Үйді тап-таза ұстаудың 12 әдісі
04-04-2021
Социологияның ғылым ретінде дамуының қазіргі кезеңінде визуалды социология əдіс ретінде социологияның сапалы əдістерінің қатарына кіреді. Шетелдік кітаптар, монографиялар мен мақалаларда визуалды социологияның деректі базасына фотосуреттерді, видеофильмдер, суреттер, сызбалар мен графиктерді жатқызады.
Sociologicalimagination – қазіргі заманғы социологияның негізгі əдістемелік жəне əдістік тұжырымдамаларының бірі. Бұл ұғымды Ч.Р. Миллс социологиялық жалпылаудың қағидаларын көрсету үшін, яғни жалпыланған категорияға немесе үрдіске нақты фактілерді келтіру мақсатында енгізген болатын [1].
Алғаш рет визуалды материалдарды антропологияда пайдалану XX ғасырдың 40-жылдары қолданылған болатын. Ол антропологияның зерттеу объектісінің өркениеттен шалғай жерлерде тұратын ұлыстар мен халықтардың мəдениеті болуымен түсіндіріледі. Ұлттардың рухани немесе материалдық мəдениетін зерттеуде ешқандай мəтіндік құжаттар болмағандықтан бірқатар қиындықтар туындап, зерттеушілер мəселені талдау кезінде видеотүсірілімдер мен фотосуреттерді қолданған. Материалды мəдениетті зерттеуде бұл əдісті Г. Бэйтсон мен М. Мид пайдаланған.
Социологияда визуалды социологияға деген қызығушылық постструктурализм мен семиотика шеңберінде П. Бурдье, М. Фуко, Р. Барта жəне т.б. еңбектерінде пайда болды.
Ең алдымен социологтар əр түрлі тарихи оқиғалардың фотосуреттеріне, сонымен қатар фотосуреттер мен биліктің өзара қарым-қатынасына, визуалды қайта таныстыруларда түрлі идеологиялар мен бақылау стратегияларының бейнесіне назар аударды. П. Бурдье бойынша фотосурет, ең алдымен, əлеуметтік рөл мен стратификациялық айырмашылықтарды көрсетеді, ал барлық жеке ерекшеліктер маңызды емес болып қалады. Р. Барт семиотикалық ыңғайдың негізін салып, фотосуреттерде көрініс тапқан айырмашылықтарға талдау жасады [2].
Визуалды социологияның дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі П. Штомпка [3,4]. Ол визуалды социологияға терең талдау жасап, пəн саласын нақты анықтаған болатын. Визуалды елестету саласында, яғни арнайы жасалынған суреттерде (мысалы, өнер саласында, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарында) ғана емес, жалпы қоғамдық өмірде көрініс табатын оның визуалды көріністері де жатады.
Визуалды түсініктер мен визуалды көріністер қоғамның визуалды жиынтығын, басқаша айтқанда, «қоғамдық иконосаласын» құрайды. Осының өзі визуалды социологияның пəні болып табылады. Зерттеу пəні болып тек суретке түсірілгендер ғана емес (фотосуреттік бейне немесе визуалды сұлбалар), суретке түсіруге болатын заттар да табылуы мүмкін (қоғамдық өмірдің іштей қабылданатын аспектілері, яғни фотоаппараттың объективіне түсіріп алуға болатын қоғамның визуалды көріністері). П. Штомпка визуалды социологияның жеке таным объектісі ғана емес, одан да көп затты, атап айтқанда, қоғамдық өмірді тану құралы болып табылатын фотосуреттік бейнеге аса үлкен назар аударады.
Визуалды ақпаратты қолдана отырып, социолог социологиялық елестету көмегімен қоршаған əлеуметтік əлемнің құбылыстары мен процестерінің мəніне терең енуі мүмкін. Мұндай жағдайда өмірдің бұл көріністеріне талдау жасау мен оның социумға əсері социологтарға – əдеттегі əдістердің шегінен шығуға, ең бастысы, əлеуметтік шынайылықты тану мүмкіндігін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді. Дегенмен, визуалды социология жаңа үлгідегі, жаңа сəндегі індет болып табылмайды. Мысалы, фотосурет визуалды социологияның бір компоненті ретінде кейбір жағдайларда ғана қолданылатын. Бірақ көптеген социологтар визуалды материалдарды иллюстрациялар, құжаттық дəлелдемелер, архивтік құжаттар ретінде пайдаланып, оларға толық талдау жасамайды [3].
Бүгінгі таңда шетелдік əдебиеттерде визуалды социология социологияның жеке бір бағыты ретінде қалыптасуда: жеке пəндер, курстар, семинарлар жүргізіледі, ғылыми журналдар шығарылып, конференциялар өткізіледі; бірақ визуалды социологияның толыққанды қалыптасуы мен институционализациялануы туралы айту əлі ерте. Бұл бағыттың қалыптасуына қандай да бір əлеуметтік мəселені зерттеуде сапалы əдістерді терең қолдану мен оның дамуы түрткі болған. Мысалы, бақылаудың, фокус-топтың, терең сұхбат жүргізудің бірнеше түрлерін қолдану талдау мен түсіндіруді талап ететін фотосуреттер, видеоақпараттар мен сызбалардың пайда болуына əкелді. Əлеуметтік мəселелерді зерттеуде сапалы əдістерді қолдану ақпарат берушіден мəлімет алудың видеоталдау сияқты формалары мен əдістері бар түрлі эксперименттерге жəне талдаудың жаңа түрлеріне алып келді.
Мұнда тағы бір айта кететін жағдай, визуалды социологияның дамуының негізгі факторларына XIX ғасырда фотосуреттердің, XX ғ. 80-жылдарындағы сандық видеокамералардың пайда болуы, ал бүгінгі таңда визуалды бейнелерді қалыптастыруда мобильді телефондар үлкен рөл атқаруда. MMS хабарламаларының арқасында мобильді телефон иелерінде өзінің ұялы телефондарына тек мəтіндерді ғана емес, сонымен қатар графика, музыка жəне видеоларды жіберіп, қабылдау мүмкіндіктері туды. Ақпараттық сауаттылық пен интернет технологияларының дамуы қолданушыларға шынайы өмірден тыс «виртуалды кеңістіктерді» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интернетте адам өзіне шынайы өмірден басқаша, жаңа имидж жасап, өзін басқаша қырынан ұсынуы мүмкін. Мұндай жаңа онлайндық бейнені бірінші кезекте жастар игереді.
Контент-талдау көбінесе өзара салыстырылатын тұжырымдамалар немесе маңызды идеялардың белгілі бір саны айқын көрсетілетін мəтінді, жазбаша мəтінді талдау кезінде қолданылады. Бірақ ұқсас мүмкіндіктер фотосуреттерге негізделген кезде де болады. Мұнда, əрине, əдісті стандарттау, ресмилеу тəсілдерін табу қиынға түседі. Бірақ оны жасауға болады. Мысалы, фотосуреттік материалдарды уақыт тұрғысынан қарап отырып, белгілі бір кезеңде газеттегі фотоматериалдарды байқауға болады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында саяси толқулар немесе террор туралы ақпарат газет беттерінде көрнекі түрде қаншалықты уақытта шығып тұрады. Мұндай жағдай он, бес немесе бір жыл бұрын қалай болды: террористік актілер туралы хабарламалар визуалды материалдармен сүйемелденді ме? Міне осыны бақылап, талдау жасау. Осылайша, контент- талдаудың ерекше бір түрін жүргізіп, тіпті кейбір үрдістерді де байқауға болады.
Басқа бір əдіс – классикалық социологиялық сұхбат. Мұнда фотосуреттің маңызы зор. Бұл əдістің қандай да бір əлеуметтік ортаның фотосуреттерін сол жерде тұратын адамдарға көрсету барысында көмегі тиюі мүмкін. Фотосуреттерді адамдарға көрсете отырып оларды талқылайсыз, талқылау барысында сол қауымдастық туралы қызық ақпараттар, адамдардың өзара қарым-қатынасы, ондағы көшбасшыны, маргиналдарды, бай жəне кедей адамдарды анықтауға болады. Бұл өте оңай. Жай ғана сұрақтар қойғаннан гөрі, респонденттерден қажетті ақпараттарды қолдағы фотосуреттерді көрсету арқылы алған əлдеқайда оңай. Бұл фотоматериалдардың пайдасы зор болатын əдістердің бірі. Зерттелуге алынған сурет əр түрлі сипатта болуы мүмкін: жалпы немесе нақты. Бірінші жағдайда, түрлі элементтерге толы, күнделікті өмірге тəн қандай да бір оқиға көрсетіледі. Мысалы, адамдарға толы қала көшесінің суреті делік. Зерттеушіні қызықтыратыны, зерттелуші осы аласапыранның ішінен нені бірінші таңдап алады, нені маңыздырақ деп есептейді екен. Ал екінші жағдайда, суреттер дəлірек, нақтырақ болып келеді. Мысалы, көшедегі демонстрация. Бұл жерде зерттеуші зерттелушінің контестация, наразылық, саяси жанжал мен оған қатысуы туралы ойын білгісі келеді.
Бұл стратегия əр түрлі болып келеді. Оның бір түрі ретінде күнделікті тəжірибеге тəн емес жағдайлар, мысалы, гомосексуалистердің, нашақорлардың, жезөкшелердің, трансвеститтердің суреттерін көрсету арқылы зерттелушінің толеранттық деңгейін анықтау мүмкіндігі туады. Тағы бір нұсқасы – ол зерттелушінің эмоционалды позициясын анықтау мақсатында зорлық, терроризм, қылмыс сияқты састыратын суреттерге негізделеді. Мұндағы маңызды бір ерекшелік – ол суреттерді зерттелініп отырған адамдардың қоршаған ортасына, туыстарына жəне алыс туыстарына, экзотикалық деп бөліп қарау. Зерттелініп отырған адамның бірінші жəне екінші жағдайға реакциясы бізге екі түрлі ақпарат беруі мүмкін. Біріншісінде адамның күнделікті өмірдегі өзін-өзі теңестіруі, бір нəрсені жақтырмауы, алшақтығы, өшпенділігі туралы тереңірек білім аламыз. Екінші жағдайда, олардың ксенофобияға деген көзқарасы, басқаларға жеккөрушілікпен қарауы немесе керісінше, алыстағы топтарға деген ұмтылысын немесе өмір сүрудің басқа жағдайлары туралы армандайтындығын біле аламыз.
Дж. Грэди визуалды социология əлеуметтік ғылымдарға не істей алады дей отырып, визуалды социологияның пəнін айқындауға тырысты. Оның жазуы бойынша, визуалды мəліметтер бізге өзіміздің кеңістікті темпоралды қоршаған ортамызбен, ондағы болып жатқан құбылыстарға біздің реакциямыз туралы ақпарат беруге лайықты болса, онда əлеуметтік ғылымдардағы маңызды бес ұзақмерзімді бағыттар көрсетіледі. Олар өз кезегінде визуалды материалдарды мəлімет ретінде пайдаланудан көбірек пайда алады. Бұл бес бағытқа келесілерді теңбе-тең суреттеу мен бағалау жолдарын табу жатады:
вариацияның мінез-құлық үлгісі (шаблондар) мен өзгеруі қалай əлеуметтік жəне мəдени ұйымдастырылды;
əлеуметтік ұйымдастырудың интеграциялық деңгейі қандай;
əлеуметтік процестер қалай ұйымдастырылады;
біз қандай да бір жағдайларға эмоционалды түрде қалай жауап қайтарамыз;
зерттеу олжасы нақты жəне тиімді түрде қалай ұсынылады.
Фотосуреттік сұхбат əдісінің өзіндік артықшылықтары бар, ол – зерттелініп отырған адамның реакциясын ояту оңайлығы. Зерттелініп отырған адаммен бірге отырып суреттерді қарау жəне оларға түсіндірме беру зерттелушіге вербалды сұрақтарға жауап бергеннен гөрі табиғи болып көрінеді. Фотосуреттік сұхбат кезінде жай сұхбат кезіндегідей иерархиялық, алшақтық қатынас емес, зерт- теуші мен зерттелініп отырған адамның арасында серіктестік, туыстық жəне эгалитарлы қарым- қатынас орнайды.
Фотосуреттік сұхбаттың күрделірек нұсқасы фотосуреттерді топтық сұхбатта, фокус-топтарда қолдану болып табылады. Бұл пікір-таластың фокусы деп жеке суреттер, олардың мəні, олардың бейнелеген мəселелерін айтуға болады.
Зерттеуші топқа сурет немесе бірнеше суреттерді ұсынып, оларға талқылау жүргізуді бақылап, тіркеп отырады. Мұнда процедура тақырып пікір-таластырушылардың спонтанды кең ассоциацияларына негізделіп жалпы сипатта қалыптасса ашық түрде болады, ал зерттеуші топқа алдын-ала дайындалған сценарийге түсіндірме берулерін көздесе ол құрылымды болып келеді. Бұл əдістің жемісті болуының кілті – пікір-таластырушыларды мұқият іріктеу болып табылады. Зерттеуші топты гомогенді, яғни бір ортадан таңдалынып алынған – кəсіби, этникалық, жас ерекшелігі бойынша құруы мүмкін. Мұндай жағдайда пікір-талас жалпы ой-пікірлер мен ұстанымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Басқа жағдайда көзқарастардың əр түрлі болып қалыптасуы, олардың қарама-қайшылығы туралы əңгіме қозғалуы мүмкін. Онда топты гетерогенді етіп жасауға тырысу керек (яғни құрамында əр түрлі ортаның өкілдері мен қоғамдық категориялар болуы керек). Əрине, барлығы қойылған зерттеу мəселесіне байланысты болып келеді [4].
Келесісі – ол Ф. Знанецкий жеке құжаттарды талдау əдісі деп атаған əдіс. Жеке құжаттарды талдау əдісі – адамдармен жазылған құжаттардың тұпнұсқасын зерттеу. Мысалы, хаттар, күнделіктер немесе адамдардың тікелей эмоциялары көрініс табатын мемуарлар. Ф. Знанецкий АҚШ-тағы поляк эмигранттарының отандарына жазған хаттарын зерттеумен айналысқан. Осы сияқты фотосуреттерді де қолдануға болады, яғни, жеке фотосуреттер топтамасын (коллекциясын) да зерттеуге болады. Əдетте адамдардың бізді бұрынғы уақыттарға сапар шектіретін топтамалары болады. Мұнда портреттер жинағын немесе отбасылық оқиғаларды сипаттайтын суреттерді табуға болады. Мұндай топтамаларды қолдану адамдардың шынайы өмірін түсінуде, сол кездерде олар үшін не маңызды болды, олар немен айналысты, олардың кəсіби мансабы қалай жүзеге асты деген сияқты сұрақтарға жауап алуда өнімді болуы мүмкін [5].
Біздің ойымызша, визауалды социологияның іс-əрекет саласын анықтауға тырысу барысында, визауалды социология – бұл əлеуметтік құрылымның бір бөлігі болып табылатын индивидтер мен түрлі əлеуметтік топтардың визуалды бейнелерді қабылдауы, осы бейнелердің мəнін түсіндіру, құру жəне қайта құру туралы ғылым деп шамалап айтуға болады. Осылайша, визуалды социологияның объектісі фотосуреттік бейне, видеофильм, картина, графиктер мен сызбалар, ал пəні деп заманауи əлеуметтік құрылым, əлеуметтік институттар мен процестер бейнеленетін терең мəні бар түсініктеме беруді айтуға болады. Қазіргі жағдайды жалпы сипаттай отырып, визуалды қайнар көздерді зерттеуге зерттеудің ресурсы, объектісі мен негізгі сюжеті ретінде қолданылуға болатын жиынтықты жатқызуға болады.
Əсіресе отбасылар мен биографияны (ретроспективті əдіс) зерттеуде визуалды əдістер нық бекітілген. Мұнда фотоальбом хикаяны (нарратив) құру мен талдау объектісі болып табылады. Осыдан бірнеше уақыт бұрын социологтар мен антропологтар визуалдылық əлеуметтік болмыстың, оны қайта құру мен қайта ұсынудың негізгі траекториясын жасайтын бірінші өлшеуіші деген тезисті бөлісіп келсе, бүгінгі таңда ол есту, көру, иіс сезімі сияқты өлшеуіштердің қатарында.
Әдебиеттер
Миллс, Чарльз Райт. Социологическое воображение. - М.: NOTA BENE, 2001. – 263 с.
Печурина А.В. Визуализация социальных исследований: новые данные или новые знания? //Социологический журнал. - 2007. - № 3. - С. 81-89.
Семина М.В., Ганжа А.О. Визуальная социология и развитие социологического воображения // Журнал социологии и социальной антропологии. - 2008. - Том XI. - № 2. - С. 153-157.
Штомпка П. Визуальная социология. Фотография как метод исследования. - М.: Логос, - 168 с.
Штомпка П. Введение в визуальную социологию. // INTER (интеракция, интервью, интерпретация). – 2007. - № 4. - С. 6