Ашық сабақ. Биология. Адам іс - әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері

Oinet.kz 07-10-2018 897

Адам іс - әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Адам баласының қоршаған ортаға тигізетін түрлі әсерлерін оқушыларға жете түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: Табиғатты, яғни қоршаған ортаны қорғауда оқушылардың білімдерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, туған өлкенің өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғауға, аялауға үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, ойын элементтерін пайдалану.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа технология әдістерін пайдалану, сызба - нұсқа, слайд, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын интеллектуалды сұрақ - жауап арқылы тексеру.

I кезең: «Бәйге»
1. Бірегей ортадағы организмдер жиынтығы. (Биоценоз)
2. Ауылшаруашылық жерлерінде тіршілік ететін организмдер жиынтығы. (Агроценоз, агробиоценоз)
3. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды тұрақсыз экожүйе. (Агроэкожүйе)
4. Қолдан егілген өсімдіктер бірлестігі. (Агрофитоценоз)
5. Агроценоздың қалыптасу бірлестігі. (Жасанды бірлестік)
6. Қазақстан жерлерінде сынақ өткізілген полигондар. (Семей, Сарыөзек, Байқоңыр, Азғыр, Тайсойған, Нарын, Сарышаған және т. б.)
7. Адам өміріне өте қауіпті улы металды заттар. (Диэтилқорғасын немесе детонатор)

ІІ Кезең: Полиглот
1. Қазақстанда сынақ полигондары қамтыған жерлер шамамен қанша?
20 млн га,
2. Арал апатына байланысты сол өңірдің фаунасы мен флорасының соңғы 30 - 40 жыл ішінде неше %- дан астамы ығысып, оның неше %- ы жойылып кеткені мәлім?
70%, 50%,
3. Шаруашылық салаларының сұранысын өтеу үшін, жарамды жерлерін не үшін игере бастады?
Ауылшаруашылық,
4. Абиотикалық факторлар нелер жатады?
Күн, ауа, жарық, су, температура, сәуле т. б.
5. Агроценозға қолдан сұрыптау жолымен мол өнім алу үшін не шығарылды?
Төзімді сорттар,
6. Шикізатты өндеу және өндіру қандай ортаға байланысты жүзеге асырылады?
Табиғи орта,
7. Адам баласы күнделікті тұрмыста қандай заттарды пайдаланады?
Химиялық, синтетикалы,
8. Адамның іс - әрекетінің әсерінен табиғи биоценоздар құрылымы өзгеріп неге айналады?
Агроценоздарға.

Жаңа сабақ:
Тақырыбы: Адам іс - әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері.
Жоспар:
1. Антропогендік факторлар.
2. Антропогендік факторлардың әсер етуі.
3. Қазақстандағы және жергілікті жердің жағдайы.

Антропогендік факторлар

Адамның биологиялық түр ретіндегі табиғатқа әсері
Адам өзінің барлық іс - әрекетінде ақылмен ойланып жұмыс істейді
ҒТП - ның дамуы барысында
Адамның ең ірі әрекеттерінің бірі
Адам баласының атом қарулары мен ғарышты игеруі

Бекіту сұрақтары:
Биологиялық диктант.
1. Адам биологиялық түр ретінде....... барлық аймақтарына таралып отыр.
( Жер шарының)
2. Адам қоректену немесе өмір сүру үшін.............. аулап жояды.
(Аңдар мен құстарды т. б)
3. Жер шарындағы халықтың өсуіне қарай және....... дамуына тікелей байланысты дамыды.
(Ғылыми – техникалық прогресстің)
4. Кейбір мәліметтер бойынша жер шарындағы барлық орманның........ кесілген және барлық жарамды жерлердің........ игерілген.
(50%- ы, 70 - 75%- ы)
5. Адам өзінің барлық........ жұмыс істейді.
(Іс - әрекетінде ақылмен ойланып )
6. Мәдени өсімдіктердің пайдалы........., бау - бақшаның өнімділігін арттырудың жоғары........ меңгереді.
(Сорттарын, технологиясын)
7. Табиғатты игеру еш уақытта толастамайды, керісінше........ заңды құбылыс.
(үдей түсуі)
8. Біз қазір өмір сүріп отырған табиғат ертеңгі біздің ұрпақтарымыз үшін де қажет екенін үнемі есте ұстауымыз қажет. Өйткені бүкіл адамзаттың тіршілік ортасы, үйі біреу ғана, ол..............
(Жер!)

Эссе
1. Жергілікті экологиялық жағдайларының адам денсаулығына әсері.
2. Маңғыстау аймағындағы антропогендік өзгерістер.
3. Каспий теңізінің экологиясы.
Бағалау.
Үйге тапсырма беріледі

Ақтау қаласы, №14 орта мектептің
биология пәні мұғалімі Р. Д. Досаева

Ашық сабақ. Биология. Мембранасыз органоидтер
Ашық сабақ. Биология. 7 сынып. Оқу бағдарламасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу