Жыртық аяқ киімнен шыққан ақша
15-11-2022
12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
География пәні мұғалімі Қамбар Амантаевқа арнау
Ұстаздың жолы - ұлы жол!
Сөздерді нақышына келтіріп бір,
Әлемді бір парақта таңбалаған.
Таулар - тастар, қалалар, өзендер - көл
Дөңгелек жұмыртқада сия қалған.
***
Көрген жан мақтанып айтар атын,
Біліміңді еселеп қайтаратын.
Шаһарда біздің алтын бір ұстаз бар
Ашымаған айранды ұйытатын.
Тұлпары алда жүрер аламанда,
Білгенін жасырмайтын бар адамға.
Дүние түсінікті боп кетеді,
Нұр шашқан жанарымен қарағанда.
Айтылмаған көкейдегі ойлары әлі,
Шөл басқан саналарды қандырады.
Бүгінгі Шохандайын жарық жұлдыз
Ертеңгі қазағымның – Марғұланы!
Жататын бүкіл әлем таңдай қағып,
Ғылым мен білім жолда маңдай алып.
Ұстаздар керуенін бастап тұрар
Тізгінін ұстап алып – Амантаев!