Тәрбие сағат: Кітап - рухани қазына

Oinet.kz 06-09-2020 1093

Сабақ тақырыбы: Кітап - рухани қазына

Сабақ мақсаттары: 1. Кітаптың таусылмас қазына,әрі білімнің көзі екенін түсіндіру,адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру

Күтілетін нәтиже 1.сыни ойлаулары белсенді дамиды,өз ойларын толық,нақты айта білуге,өз көзқарастарын айтуға үйренеді.

2.Кітапты көп оқуға,өз беттерімен ізденуге өз пікірін айта білуге және кітап оқуға қызығушылықтары артады.

Тілдік мақсат: Кітап - книга - book

Қолданылатын ресурустар Интерактивті тақта, бейнежазба,топ ережесі,түрлі - түсті қаламдар, қағаздар

Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Тыңдаушының іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) - Балалар бүгін бізде ерекше сабақ,сондықтан барлығыңызды ортаға шақырамын.

Кітапта алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін - деп аталарымыз жырлағандай , тәтті алманың орнын басар , мынадай әдемі кітаптарды ұсынып, сіздерді топқа бөлемін. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Топқа бөлу (5 мин) 3 түрлі кітапшалар арқылы бөлу 3 топқа бөлініп отырады

Сабақ 

жоспармен таныстыру І.Кіріспе

ІІ."Кітаппен кеңес,білімдімен теңес" топтық сайыс

Ми шабуылы 

(10 мин) Видое көрсету,кітап қалай жасалады?

Нұсқау:

Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер

Кітап дегеніміз не?

Кітап қалай жасалады?

Кітап туралы тағы біраз мәлімет алдық,келесі кезекте кітаптан алған білімімізді көрсетейік Оқушылар өз ойларын түйіндейді

Топпен жұмыс

Сабақ соңы: ."Кітаппен кеңес,білімдімен теңес" топтық сайыс

1."Кітап- ақылшы дос" шығармашылық жұмыс

2."Мақал сөздің мәйегі" кітап туралы мақал айту

3.Көркем сөз

4.Төрт сурет бір сөз

5.Мен оқыған кітаптар тізбесін дайындау( постер қорғау)

1. "Еркін жазу" әдісі арқылы

"Кітап- ақылшы дос" шығармашылық жұмыс

Дескриптор:

- Мәтін құрай алады

-Сөйлемдер байланысын ажыратады

- өз бетінше оқи алады

ҚБ: Ауызша мадақтаулар

2. "Ұшақ әдісі

""Мақал сөздің мәйегі" кітап туралы мақал айту

Дескриптор:

- тақырыпқа сай жинақтайды

- мағынасын түсінеді

ҚБ: " Үш шапалақ" әдісі

3. "Дауыстап айту" әдісі

Көркем сөз

Дескриптор:

- өлең жолын жатқа айтады

- мәнерлеп айтады

ҚБ: "Күлегеш" әдісі арқылы

4."Бір минуттық әңгіме"әдісі

"Төрт сурет бір сөз"

Дескриптор:

- суреттер арқылы сөз құрайды

- ортақ тақырып таба алады

ҚБ:  " Жарайсың", "Керемет қатыстың"

5. "Кластер" әдісі

"Мен оқыған кітаптар" оқыған кітаптар тізбесін жасау 

ҚБ: "Жұдырық -алақан" әдісі

Қорытынды: 

"Ашық микрафон" әдісі

1.Сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

2.Сабақта өзіңе не ұнады?

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу