Ашық сабақ. География. Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ - 4. 2А машинасы.
Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ - 4. 2А машинасы.
Сабақтың мақсаты:
а) оқыту: Минералдық тыңайтқыштар туралы мағлұмат беріп, қандай мақсаттарға пайдалану керектігін, түрлерін біліп, минералды тыңайтқыш шашатын машиналардың құрылысы, атқаратын қызметі, жұмыс жасау принципімен оқып танысу.
б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
в) дамытушылық: оқуды еңбекке ұштастырып, ғылым мен білімге жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: Химия, тракторлар мен автомобильдер, геометрия, материалтану, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, видеоролик, сызбалар.(РТТ - 4. 2А минералдық тыңайтқыш шашатын машинасының фотосын, тракторлар фотосын слайд арқылы көрсету).
Сабақтың барысы:
а) Оқушыларды түгелдеу.
б) Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар біз жалпы таным - түсінігімізді тағы да бір рет қалыптастырып алу үшін мына бір сұраққа жауап беріп көріңіздерші: Жер бетіндегі қандай тірі ағзаларды білесіңдер? Мысалы:
Жаңа сабақты түсіндіру.
Минералды тыңайтқыш яғни түк себетін РТТ - 4. 2А себелеуіш машинасы.
1. Атауы: РТТ - 4. 2А тіркемелі минералды тыңайтқыш шашқыш - себелеуіші.
2. Атқаратын қызметі: Минералдық тыңайтқыштарды яғни түктерді түйіршіктелген және
ұнтақ түрінде себуге арналған машина. Астық және бау - бақша тұқымдастарын егетін
жерлерге себіледі.
3. Тракторға агрегатталуы: Т - 40; МТЗ - 80; ДТ - 75 тракорларына агрегатталады.
4. Технологиялық сұлбасы: б - тыңайтқыш сепкіш аппарат; 1 - аппарат тәрелкесі; 2 - жаймалағыш; 3түк жәшігі; 4 - лақтырғыш; 5 – шағылдырғыш қалқан; 6 - дөңгелек; 7 — кронштейн; 8 - кіндік; 9 – қапсырма шеге; 10 - бұрыш; 11 - тәж.
5. Жұмыс жасау принципі: 3 - ші нөмірлі тыңайтқыш, яғни түк салған жәшіктің астында тәрелке тәріздес түк сепкіш аппараты орналасқан 6. Аппарат тарелкесінің жартысы астыңғы жағында, екінші жартысы түк жәшіктің артқы жағында тұратындай етіп орнатылған. Әрбір тәрелке оларға бекітілген берілістер 11 арқылы айналысқа түседі. Тәрелкенің үстіңгі жағында тыңайтқышты бағыттағыш, қырғыш және екі лақтырғыш орналасқан 4.
Түк яғни тыңайтқыш, тыңайтқыш жәшігінің астындағы ойықтар арқылы және солар арқылы жәшіктен шығарылады. Лақтырғыштар 4 тыңайтқыштарды жебелерге 5 жібереді де топырақтың беткі жағына бөліп шашады.
Жылжымалы қайталама - ілгерлемелі саусақты жаймалағыш 2 үймелерді серпиді. Механизмдер дөңгелектерден екі карданды білік арқылы қозғалысқа келеді.
6. Тыңайтқыш себу мөлшеріне қою: Тыңайтқыштың себу мөлшері беріліс шестерняларын ауыстырып қою арқылы және қалқалағыштар мен тәрелкелер арасындағы саңылауларды өзгерту арқылы реттеледі. Саңылау 1... 3 мм болу керек.
Қызылорда облысы, Арал қаласы,
Арал көпсалалы колледж оқытушысы
Шолпан Балманова