету үшін – адамдардың өзара бірлесуі ретінде қарастыруға болады. Мұнда қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуде мемлекеттік емес ұйымдардың, діни және кәсіби ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа да топтардың белсенділігінің артуы маңызды. Адамдардың басына түскен қиыншылықтар, тұрмыс тауқыметі, отбасыдағы зорлық-зомбылық, жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдыры сияқты мәлелелерге қатысты қоғамның салғырттық танытпауы, жеке адамдардың, топтардың азаматтық қолдау көрсетуі өте маңызды. Мұндай қоғамның әлеуметтік қауіпсіздікті сақтауға мүмкіншілігі бар. Франкфурттық мектептің өкілі Э. Фромм «дені сау қоғам» мен «ауру қоғамның» айырмашылықтар туралы айтқанда бұл қоғамдардың мәдени күйінің азаматтардың қалыптасуына тікелей әсері бар екендігін айтады. Ол «адамның ең керемет қасиеттері мен ең жек көрінішті сипаттамалары оның өзгермейтін биологиялық табиғатының ғана бөлігі емес, сонымен қ атар адамды қалыптастыратын әлеуметтік процестің нәтижесі», – деп көрсетеді. Жоғары мәдениетті қоғам барлық азаматтардың сапалы өмір сүруіне, моральдық климаттың жағымды түрде қалыптасуына, адамгершілікке негізделген мінез-құлық үлгілерінің орын алуына мүмкіндік береді. Мұнда қоғамның қалыптасуына тек қана мемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдар және барлық саналы азаматтар үлес қосуы тиіс.
Қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе бұл – мүгедектікке ұшырау қатерінің алдын алу яғни еңбек ресурсын сақтау екені сөзсіз. Бүгінде бұған қатысты мынадай шаралар қарастырылып отыр: ұлт денсаулығын нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологиялардың таралуын азайту, бұл негізінен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты болғанымен, міндетті түрде басқа да мемлекеттік басқару органдарының белсенді әрекетін қажет етеді; кәсіптік ауру- лар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу; еліміздегі жол-көлік апаттарының санын азайту; мониторинг жүргізу, болжау және мүгедектікті азайту жолдарын анықтау.
Мүгедектікке ұшырау көп жағдайда кәсібіне қатысты қалыптасатын аурулармен және өндірістік жарақаттармен байланысты. Ағымдағы жылдың 1 қазандағы мәліметі бойынша еңбекке жарамды жастағы мүгедектер арасында өндірістік жарақаттанумен байланысты адамдардың үлесі – 1%-дан асып отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін адамдардың саны шамамен 323 мың, ал оның 79 мыңы әйелдер екен. Бұл, әлі де болса, осы салада кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттану қатерінің жоғары екенін байқатады. Бұл жағдайды жақсарту үшін Министрлік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын бейімдеу және енгізу бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мұнымен қоса, еңбек ету қабілетінен айры- лу қатерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту жүзеге асуда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ынталандыру шаралары қабылданып отыр. Ынталандыру шаралары 2010-2012 жылдарға арналған «Лайықты еңбек» бағдарламасын; «Ұжымдық шарт жасаңыздар» республикалық акциясын іске асыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауын өткізу барысында үнемі жетілдіріле түсуде [7].
Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету және оларды кәсіби оңалту шаралары кәсіби бағыттауды; кәсіби білім беруді; жұмысқа орналастыруды қамтиды.
Жергілікті атқатушы органдар:
мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы көлемінде бекітуді;
мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын, жеке кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сонымен бірге әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды;
оларды кәсіби оқыту арқылы жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңының 32-бабында бейнеленген. Осы заңға сәйкес, келесі пункттерді бөліп көрсетуге болады.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына отыз алты сағаттан көп емес жұмыс уақытының қысқартылған түрі қамтамасыз етіліп, жыл сайын қосымша он бес жұмыс күніне дейін созылатын ақы төленетін демалыс беріледі.
Түн мезгіліндегі жұмыс мүгедектің келісімі арқылы және оның денсаулығына зиянын тигізбейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Еңбек келісімін жасаудан бас тартуға немесе қызмет бабы бойынша көтерілуіне мүмкіндік бермеуге, жұмыс берушінің инициативасы бойынша жұмыстан шығаруға, мүгедекті оның келісімінсіз басқа жұмысқа жіберуге болмайды. Мұндай жағдайда тек қана халықты әлеуметтік қорғаудың құқылы органдарының территориялық бөлімшелерінің шешімі бойынша мүгедектің кәсіби қызметінің оның денсаулығына немесе басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші еңбек ету барысында жарақат алған немесе жұмыс берушінің кателігінің негізінде кәсіби аурулармен ауырған мүгедектерге жағдай жасап, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы негізінде жұмыс орындарын арнайы құралдармен қамтамасыз етеді әрі олардың жұмыс орнына қиындықсыз кіруіне мүмкіндік жасауы тиіс.
Жұмыс беруші осы заңның негізінде өзінің құралдары арқылы мүгедектерді кәсіби жарақаттардан, кәсіби аурудан (оның қателігі негізінде) сақтандырып, кәсіби оқуын немесе қайтадан оқуын, олардың жұмысқа орналасуы үшін арнайы жұмыс орындарын жасауды қамтамасыз етеді [8].
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік әлеуметтік қорғау саясаты және еңбек ресурстарын сақтау ретке келтірілген. Мұны соңғы елбасы Жолдауынан байқауға болады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңындағы өзгертулер мен толықтырулар дәлел болады.
Бұл іс, біз әлеуметтік жұмыскерлердің нәтижелі жұмыс жүргізуге мотивация болып саналады.
«Дағдарыстар арқылы жаңару мен дамуға» атты халыққа арналған Жолдауды Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді азаматтық позициядан көрінуге шақырады. Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі уақытта адмдарға қиындықты қалай жеңу керек екендігін көрсетуде «кеңесші» болуы тиіс, – деп атап көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау, қолдау көрсетуде олардың қолжетімді ортасын қалыптастырудаң маңызы зор. Қазіргі біздің қоғамымызда мүгедектердің көшеде қозғалуы, қоғамдық орындарға, бір жерден екінші жерге баруы қиындықтар туғызуда. Мекемелерге, сауда нүктелеріне баратын кезде мүмкіндігі шектеулі жанның жанында алып жүретін дені сау бір адам міндетті түрде жүру керек. Бұл отбасы мүшелеріне кедергі болады. Себебі қазір көптеген мекеменің пандустары стандарттарға сәйкес келмейді. Кейбір пандустардан мүгедек емес дені сау азаматтың өзі шыға алмайды. Мәлеле теке пандустарда емес, сонымен қоса қарапайым бардюрлер, есіктің табалдырықтары да мүгедек жанның кіріп шығуына кедергі болады. Бұл мәселені шешу үшін жаңадан салынып жатқан тұрғын үй немесе құрылыс объектіліріне стандарттар негізінде салынуын қадағалау керек. Тек пандус, бардюрлер емес әжетхана, лифт және тағы басқа нысандар. Сонымен бірге, әлемдік стандарттарға қарау қажет. Бүкіл әлем ғимараттар, құрылыстар, көшелер, саябақтар және гүлзар салу кезінде бірегей дизайн пайдаланады. Бізге мүгедек арбасымен жүретіндер үшін жағдай жасалса, басқа азаматтарға да ыңғайлы бола алады. 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі басталар алдындағы сауалнамалық-тексерулер нәтижесінде, елімізде 24 мыңнан астам пандустар салынса, соның 16 мыңнан астамы пайдалануға жарамсыз деп табылды. 2012-2018 жылдарға арналған іс-шараның басты мақсаты мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Қазақстан Республикасының заңдарына сараптама жасасақ, «мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасы» деген анық түсінік жоқ. Сондықтан осы іс-шара қаншалықты сапалы орындалатынын анықтау мүмкін емес. Дамыған елдердің заңдарынан біздің заңдарымыздың ерекшелігі, нақты мүгедек жанға бағытталмаған, жеке тұлғалылық жоқ. Елбасымыздың Жолдауындағы «Қазақстан кедергісіз аймақ болуы керек» деген сөзі, 2050 стратегиялық жоспарымызға сай, бізде де ұмытылып отырған алдыңғы қатарлы 30 елдердегідей «жалпыға ортақ дизайн» нормасы қүнделікті өмір сүру өлшеміне айналуы керек деген түсінік. Ал, осы саясаттың өлшемі мүгедек жандардың өмір сүру ортасының: тұрғын үй, көлік, коммуникациялық және ақпараттық ортадағы қолжетімділіктің сапалы болуы. Кедергісіз аймақ немесе «жалпыға ортақ дизайн» – балабақшаларда тәрбиелеуден бастап, оқып білім алуда, демалып, спортпен айналысуда, қайта кәсіби даярлауда, ашық нарықта еңбек етуде, жалпы барлық өмір саласында инклюзивтікке жетуіміз керек деген ұғым.
Елбасымыз айтқандай, еңбек етуге қабілетті және құлшыныстары бар мүгедек жандарды жұмыспен қамтып, олардың қоғам өміріне араласып, әлеуметтенуіне мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдар болып мүмкіндік жасаймыз десек, ең бастысы, бейімделген көлікпен жұмысқа барып келу мәселесін шешу болмақ. Ал бұл мәселе тек жүйелі түрде: қоғамдық көліктер аялдамасының инженерлік-техникалық инфрақұрылымның бейімді болуынан бастап, жолаушылар көлігінің жылжымалы құралымдарының арнайы жабдықталуымен, жүргізушілерден бастап басқарма қызметкерлеріне дейін мүгедек жандар мен қозғалу қабілеті әлсіз топ мүшелерін қауіпсіз отырғызып, түсіру амалдарына арнайы оқытып даярлауымыз арқылы орындалады. Мүгедектер үшін қолжетімді қоршаған ортаны құру мәселесі, соңғы жылдары әртүрлі деңгейдегі кеңестердің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Мүдделі институттардың бұлайша баса назар аударуы, кедергісіз орта құру жөнінде жұмыстың барлық кезеңінде, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдары өкілдерін тарта отырып, бұл шараны сындарлы да жүйелі жүргізуге мүмкіндік берді.
Бұл жұмыстың негізгі бағыттары:
қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;
мүмкіндігі шектеулі жандардың негізгі өмір сүру салаларындағы нысандар мен қызметтердің қолжетімділігі жағдайын бағалау мен нысандарды түгендемелеу (паспорттау);
жүргізіліп отырған саясатты ақпараттық қолдау болып табылады.
Қолжетімді ортаны қалыптастырудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Заң жобасында 27 нормативтік-құқықтық актіге өзгеріс енгізу көзделген, олар қолжетімді қоршаған ортаны қалыптастырудың заңнамалық негіздемесін жасауға, мүгедек жандардың конституциялық құқығының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге, олардың әлеуметке толық кірігуіне жағдай туғызуға мүмкіндік береді. «Мүгедектердің құқықтары туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде (Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) әлеуметтік маңызды нысандарды салужөндеу кезінде, бұл нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттігі бекітілді.
Қуантатын жағдайлар да бар. Мысалы Президенттің тапсырмасы бойынша, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25 пайызға өседі. Егер бірінші топтағы мүгедек өткен жылы 25 378 теңге алған болса, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – оның жәрдемақысы 38 028 теңгені құрайды және бұл өсім 2014 жылмен салыстырғанда шамамен 50 пайызды құрап отыр. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін әрі қарай жетілдіру қажет. Көмек алудың негізгі шарты еңбекке қабілетті азаматтардың міндетті түрде жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысуы болуы қажет. 2014 жылы 21 «инватаксидің» қызметін дамытуға, 10 441 жол белгілері мен көрсеткіштерін орнатуға, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлердегі 138 жаяу жүргіншілер өткелдерін жарық беру құрылғысымен жабдықтауға, сондай-ақ, өңірлік телеарналардың жаңалықтар хабарларының сурдоаудармасын қамтамасыз етілуде. Астаналық мүгедектер үшін енді такси тегін. Елордада зағип жандарға арналған жалдамалы көлік жүйесі ашылды. Бұл мақсатта қала қазынасынан 11 жарым миллион теңге бөлінді. Германиядан әкелінген көліктер соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Таксидің бұл түрі тәулік бойы қызмет етеді. Әзірге қала бойынша тек 7 көлік қатынамақ. Әрине, бұл аз. Дегенмен игі бастама жалғасын табады деген ойдамын. Астанада қазір 400-ден астам адам арбаға таңылған. Олардың жұмыс орнына немесе өзге бір діттеген жеріне жету қиынға соғуда. Сол үшін қағамдық көліктерді де мүгедектер арбамен кіре алатын дамыған елдердегідей жағдай жасау керек. Ол көліктер аялдамаға келіп тоқтағанда автобустан арнайы пандус шығады. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, құрылысы жүріп жатқан жаңа brt көлік жүйесі аясында қолданысқа енгізілетін жылдам жүретін автобустар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы болады. Атап айтсақ, Станса платформасына автоматты түрде ашылатын есіктер орнатылады. Ол жылжымалы құрам келіп тоқтағанда ғана ашылады. Сондайақ, автобустың едені станса платформасымен бір деңгейде болады. Яғни, арбаға таңылған мүгедектер көлік құралына өз бетінше отыра алады. Көзі нашар көретін мүгедек жандар да автобустарына еш қиындықсыз мініп-түседі. Жаңа жүйе бесік-арбамен жүрген жас аналарға да, жалпы қала тұрғындары үшін да қолайлы болмақ. Автобустардың салонында арбамен жүретін мүгедектерге белдіктер мен орында бар. Қазақстанда нарықтық қоғамның дамуы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстың мәнінің, технологиясының, әдістерінің жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. Адамдық потенциалды дамытуға, адамдық капиталға қаржының салынуына мән берілуі әлеуметтік жұмыстың объектілеріне қатысты серіктестікке негізделген қарым-қатынасты дамытуды талап етеді. Оларға мүсіркей қараудың орнына қоғамның тең құқылы азаматы ретінде барлық жағдайлардың жасалуына мән берген жөн. Қоғамның мүсіркей қарауы олардың басқа адамдармен тең емес екендігін мойындаумен бірдей. Қоғам мұндай қатынастардан арылмайынша мүгедектердің өздеріне деген сенімдерінің қалыптасуы мүмкін емес.
Елімізде күннен күнге мүмкіндіктері шектеулі топтарға көмек көрсетуші қайырымдылық қорлар саны көбеюде. Олардың қатарында республикалық халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры, Алматы облыстық «Балбөбек» балалар қоры, Алматы қалалық «Бөбек» балалар қоры, Алматы қалалық «Эльдани» балалар қорлары бар. Ал мүгедектерге арналған қайырымдылық көмек қорларының қатарында жалпы Ұлттық қайырымдылық қоры, Республикалық «Бибі-ана» мүгедек әйелдер қоры, «Жан» мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; республикалық мүгедектер қайырымдылық қоғамы, Ауғаныстан ардагерлер комитеті; «Эльдорадо» қайырымдылық қоры; Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қайырымдылық қоғамы; ҚР ардагерлер қоғамы бар.
Ал өсіп келе жатқан ұрпақтарды қайырымдылыққа, адагершіліккетәрбиелеуде«Шапағат», «Иман», «Қазығұрт», Қазақстан Мұсылмандарының Орта Азия комитеті, «Қожа Ахмет Ясауи», «Ақ ниет», «Нәзір», «Домалақ ана» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы т.б. сияқты рухани қорлардың маңызы ерекше.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтікмәдени ортасынан, отбасынан, және интернатүйлердегі жағдайынан тыс түсіндіру мүмкін емес. Жалпы алғанда мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі ғана емес және де ол таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б. факторлар көмектеседі. Мүгедектерді қоғамға бейімдеуде әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік экологиялық үлгісін қолданған тиімді. Бұл үлгіге сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиыншылықтары олардың ауруынан ғана емес сонымен бірге оларды қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, адамдардың жақтырмай қараушылығынан да болады. Мүгедек адамдардың қол жеткен жетістіктері рухани және материалдық тұрғыдан қолдауға ие болып отырса олардың өмір сүруге құлшыныстары да артар еді.
Мүгедек топтарға қолданылатын әлеуметтік технологиялар олардың белсенді позициясын қалыптастырып қана қоймай, олардың өз-өздерін бағалау, психологиялық сенімдерін нығайту мақсатына да қызмет етуі тиіс. Кеңес үкіметі тұсынан қалыптасып қалған иждивенттік психологияны жеңіп, жоғары синергиялы, өзін-өзі ұйымдастыра білетін тұлғаларды қалыптастыруға күш салу қажет.
Әдебиеттер
Основы социальной работы / отв.ред. П.Д. Павленок. – М.,
Аксенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании. – М., 2001. – 75 с. 3 Алаш газеті // 2010жыл, 22 қаңтар. – №35(865). – 2 б.
http://www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы
http://adilet.zan.kz
http://www.enbek.gov.kz
Закон РК «О занятости населения». – Алматы.