Монография дегеніміз не?

Oinet.kz 08-09-2020 4097

Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады.


Ашық сабақ. Ағылшын тілі. Healthy lifestyle
Мысал дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу