Ашық сабақ. География. Орталық және Шығыс Азия елдері
Ашық сабақ
Тақырыбы: Орталық және Шығыс Азия елдері
Танымдық ойын сабағы
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің бар да!
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңа үлгілері келуде. Жаңа әдіс - тәсілдерді жетілдіріп, тиімді қолдану үшін әр мұғалім өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сәйкес білім сапасын көтеруге күш салуы тиіс деп ойлаймын.
7 б сыныбында «Орталық және Шығыс Азия елдері» атты тақырыпта өткізілген ашық сабағымның сабақ жоспарын әріптестеріме ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедерінің ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың есте сақтау танымдық қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту, картамен сөйлей білуге баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: дәстүрлі емес
Сабақ түрі: танымдық ойын
Пәнаралық байланыс: биология, химия, тарих
Сабақ өткізу әдісі: интербелсенді, баяндау, сұрақ - жауап, ұжымдық, топтық түсіндіру, картамен жұмыс, иллюстрация, демонстрация
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, Орталық және Шығыс Азия елдерінің картасы, Жарты шарлар картасы, электрондық оқулық, плакаттар
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ – жауап
1. Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің географиялық орнын салыстырып, табиғат жағдайларындағы басты белгілерді атаңдар?
2. Аймақтардың жер қойнауы пайдалы қазбаларға неге бай? Жауаптарыңды нақты мысалдармен толықтырыңдар,
3. Аймақтарда өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін атаңдар.
3) Үй тапсырмасын бекіту. Кестені толтыру.
Төмендегі жоспар бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі.
1. Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер
2. Жер бедерінің ерекшеліктері
3. Әлемдік өркениеттің дамуындағы орны
Орталық және Шығыс Азия елдері
↓
Қытай ХР Монғолия ТМД құрамындағы Қаз Жапония Корей Р Корей ХДР мен Орта Азия елдері
Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.
Шығыс Қазақстан облысы,
«Дарынды балаларға арналған
Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған
мектеп - гимназия - интернаты»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәні мұғалімі Смағұлова Ақгүл Қажмұханқызы
Орталық және Шығыс Азия елдері жүктеу