Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Сабақтың мақсаты:
Жауынгерлік дәстүрдің маңызын түсіндіре отырып, мінез - құлық қағидаларын ұғындыру
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Оқушыларды ҚР әскери оқу орындарымен және даярлайтын мамандықтармен таныстыру.
ә) Дамытушылық: Әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, әскери шеберлігін жетілдіру әрекетіне дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Отанының патриоты болуға, өз борышын терең түсінуге және оны ақырына дейін орындауға дайын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі бөлімшеге бөлу.
2. Взвод командирінің баянаты.
3. Сәлемдесу.
4. Қ. Р. мемлекеттік гимні.
5. Оқушыларды түгендеу.
6. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау
І топқа
1. Елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметі болып табылуы қай заңда айтылған?
2. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерге кімдер жатады?
3. Заң қарулы күштерді толықтыруда қандай принциптер негізінде белгілейді?
4. Әскери шақырушылар мен даярлауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер кімдердің басшылығымен жүзеге асырылады?
5. Жастарды әскерге даярлау жұмысын ұйымдастыру мен оның нәтижесін бақылау қай министрлікке жүктеледі?
ІІ топқа
1. Алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін кім айқындайды?
2. Әскери есепте неше жасқа толған ер - азаматтар кіреді?
3. Әскери міндеттілер мен шақырылушылар тегін жұмыс орнын өзгерткен жағдайда әскери басқару органын неше күнде хабардар етуге міндетті?
4. Азаматтарды әскери қызметке шақыру қандай іс - шаралар кешені болып табылады?
ІІІ топқа
1. Келісім - шарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қандай талаптар қойылады?
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім шарт өз қолданысын қандай жағдайда тоқтатады?
3. ҚР қарулы күштерінде әскери қызметкерлер үшін әскери қызметті өтеудің Заңда қандай мерзімі белгіленген?
4. Мерзімді қызметтерді әскери қызметшілер мен әскери қызметке алынған кезде жасалатын келісім - шарт жүйесі нені білдіреді?
Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі
“Топтастыру” стратегиясы
Жаңа сабақ: Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.
Соғыс жүргізу әдістері:
XVII - XVIII ғасырларда ел қорғаған ірі соғыстарда, Хазар(Каспий) бойындағы 83 күнге созылған ұрыстың бір жарым айы тек жекпе - жекке шығумен өткен, батырлардың алды тоғыз, арты бес күн бойы жекпе - жек соғысқа қатысқан.
Қазақ батырларының соғысу әдістері де айрықша айтылады.
Үш тоғыс соғысы
Ай қораланды соғысы
Қаша ұрыс салу
Шұбыртпалы соғыс
Екі аша соғысы
Хилер соғыс
Жүре соғыс
Құйрық жеу соғыс