Ашық сабақ. Физика. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

Oinet.kz 09-10-2019 1092

Тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Сабақтың оқыту мақсаты: 1. Молекулалық физика сансыз көп бөлшектерден тұратын жүйе түрлерін қарастыратынын түсіндіру, ұғындыру;
2. Оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Бақыланып отырған құбылыс бөліктерінің арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді табуға үйрету.
Сабақтың міндеті: Оқушылар:
1) Броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік қалыптасады.
2) Жылулық қозғалыс пен механикалық қозғалыс арасындағы айырмашылықтарды көрсете алады.
Тілдік мақсаты:
Жылулық қозғалыс – тепловое движение – thermal motion
Молекула – молекула – molecule
Атом – атом - atom
Броундық қозғалыс – Броуновское движение - Brownian motion
Диффузия – диффузия – diffusion

Басы 0 - 5мин
І. Қызығушылықты ояту.
Сұрақ
«1» тобына сұрақ
1. Барлық денелер неден түрады?
2. Молекула дегеніміз не?
«2» тобына сұрақ
1. Заттардың молекулалары бірдей ме?
2. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады? «3» тобына сұрақ
1. Зат қандай күйде бола алады?
2. Олардың бір - бірінен айырмашылығы қандай?

Ортасы
ІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір - бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтардағы диффузияны бақылайды.
Мақсаты: Диффузияның температураға тәуелділігін зерттеу.
Оқушылар тәжірбиені жасай отырып, диффузияны ыстық және салқын суда жүруін салыстырады.

ІҮ. «Топтық жұмыс» бөлімі.
Әрбір топтағы оқушыларға жеке – жеке есептер беріледі. Дұрыс шыққан есепке – 2 ұпай беріледі. Осылайша, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Ү. Талдау.
Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, ой шешімін табу.
«Броундық қозғалыс» тақырыбына постер қорғау
1) Диффузия құбылысының пайдасы қандай?
2) Диффузия құбылысының зияны?
3) Қызықты мәліметтер
Постер қорғау
- диалогтық сөйлесу арқылы өз ой - пікірін еркін жеткізе алады.
Мағынасын ашты - 3
Жартылай ашты - 2
Аша алмады - 1

Ж. Досмұхамбетов атындағы
дарынды балаларға арналған лицей
Мұғалім: Байтұрсынова А. Ж.
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. жүктеу

Ашық сабақ. Физика. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Ашық сабақ. Физика. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу