Идиллия дегеніміз не?

Oinet.kz 07-09-2020 1319

Идиллия (грек. eіdyllіon – картина, шағын өлең) – поэтикалық жанр. Идиллиямен жазылған шығармалар қарапайым халық тұрмысы мен өмірін, табиғатты дәріптеп суреттеген. Идиллия жанры алғаш рет Ежелгі Грекияда пайда болған. Тұңғыш рет Феокрит (б.з. 3 ғ.) қолданған. Идиллия жанры әлемдік поэзияда 18 – 19 ғасырларда ерекше дамыды. С.Геснер (Швейцария), И.Г. Фосс (Германия), Н.М. Карамзин, В.А. Жуковский (Ресей), т.б. осы жанрда өлеңдер жазды. Кейін ол тек табиғат көріністерін суреттейтін жанр ғана болып қалды. Мысалы, Ы.Алтынсариннің “Жаз”, “Өзен” атты өлеңдері идиллия жанрында жазылған.


Ашық сабақ. География. 11 сынып. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Ашық сабақ. География. Беларусь Республикасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу