Ашық сабақ. География. Беларусь Республикасы

Oinet.kz 07-10-2018 933

География 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: §51 Беларусь Республикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қасиетін, ойлау өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қазақстан елімен Беларусь Республикасын салыстыра отырып, Отаншылдыққа, өз елінің патриоты болуға, достастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, сызба арқылы, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, кесте, карта, схема, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, саясат.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардан Беларусь Республикасы туралы жан - жақты білім алу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Журнал бетін толтыру

Жаңа сабақ
Беларусь Республикасы
Географиялық орны

Солтүстік - батысында Литва, Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, Батысында Польшамен шектеседі. Теңіздік шекаралары жоқ. Ауданы - 207, 6 мың км2.

Табиғаты және табиғат ресурстары
Беларусь аумағын Ежелгі Орыс платформасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Солигорск маңында калий тұздарының д. ж. ең ірі кен орындарының бірі орналасқан, Мозырь Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар, ел аумағында құрылыс материалдары да мол. Беларусь жеріне қоңыржай континентті климат тән.

Халқы
Халқы 9, 8 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы - 68 жас. Ұлттық құрамы беларусьтар (78%), орыстар (13%), поляктар (4%), украиндар (3%), және т. б. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 47, 4 адамнан келеді.
Беларусь Республикасы жүктеу
Беларусь Республикасы слайд жүктеу

Идиллия дегеніміз не?
Проза дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу