Реферат: Азамат соғысының кеңестік дəуірдегі тарихнамасы

Oinet.kz 08-09-2020 867

2010 жылы азамат соғысының аяқталғанына 90 жыл толды. Қазан төңкерісінен бастау алған азамат соғысы 1918 жылдан 1920 жылға дейін жүрді. Осы аралық билікке ұмтылған қайраткерлер мен шетелдік интервенция сайысын, саяси партиялар мен олардың жетегінде жүрген халықтың күресін қамтиды.


Біріншісі, саяси дағдарыс кезінде Ресейдегі билікті қолына ұстап қалуға тырысып, əр түрлі бағытта əскери жорықтар ұйымдастырды.


Екіншісі, əлеуметтік дағдарысты алға тартып, халықты өздеріне тартуда саяси бағдарламалар жасады.


Əрине, билікке революцияға ұзақ дайындалған жəне өкімет басына келерде елді билеу жөнінде толық түсінігі бар Ленин бастаған большевиктер партиясы келді.


Бүгінде осы азамат соғысының аяқталуына 90 жылдық уақыттағы жазылған еңбектерді сараптау қолға алынғаны белгілі. Əсіресе кеше ғана əдебиеттерде толық зерттеліп, нақышымен жазылған азамат соғысы мен шетелдік интервенция төңірегінде қызу пікірталас жүруде. Ондағы басты мəселе:


Ленин мен большевиктердің билікті тезірек алып, таптық күресті ушықтырып, азамат соғысын тудыруы жөн ба еді?

Бұл талай қателіктер мен қырғынды əкелген жоқ па?

Осындай жəне көптеген басқа сұрақтар бүгінгі күні отандық жəне ресейлік  тарихнамада маңызды мəселеге айналып тұр. Оларға тарих ғылымы жауап іздеп «тербеліп тұрғанда» елімізде «отандық тарихтың ақтаңдақтары» зерттелу үстінде.


Азамат соғысының қазақстандық тарихнамасы, оның ішінде кеңестік  дəуір тарихнамасы отандық тарихта өзіндік маңыздылығымен күрделі. Бұл кезеңге кеңестік дəуірде 15 мың кітап, жинақ, мақалалар арналған екен [1; 156]. Осы мəселелерді зерттеуде туысқан республикалармен қатар Қазақстан да өз үлесін қосқан.


Алғаш азамат соғысының тарихнамасын зерттеген ғалым С.Н.Покровский болып табылады. Сонау 20-жылдары большевиктік тарихтың басты идеологы С.Н.Покровский 1917 жылғы төңкерісті жəне одан кейін орын алған оқиғалардың тарихын тек большевиктердің көзімен қарап жазудың қажеттілігін айтқан болатын.


Бүкіл қызметі кеңес елінің тарихындағы өте маңызды, мəңгі тақырып — Қазан социалистік революциясы, оның жеңісі баянды болу үшін жүргізілген күрес, яғни азамат соғысының мəселесін зерттеуге бағытталған Истпарт қазақ өлкесінде де кең қанат жаяды. Истпарттың Қазақ Бюросы РК(б)П Киробкомның 1922 жыл 20 желтоқсандағы қаулысымен ұйымдастырылады.


Түркістан Истпарты шығарған алғашқы еңбек кеңес партия мектептері мен  насихат курстарының тыңдаушыларына арналады. Мұндағы еңбектердің арасынан Түркістан Коммунистік университетінің алғашқы ректоры С.Д.Муравейскийдің мақаласы назар аудартады. Онда Қазан төңкерісі мен одан кейін Орта Азияда орын алған оқиғалар большевиктер жүргізіп отырған саяси бағыттың рухымен баяндалған. Дегенмен мақалада шындық та бар. Автор аталған кезеңдегі ұлттық интеллигенцияның рөлін түсініп, оларды «прогрессист-демократтар» деп атайды [2;  39]. Еңбекте 1917 жылғы  төңкеріс пен одан кейінгі азамат  соғысы  жылдары біртұтас  ағым ретінде    көрсетіледі.


«Бұл оқиғалардың кезінде халықтың жетекшісі жергілікті ұлттық буржуазия мен діни өкілдер болды» деп жазды ол. Муравейскиймен келісе отырып, басқа да алғашқы авторлар И.Сольц, Н.Борисов, А.Позднышев  жергілікті  халықтың  орыс  пролетариаты  жағында  күреспегендігін  тілге  тиек етеді.


«Ұйымдаспаған қараңғы түземдік бұқара бұл оқиғаларға белсенді қатыспады. Октябрь оларды құлдықтан босатқан жоқ» деп жазады Н.Борисов [2; 41].


Бұл естеліктердің басты ерекшелігі — авторлардың өткен оқиғаны барынша толық, шынайы беруге ұмтылулары.


Мұндай бірен-саран дұрыс пікірлер болғандығына қарамастан, алғашқы естеліктер шалалығымен ерекшеленеді. Мемуаршылар көбіне өзі көрген оқиғаны басқа деректерден алған фактілермен салыстырмай, өз түсінігінше жазумен ғана шектелген. Азамат соғысын зерттеуші А.Л.Литвинов куəгерлер (естелік айтушылар), əсіресе 20-жылдардың басында тиісті құжаттарға жүгінбей, қандай да бір фактінің шынайылығын өз беттерінше растаумен ғана шектелгенін жазады.


Естеліктерді жинап, жариялаған газет, журналдардың редакциялары да мəселені  шешу жолдарын дұрыс ұғынбаған. Олар авторлардың биографиялық мəліметтері баяндалған фактінің шынайылығын көрсете алады деп санады. Бұл біржақты түсінікті олардың идеяға адалдығы, большевиктер партиясына мүшелігі, партиялық ұйымдардың жұмысына қатысу деңгейі жəне тағы басқалары баяндалады.


Қазан оқиғалары мен азамат соғысын баяндауда большевиктер партиясы қайраткерлерінің естеліктерінен мəселеге ғылыми жолмен келу көріністері байқалады. Ə.Жангелдин, Н.Нұрмақов, П.Варламов, Т.Рысқұлов мақалалары авторлардың баяндалып отырған оқиғаның тікелей куəгерлері болғандығымен ғана емес, сонымен бірге өз жұмыстарының басты мақсаттарының бірі — большевиктік төңкерістің ролі мен түпкі мақсатын халыққа түсіндіру болып табылатындығымен ерекшеленеді. Оларда Ресейдің езілген халықтарының тағдырын шешуде тарихи дамудың большевиктер ұсынған бағыты ғана дұрыс екендігі туралы пікір айтылады. Мақалаларда таптық күрестің орын алуы — жергілікті халық пен орыс пролетариаты достығына апаратын жол деп көрсетіліп, ұлттық интеллигенцияның мəселеге қатысты тезистері жоққа шығарылады. Оларда сондай-ақ зерттеудің басты мұраты ұмытылып, ол шеткері аймақтарда большевиктік партияның рөлі мен маңызын насихаттаудың тасасында қалады. Авторлар жергілікті халықтың большевиктер жағында белсенді күрескендігін дəлəлдеуге тырысады. Ресейде коммунистік партияның диктатурасы заңдылық екендігі баса айтылады. «Қазан жарылысы, — деп жазды Ə.Жангелдин, — халықты сілкінтті, барлық жер дүмпуді сезінді, ол біздің артта қалған... Қырғыз жеріне де жетті: орыс жұмысшыларының, Қызыл Армияның, Қырғызстан еңбекшілерінің белсенділігімен, мұнда патшаның отаршыл империясының қираған орнында, ұсақ буржуазиялық қырғыз ұлттық интеллигенциясының батыл қарсылығына тойтарыс бере отырып, өзіміздің Кеңес үкіметін құруға тура келді» [2; 42].


20-жылдардағы   тарихи   зерттеулер   мен   естеліктердің   арасынан   большевик  Г.Сафаровтың «Колониальная революция. Опыт Туркестана» деп аталатын еңбегі басты орын алады. Ғалымның тұжырымының басты желісі ресей жұмысшы табының «ұлттық-отаршылдық» революциядағы гегемондық ролін жоққа шығаруға тіреледі. Оның пікірінше, Түркістандағы орыс жұмысшы табы


«көсемсіз, жетекшісіз, бағдарламасыз» болды. Төңкеріс мұнда «телеграф» арқылы  келді. Барлық орыс төңкерісі Түркістанда отаршылдық сипат алды. «Мұнда пролетариат диктатурасы, — деп жазды Г.Сафаров, — алғашқы сəттен-ақ отаршылдық сипатқа ие болды». Кейін бұл пікір батыс тарихшысы А.Парктің жұмысында ғылыми негізге арқау болған еді. Ресей империясының ұлт аймақтарының тарихын  зерттей  келе,  автор  Жетісуда  большевиктік  идеялар  нақты  іске  асқаннан  кейін,   мұнда «құлдықты еске түсіретін жүйе» орнады деген қорытындыға келді. Г.Сафаровтың өлкеде таптық жіктелу жоқ жəне революциялық қайта құруларға алғышарттар болмады деген көзқарасы өлкедегі автономиялық қозғалыс жетекшілерінің еңбектерінде де айтылғаны мəлім. Ахмет Байтұрсынов Қазан төңкерісі «қазақтарға түсініксіз, қазақ халқы социалистік құрылысқа мұқтаждықты соншалықты əлі сезінген жоқ» деп санады. Г.Сафаровтың кейбір пікірлері жоғарыда көрсетілген Н.Борисовтың мақаласында да кездеседі. Ол «Октябрь в Туркестане» мақаласында «... империялық отаршылдық кезең кеңестік отаршылдық кезеңге жалғасты» деп жазды.


Сонымен, Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығында жазылған естеліктерге  еркіндік тəн, қалыпқа салған күштеу жоқ екендігі байқалады. Əркім есінде қалғанын өз түсінігінше, өз қабылдауынша баяндаған. Негізгі мəселемен қатар, соның аясында туындайтын сұрақтарға қатысты жауаптар да кездеседі. Естеліктерді тарихи дерек ретінде пайдалану, оларға сыни тұрғыдан талдау жасау, оның сол мəселені зерттеудегі өзіндік орны, жалпы болашақ мемуаршыларға практикалық кеңестер тек 20–30-жылдардың жол айрығында ғана жарық көре бастады. Көп кешікпей-ақ ол үкіметтік құрылымдардың түрлі жарлықтары жəне қаулылары астында қалды.


Қазақ даласын дүр сілкіндіріп, қазақ халқының өмірін мүлдем өзгерткен 1917–1920-жылдардың оқиғалары туралы маңызды дерек болып табылатын естеліктердің алқашқы жазылу тарихы осындай еді.


Қазан төңкерісі мен азамат соғысының тарихнамасындағы Қазақстанға қатысты қайғылы беттерді Ф.И.Голощекиннің жазғаны белгілі. Оның ойынша, «Октябрь қазақ ауылдарына соқпай өткен». «Кіші Октябрьді ауылда» барынша тез арада орнатқысы келген ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеттің Бюросы елдің тіпті дамыған аймақтарына да кереғар партиялық бағытты іске асыруға көрсоқырлықпен ден қояды. Практикадан теорияның алшақтығы, даму сатылары ескерілмей, аттап өту елеулі қиындықтарға ұшыратады.


Қазақ өлкесін дамыту жолындағы Ф.И.Голощекиннің теориялық ой-пікірлері, Қазақстан тарихнамасында Т.Елеуов жазғандай, «ғылымға мүлде қарсы» тұжырым болып қалған еді. Ф.И.Голощекиннің қателіктері сол кезеңдегі Қазақ өлкелік комитетінің басшылығы «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктерінде» жан-жақты сараланып беріледі. Онда,  ең  алдымен, Сталиннің ұстанған бағыт-бағдарынан жаңылыспаған Ф.И.Голощекиннің ұлттық аймақтарда əлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың лениндік принциптерінен тартуы, бұрмалануы, тайға таңба басқандай, көрсетіледі.


Сталиндік қайта құру бағытын ұстанған Ф.И.Голощекин өлкенің əлеуметтік-экономикалық даму күрделілігін ескермейді. Миына «ауылдарда жаңа жəне кіші Октябрь революциясын жасау» кіріп кеткен, ол тек ультрасолғын ұрандармен ғылыми негізделмеген тактикалық əдіс-тəсілдерге көшеді. Ол теориялық терең субъективизмнен ұсақ буржуазиялық, жартылай анархиялық революциялық жолға түседі. Бұған өлке коммунистерінің идеялық тұрғыдан пісіп-жетілмеуі ғана емес, сонымен қатар басшылық құрамының өзегіндегі өткір таптық жəне идеологиялық күрес, халық арасындағы пролетариаттың қалыптаспауы жəне тағы басқалары себеп болған еді. Ақыр аяғында Ф.И.Голощекиннің волюнтаризмі, социализмді құрудың лениндік принциптері мен əдістерінен бас тартуы қазақ даласы үшін аса қымбатқа түседі.


Зерттеліп отырған кезеңге барынша объективті талдау жасау үшін большевиктердің 1917 жылғы ақпан мен қазан айы аралығында жұмысшылар мен шаруалардың ұлттық-азаттық күресін өрістете алу тəжірибесіне назар аударған жөн. Ғалымдар Ресейдегі жұмысшы табын қарулы көтеріліске бастау — Ақпан төңкерісінің алғашқы күндерінен-ақ Қызыл гвардияны құру ісін зерттеп шығады.


Қазақстандық зерттеушілер еңбектерінде жұмысшыларды қаруландыру жəне оларды əскери іске үйрету, Қызыл гвардияны құру, оған қазақ шаруаларын, кедейлерін, маусымдық жұмысшыларды тарту, яғни революцияның қарулы күшін қалыптастыру мəселелері солғын зерттелген. Қазақстандағы Қазан төңкерісінің тарихы жөніндегі еңбектерде Қызыл гвардия туралы үзінділер, оның Кеңес өкіметін құру жолындағы еңбегі үзіп-жұлып айтылған. Тек К.Нұрпейісов пен А.С.Елагиннің еңбектерінде [1; 168] бұл мəселе барынша тереңірек мəлімет береді. Ең алдымен К.Нұрпейісов Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстары Кеңестерінің Қызыл гвардия отрядтарын құру жəне Қызыл Армияның алғашқы бөлімдерін құрудағы рөлін зерттеп шығады. Автор маңызды бірқатар мəселелерге: Қазақстанның Солтүстік-шығыс аумағында қашан Қызыл гвардия отрядтарының құрылғанына, кеңестердің, коммунистердің, жұмысшы табының оны құрудағы рөліне, қазақ жұмысшы табы өкілдерінің Қызыл гвардиядағы орнына назар аударуға тырысқан. Аталған зерттеушіні қызылгвардияшыларды қаруландыру, үйрету жəне тəрбиелеу мəселелері қызықтырады. Алайда Семей, Павлодар, Петропавл, Қарқаралы, Өскемен, Атбасар жəне басқа да Қазақстанның Солтүстік-шығысындағы қалаларда құрылған Қызыл гвардия отрядтары осы аудандарда Қазан революциясының жеңісіне орасан зор үлес қосқаны дəлелденбей қалған.


А.С.Елагин өзінің мақаласында өтіп жатқан тарихи процесті революциялық күштердің топтасуын бүкіл елдің масштабында қарастырады. Ол барлық аймақты толық қамтып, қызылгвардияшылар қатарының 1917 жылдың желтоқсан айының соңында 14 елді мекеннен 2000 адамға жеткенін, ал 1918 жылдың көктеміне қарай 6 мыңнан асқанын айтады. Мақалада толығырақ емес болса да Қазақстанда құрылған Қызыл гвардияның ұлттық жəне əлеуметтік құрамынан да фактілер келтіріледі. Перовск партия ұйымы большевиктерінің кедей шаруаларды қатарларына тарту үшін ауылдарға, уездік селоларға, теміржол станцияларына жəне разъездерге арнайы үгітшілер жіберіледі. Тек Жосалы поселкесінде ғана Қызыл гвардия қатарына 82 ерікті жазылған. Сонымен қатар Қызыл Армия қатарына теміржолшылар ғана емес, майданнан қайтқан солдаттар, Жоғарғы- Ертіс кеме өнеркəсіп кəсіпорнының жұмысшылары, жергілікті гарнизон солдаттары, қала жəне ауыл кедей-кепшіктері де жазылады. Жұмысшылар арасынан, соғыстан қайтқандар мен большевиктер партиясының мүшелерінен командирлер тағайындалады. Автор Батыс Сібір облыстық жұмысшылар мен солдат депутаттарының Семейде, Павлодарда, Көкшетауда, Өскеменде, Атбасарда Қызыл Армияның құру ісіне ерекше тоқталады.

Дегенмен Қазақстанда Қызыл гвардияның құрылуы мен оның нығайып, күшею жолдары əлі де көп зерделеуді қажет етеді. Ең алдымен Қызыл гвардияның Қазақстанда құрудың дəл қашан басталғанын анықтаған жөн. А.С.Елагин «жұмысшылардың қарулы отрядтары 1917 жылдың тамыз- қыркүйек айларында құрылды» дейді [1; 169]. Ал 1917 жылдың күзіне Перовскіде, Петропавлда, Ақтөбеде жəне Қазақстанның басқа қалалары мен теміржол станцияларында Қызыл гвардияның құрылуын жатқызады. С.Н.Покровский, П.Пахмурный мен В.Григорьев 1917 жылдың 8 тамызында Семейде кəсіподақ мүшелерінен Қызыл гвардия дружиналарының жəне сол жылдың 29 тамызында Перовскіде əскери дружинаның құрылғанын еске салады [3; 107]. Көп томдық «Қазақ КСР тарихының» авторлары Қызыл гвардия отрядтары Петроградтағы қарулы қөтеріліске дейін-ақ пайда болды деп есептейді. Олар «Петроградтағы қарулы көтерілістің алдында Қызыл гвардия отрядтарын құру ісі Орынборда, Петропавлда, Перовскіде, Ақтөбеде, Павлодарда жəне басқа да қалаларда басталды деп есептейміз», — деп қорытындылайды [4]. Ал Костиннің айтуынша, алғашқы Қызыл гвардия отрядтары Қазақстанда, Қырғызстанда жəне Тəжікстанда Түркістан өлкесі Кеңес үкіметінің 1917 жылғы 28 қарашада қабылданған Қызыл гвардия құру туралы Қаулысынан кейін пайда болған.


Академик М.Қозыбаевтың пайымдауынша, Қазақстанда Қызыл гвардияның құрылуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді: І — революциялық қарулы отрядтарды ұйымдастыру үшін үгіт-насихат кезеңі. Мысалы, 1917 жылы Қызыл гвардияны ұйымдастыруға кепілдік беретін партия мандаты бойынша Омбыда Тарасов пен Родионов сөз сөйлеген; ІІ — революция жеңістерін қорғау үшін əскери дружиналар құру кезеңі. Бастапқыда олар Орынбор-Ташкент теміржолы бойында — Түркістанда, Шымкентте, Əулиеатада жəне Петропавлда құрылады; ІІІ — Қызыл гвардияны жұмысшылардан əскери дружиналар құру кезеңі (1917 жылдың қазан-қараша); ІV — (1917 жылдың желтоқсаны — 1919 жылдың сəуірі) — бүкіл Қазақстан бойынша Кеңес өкіметінің билігін нығайту жəне оны интервенттер мен ақгвардияшылардан қорғау үшін Қызыл гвардия отрядтарын құру кезеңі.


Қазақстанда құрылған Қызыл гвардия отрядтарындағы адам санын нақтылау қажет. Мысалы, А.С.Елагиннің пікірінше, Қызыл гвардия отрядтарындағы адам саны 1918 жылы: Əулиеатада — 280– 300 адам, Ақтөбеде — 200–250, Петропавлда — 100–154, Семейде 250 адам болған. Жоғарыда аталған мақалада ол: «Сол жылдардың басылымдар деректерінде, кейбір Кеңестердің есептеуінше, Қызыл гвардиялықтардың естеліктерінде, мұражайлар мен мұрағат материалдарына қарасақ, жекелеген Қызыл гвардия отрядтарының адам саны туралы мағлұмат аламыз: Əулиеатада — 200– 220, Ақтөбеде — 185–200, Петропавлда — 100, Семейде 250 адам», — деп келтіреді. Егер осы айтылған деректерге сенсек, Қызыл гвардияның адам саны 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылдың көктеміне дейін өсе қоймағанын көрсетеді. Автор бұл жерде Қызыл гвардияның жекелеген отрядтарының бастапқы кезеңдегі цифрын ғана алған. Біз мұны А.С.Елагиннің Қазалы отрядында 1918 жылдың көктемінде 500 адам деп көрсеткен, ал И.Костовтың 100 адам деп көрсеткенін көреміз.


Т.Елеуов, С.Н.Покровский, А.С.Елагин, К.Нұрпейісовтің еңбектерінде партияның, жеке В.И.Ленин тарапынан большевиктік ұйымдар мен Батыс Сібір Кеңесінде көрсетілген көлемі жағынан аз, түрлі фактілер баяндалған. 1917 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында революциялық қозғалыстар жайлы еңбегінде К.Нұрпейісов жергілікті жерлерде Қызыл гвардия шешімін қабылдаған Өскемен комитетіне басшылық жасаған Омбы өлкелік большевиктер комитеті мен III Батыс-Сібір Кеңестер съезінің ролі бөлек көрсетілді. Гвардия басшыларының ұлттық өлкедегі революциялық процестерге қатысты Л.Григорьевтің монографиясында кеңінен келтірілген [5].


Қызыл гвардия қатарына қазақ еңбекшілерінің тартылуы маңызды саясаттың бірі болып табылады. Тұңғыш рет Қызыл гвардияшыл қазақтардың 1917 жылдың күзінде Астрахан жұмысшы жəне солдат депутаттарының нұсқауымен Бөкей Ордасына жіберілгені В.И.Ворлаковтың естеліктерінде  кездеседі.  К.Нұрпейісов  осындай  отрядтардың  Атбасар   уезінде,  Заречный     жəне Семейде қазақ жұмысшы отрядтарының 1918 жылдың басында құрылғанын айтады. Бірақ бұл жерде толығырақ зерттеу жұмысы тоқтап қалған [6; 40].


1917 жылға қатысты көптеген құбылыстар мен естеліктерде ірі бай-феодалдардан шабындықтар мен жайылымдардың қару күшімен тартып алынғаны жайлы баяндалады. Мысалы, 1917 жылдың 4- ші   тамызында   «Известия   Петроградского   Совета   рабочих   и   солдатских   депутатов»     газеті: «Қырғыздардағы толқулар. Қырғыз даласындағы жағдай алаңдатарлықтай», — деп жазды [6; 147].


Осы аграрлық «тəртіпсіздіктерге» қатысушылар, топтың күрес мектебінен өткен қазақ кедейлері Қызыл гвардияның, кейінгі Қызыл Армияның резервіне айналды.


Зерттеушілердің міндеті ізденіс жұмыстарының аясын кеңейту, тыл оқиғаларының қамтитын мұрағат құжаттарын табу жəне қазақ жұмысшыларының революция жолындағы қарулы күресін сараптау болып табылады.


Бұл Қазан тарихын зерттеген барлығында дерлік Қостанайда 1917 жылдың 25 желтоқсанында большевиктер бастаған жұмысшылар мен солдаттар Балтық теңізшілерінің көмегімен Уақытша үкіметтің жергілікті органдарын құлатып, Кеңес өкіметін орнатады да Қызыл гвардияны құру ісіне кірісті. Мұнда Қызыл гвардияны құруды В.И.Лениннің қолы қойылған мандат алған В.М.Чекмарев бастаған Балтық теңізшілерінің азық-түлік отрядтары қолға алады. Ал басқа жерлерде Қызыл гвардия Кеңес өкіметін құрумен бірге жүргізілгенін көреміз. Мысалы, Əулиеатада, Шымкентте жəне тағы басқа.


С.Н.Покровский, Т.Елеуов, К.Нұрпейісов, А.С.Елагиннің жəне тағы басқалардың еңбектерінде жергілікті жерлерде Қызыл гвардия отрядтарының контрреволюциялық күштерін басу оқиғалары тосын баяндалады. Өкінішке орай, республиканың тыс жерлерінде басылған мұндай еңбектерде бүлікшілерді басу жөнінде ештеңе айтылмаған. Мысалы, Ю.И.Корабаевтің 18 желтоқсандағы қатысымен Халық Комиссарлар Кеңесі И.П.Подвойскийге күн сайын үкіметке жазбаша түрде Самара мен Орынборға əскери көмек шаралары жөнінде хабарлап тұру тапсырылды. Бұдан соң Петроградтан Оңтүстік Оралдағы жергілікті революциянық күштерге мичман С.Д.Павловтың басқаруымен құрамында 1500 солдат пен матрос бар «Северный летучий отряд» жіберілді.


Қазақтарға қарсы большевиктердің Челябинск əскери-революциялық Комитетінің төрағасы В.Н.Блюхердің бастауындағы отрядтар мен ағайынды Кадомцевтер мен А.М.Чеверов бастаған Оңтүстік Оралдың Қызыл гвардияшылары көмекке жіберілді. Орынбор бағытындағы Кеңес отрядтарының жалпы саны 3500 адамға жетіп, бронепоездар мен артиллерияның көмегіне сенді. Дутовтың əскерлері толық талқындалады. 18–31 қаңтарда Орынбор азат етіледі» [7; 131].


Сонымен, бір мезгілде оңтүстік-шығыстан, Ақтөбе жақтан, теміржол желісінің бойынан, ақ гвардияшыларға Ташкент, Перовск, Түркістан мен Қазалы Қызыл отрядтары бет алып, соққы береді. Ал Орынбордағы жұмысшылар көтерілісін де ескерусіз қалдыруға болмайды. Бұл үлкен отрядтардың қозғалысына аса мəн бермей-ақ та қоюға болар еді. Бірақ, шындығында, методологиялық жағынан келер болсақ, Кеңес өкіметін орнату ісін «жоғарғы» емес, «төменгі» халықтардың жүзеге асырғаны ақиқат. Сонымен, ақыр аяғында большевиктер партиясы ел ішіндегі барлық  революциялық күштердің іс-əрекеттерін үйлестіруші күшке айналды. Алайда «Азамат соғысы жəне КСРО-дағы əскери интервенция» энциклопедиясында ақтарды талқандауға үлес қосқан Ə.Т.Жангелдиннің Уфа отрядымен Ташкент, Перовск, Қазалы, Əулиеата, Түркістан, Ақтөбе, Шалқар, Жосалы, Арал станциясының Қызыл гвардия отрядтарының əрекеттеріне толық талдау жасалмаған. Қазақстандағы Қызыл гвардия тарихын зерттеу ісі əзірге 1918 жылдың мəліметімен хроникалық негізде ғана шектелген. Бірақ Қызыл гвардия құру ісі Түркістанда бəрінен ұзағырақ жүргізіледі. 1919 жылдың 7- қазанында Түркістан басшылығының əскери Кеңесі Қызыл гвардияны тарату жөнінде шешім қабылдайды. Көпшілік отрядтар Қызыл Армия қатарына өтеді.


Қазақстандағы социалистік революцияның саяси армиясын зерттеуде солдаттар тақырыбы ерекше орындалады. Солдаттар мен тылдағы қазақтардың армияны большевиктендіру тарихы аз зерттелген. Бұл туралы барлық еңбектерде көрініс тапса да, əлі ешкім оның тарихи процестегі орнын кең көлемде баяндап бере алмаған.


Тұңғыш рет Қазақстан тарихнамасында солдаттардың өлкесінде Кеңес өкіметін құру ісіне тартылуына А.Оспанов өзінің жеке зерттеулерінде қалам тартты. Ол Қазақстандағы большевиктердің 13 полк, 26 жергілікті команда, 10 жеке қазақ жүздігі, 36,5 мың адамнан құралған жасақты əскери- ұйымдастырушылық жұмыстарын алға тартқан. Автор Қазан оқиғалары барысында Əулиеата, Перовск, Черняев, Қазалы, Орал, Гурьев, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Ақмола гарнизондарының революция жайлы шындығын атап өтеді.


А.Оспанов 1918 жылдың қаңтарында Ақтөбеде большевиктердің майданнан қайтқан солдаттар съезінің өткенін алғаш рет хабарлайды. Майданнан қайтқан 800 солдаттан тұратын «Орыс-мұсылман солдаттар ұйымы» мен Сергиопольге тыл жұмыстарына жіберілгендер туралы мəліметтер береді. Мысалы, 1905 жылы қазақ даласында пролетарлық интернационализм туын көтерген «Орыс-қырғыз одағының» дəстүрі жалғасып жатқан еді. Зерттеуші верныйлық большевиктер мен əскери үкімет арасындағы қазақтарды өз жастарына тарту үшін күресінің мəнін ашуға ұмтылды.


Алайда А.Оспанов өзінің зерттеуінде гарнизондық солдаттардың Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуын бақылаумен ғана шектелген. Еңбекте большевиктердің солдаттар арасында жүргізген үгіт- насихат жұмыстары тыс қалған. Автор тарапынан жұмысшылар мен солдат ұйымдарының байланыстарына мəн берілмеген. Тылдағы гарнизон бөлімдеріндегі партия ұяшықтарының құрылуы жөнінде айтылмайды, солдаттар арасында жүргізілген революциялық жұмыстардың формалары мен əдістері, олардың аграрлық қозғалыстарға қатысуларының мəні ашылмаған. А.Оспанов солдат комитеттері жөнінде мəліметтер келтірмеген [1; 174].


Əрине, адам күшін мобилизациялау өлкелерде социалистік революцияның саяси армиясын құру проблемасына қатысты. Алайда зерттеушілер əлі де болжамды цифрларға иек артады. Олар далалық аймақтарда Түркістандағы мобилизациялаудың нақты масштабын, солдаттарды революция жағына тартудағы большевиктердің əскери-ұйымдастырушылық формасы мен əдістерін ашып бере алмайды. Бұл үшін Қазақстанның зерттеушілері патшалық Ресейдің, ең алдымен, Қазан, Омбы (Сібір) мен Түркістан əскери округтерінің мұрағаттарын алғандары жөн. Майданда (14 армияда) 1917 жылы 7185446 адам болған, оның 7 миллионы — солдаттар. Тыл округтерінің қосалқы бөліктерінде, Ставканың есебінше, 2265 мың адам болған. Далалық өлкеге қараған елдің еуропалық бөлігіндегі төрт губернияда (Орынбор, Уфа, Самара, Астрахан) əскерге (мобилизация) тұрғындардың 10,9 % алынған, ал Батыс Сібірдің екі губерниясы (Тобыл мен Томск) — 11,8 %. Далалық өлкелерде əскери- мобилизациялық — 5,6 %, яғни село тұрғындарымен салыстарғанда екі есеге кем жүргізілген. Соғысқа қарамастан, 1914–1916 жж. мобилизацияланғандар Далалық өлкелерде — 269,3 мың, Түркістанда 402,1 мың адамға жеткен. Оның ішінде Далалық өлке бойынша селолық жерлерден 213,9 мың адам болған. Соңғы цифрлар негізінен тұрғындардың тыл жұмыстарында мобилизациялық санын көрсетеді.


Империалистік соғыс патша саясатымен бірге тылдағы гарнизондар саны арта түсті. Оны мына көрсеткіштерден көруге болады [1; 176].


 Тылдағы гарнизондардың көрсеткіші


Тылдағы гарнизондардың көрсеткіші


Қазақстан мен Түркістан аумағында майдан даласына уақытша жіберілген əскери бөлімдер мен жазалау үшін жіберілген əскери күштер орналасады. Мысалы, 1916 жылдың  1-шілдесіне дейінгі санақ бойынша, яғни патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына тартуға дейін, Далалық өлкеде 198,3 мың адамдық армия бөлімдері болған екен, ал бір жылдан соң 286,5 мыңға жеткен. Түркістанда тиісінше 269,5 жəне 402,1 мың адам болған.


Ұлт-азаттық көтерілісті басу үшін патша қаруланған техникасы жақсы жабдықталған майдандағы əскери бөлімдерін жібереді. М.А.Фольбаумның атына 1916 жылдың 21  тамызында салған жеделхатында Н.А.Куропаткин: «Екі қазақтар полкі мен атты батальоны аттанды. Сіздің қарамағыңызға 35 рота, 24 жүздік, 240 атты барлаушылар, 16 зеңбірек, 47 пулемет болады», — деп жазады. Торғай облысы көтерілісшілерін басу үшін генерал Лаврентьев бастаған құрамында 10 жаяу əскер ротасы, 14 зеңбірек, 11 жүздік атты əскер эскадроны бар жазалау экспедициясы жіберілген. Қарашаның басында оған тағы 4 жаяу əскер ротасы, 2 атты əскер жүздігі, 4 зеңбірек пен 4 пулемет қосылды. 1916 жылғы қарашаның ортасына қарай тағы да қосымша 7 рота, 5 атты əскер жүздігі, 3 атты əскер эскадроны беріледі.


Бастапқыда бірінші тыл жұмыстарына 381065 адам тарту керек болатын. Қарудың күшімен үкімет ауылдардан 150 мың адам алып, тыл жұмыстарына жіберді.


Сонымен Қазақстанда революция армиясын мобилизациялау үшін 75 мың жұмысшы жəне майданнан қайтқан сарбаздар, офицерлер мен кіші офицерлер резерві (100–150 мыңнан астам) пайда болады, 36,2 мың гарнизон солдаттары, 150 мың жұмысшысынан қайтқан қазақтар мен 284,4 мың қосалқы полктар мен батальондар солдаттары, революциялық армияның маңызды бір резервін қазақ шаруалары мен крестьян-қоныс аударушылар құрайды.


П.Пахмурный мен В.Григорьев «өлкелердің əр түрлі аудандарында революциялық күрестің негізгі күшін, дегенмен, аз болса да жəне жеткілікті ұйымдастырылмаса да жұмысшы табы құрайды», — деп есептейді [3; 31].


Əскери ведомоствоның пікірінше, бұратана халықтарда «Отанға деген орыстардай берілгендік жоқ» [3; 13]. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ: оларды əскер қатарына алу қауіпті, қолына қару беріп, əскер ісіне үйрету өзімізге қарсы қарулы жауды қалыптастыру болып табылады. «Біздің міндетіміз, — дейді автор, — шеткі аймақтардағы халықтарды біздің құрылымда жан-жақты тарту болып табылады. Олардың өмір сүру дағдарысындағы айырмашылықтарды біртіндеп жою қажет. Одан аттап өтуге еш болмайды. Бұл-əскери құрылыс үшін де аса қажет».


Түркістандағы əскери құрылыс үлкен қиындықтармен іске асырылды. Ұлттық командалық құрамның кадрларының халық саны жөніндегі деректердің жоқтығы, жергілікті тұрғындардың ұлттық, тұрмыстық ерекшеліктерінің есепке алынбауы, жастардың білім деңгейінің төмендігі — осының бəрі кері əсер етеді.


Сонымен қатар М.Захаровтың Түркістанның басқа кеңес елдерінен кесіліп қалғаны, 1919 жылдың екінші жартысына дейін аз күштерімен ғана Кеңес өкіметін қорғағаны жөніндегі  тезисімен де келісуге болмайды [3; 189].


Сыртқы əлемнен алыстап қалған алыстағы Түркістан Республикасында азамат соғысының оқшауланған ошағы жөнінде екі түрлі себептен ой қозғауға болады. Біріншіден, бұл проблеманы толық зерттемеуден, материалдарды толық зерттемеуден туып отыр. В.И.Лениннің өзі бастап Кеңес өкіметі Түркістанды интервенттер мен ішкі контрреволюциядан қорғаудың барлық шарасын қарастырған болатын. Екіншіден, Ресейдің бүкіл түпкір-түпкірлерінен өріс алған азамат соғысының оқиғаларына терең үңілмеу болып табылады.


Қолда бар əдебиеттерде Кеңес өкіметінің Қызыл гвардия отрядтарында ұлттық əскери құрамалар құрудың, оның ұлттық мəселелер жөніндегі шығарған декреттерімен сабақтастығы көрсетілмейді. Мысалы, 1917 жылдың 2 қарашасында шыққан «Ресей халықтарының қарулық декларациясында» Кеңес өкіметі барлық ұлттарға Қызыл Армияда қызмет ету құқығы мен мүмкіндігін береді.


Нақ осы ереженің негізінде социализмді қорғау ісін ұйымдастыруда ұлттар теңдігін сақтау үшін ұлттар ісі жөніндегі Халық Комиссариаты 1917 жылдың 17 қарашасында  демократияланған армияның əскери құрылымдары негізінде еркін ұлттық бөлімдер құруға рұқсат береді.


Ұлттық аудандарда Қызыл Армия бөлімдерінің құрылу тарихын зерттеу еңбектерінде ұлттық əскери құрылымдарды құру мақсаты мен оған деген Кеңес өкіметінің пролетариат диктатурасының мүддесі тарапынан көзқарасы туралы мəселелер қаралмайды.


Партияның Бүкілресейлік əскери ұйымдар конференциясында Ресей халықтарының ұлттық полктер құру мəселесі жөнінде қарар қабылдайды. Бірақ сонымен бір мезгілде ұлттық құрылымдардың буржуазиялық-ұлттық контрреволюцияның немесе буржуазиялық-ұлттық үкіметтің ұлыдержавалық саясатының қаруына айналып кету қауіпі де туындайды.


1918 жылдың 7 мамырында Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысында ұлттық əскери бөлімдердің жекелеген ұлттар тұратын аумақтарда құрылуы мүмкін екендігі айтылады (Украина, Башкирия, Армения жəне т.б.). Əскери құрылымдар, оның ішінде ұлттық құрылымдар азамат соғысы жылдарында да, Ұлы Отан соғысы жылдарында да директивалық органдардың қатысуымен жəне рұқсатымен ғана құрылады [7; 189].


Зерттеушілер арасында ұлттық құрылымдарды құру сатылары жөнінде ортақ көзқарас жоқ. Қазақ ұлттық құрылымдардың жəне олардың жеке құрамдарының жалпы саны жөніндегі мəселе шешілмеген. 1949 жылы А.Нүсіпбеков 1920-жылдың аяқ кезіндегі Қазақстанда құрылған əскери бөлімдер жөніндегі деректер келтіреді, бұрынғы Жетісу мен Сырдария облыстарын есептегенде, 36 əскери бөлім болған екен (оның ішінде атты əскер — 17, артиллерия — 3, пулемет — 2, қосалқы атты əскер — 1, байланыс — 1).


Ю.Романов бұған елеулі түзетулер енгізді. Ол 1920-жылдың аяғында Кир əскери комиссариаты Бөкей, Орал, Торғай облыстарында 37 əскери жəне бөлімшелер құрған екен, оның ішінде 4 атты əскер, 2 атқыштар полкі, 9 жеке атты эскадрон, 2 атқыштар батальоны болған дейді.


С.Н.Покровский Жетісу мен Ақтөбеде майдан аймағында еңбекшілерді мобилизациялау ісін тұңғыш рет жинақтап көрсетті. Алайда автор бұл майданда əрекет еткен əскерлердің сапалық құрамын аша алмаған. Бұдан гөрі тереңірек талдау жұмысы А.Елагин жүргізе алған. Оның ойынша, 1918 жылдың мамырына дейін Қазақстан аумағында құрылған Қызыл Армия бөлімшелерінің жалпы саны 7 мың найза мен қылыштан санайды.


1920 жылдың мамыр айында большевиктердің Еңбек жəне Қорғаныс Кеңесінің  шешімімен армия қатары 19 бен 35 жас аралығындағы адамға толықтырылды. Бұл шақыру Түркістанның өзінде ғана 25 мың адамға толықтырылды.


Зерттеушілер бірауыздан бұл шақыруды табысты өткенін айтады. Негізінде, М.Захаровтың пікірінше, ол күткен нəтижеге қол жеткізбеді. Тұрғындардың комиссия құрамына алынбауы, əскери комиссариат аппаратының əлсіздігі, жергілікті жердегі Кеңес өкіметі органдарының бұл ісіне жеткілікті көңіл аудармауы, байлар мен жартылай феодалдардың үстемдігі, Түркістан майданының күш-қуатына кері əсер еткен басмашылар қозғалысы жəне басқа да жағдайлар, ол кездегі əскер қатарына шақырушылардың əскери қабілеті жоғары қаруға мүмкіндік бермеген.


Зерттеушілер С.Н.Покровский, К.Нұрпейісов, А.С.Елагин, Ю.И.Романов, П.М.Пахмурный, В.Н.Григорьев, М.Қ.Қозыбаев жəне басқалар жалпы алғанда Қазақстан халқының азамат соғысына нақты баға бере алды деп есептейміз.


Алайда жоғарыда алғашқылармен бірге мынадай Қазақ Əскери Комиссариатының тарихы, Қазақстанда өріс алған азамат соғысы майдандарда кеңестік қарулы күштерді нығайтудағы елдің пролетарлық орталығының рөлі, Қызыл Армия бөлімдерінде жұмысшы-шаруалар арасында жүргізілген саяси-көпшілік жұмыстары азамат соғысы жылдары өлкелер аумағында ағылшын- американ, француз, герман империалистерінің жаңа отарлау саясатының мəні; Қазан, Уфа, Омбы, Челябі, Новосібір, Ташкент мұрағаттарнан жаңа деректер тарту; зерттелетін проблемалар аясын кеңейту; азамат соғысы мен əскери интервенция жылдары Отанды, революция жеңістерін қорғаудағы халықтар күресінің интернационалдық сипат алуы секілді аса маңызды мəселелер əлі де терең зерттеу жұмыстарын күтіп тұр [1; 188]. Осыған байланысты азамат соғысының тарихнамасының ашылмай жатқан қырларының əлі де көп екені күмəн туғызбайды. Өткен тарихқа кеңестік идеология көзқарасымен емес, нақты бүгінгі күн тұрғысынан шынайы баға беру жұмысы енді қолға алынғаны белгілі.


 Əдебиеттер тізімі


Козыбаев М.К. История и современность. — Алматы: Ғылым, 1991. — 235 б.

Əлімғазинов Қ. Истпарт жəне азамат соғысы // Қазақ тарихы. — 1997. — №

Пахмурный П.М., Григорьев В. Октябрь в Казахстане. — Алма-Ата: Казахстан, 1978. — 308 с.

История Казахской СССР с древнейших времен до наших дней: В 5 т. — Алма-Ата: Наука, 1979. — С.

Григорьев Л. Очерки истории Коммунистической партии Казахстана. — Алма-Ата: Ғылым, 1979. — С.

Оспанов А. Участие солдатских масс в установлении Советской власти в Казахстане (февраль 1917 – март 1918). — Алма-Ата: Наука, 1963. — 160

Ашық сабақ. Қазақстан атрихы. Бөгенбай батыр Ақшаұлы туралы
Баяндама: Сартай батыр бастаған «Мың бала жорығы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу