Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады». Өмірді өзгерткен кеңес.
Абдрашева Алия Кажмухановна
Қостанай қаласы Қостанай қаласы әкімдігінің №15 ОМ” ММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: ІІ бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы | Мектеп: «№15 орта мектебі» ММ | ||
Күні: 22.11.19 | Мұғалімнің аты жөні: Абдрашева А.Қ. | ||
Сынып: 5 «Ә» | Қатысушылар саны: 23 | Қатыспағандар: | |
Сабақ тақырыбы | Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады». Өмірді өзгерткен кеңес. | ||
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) | 5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау 5.Т/Ж.2 – көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу; 5.А/И4 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу | ||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Әңгімені оқиға желісімен мазмұндай алады, негізгі ойын түсінеді. Көптеген оқушылар істей алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін салыстыра отырып, мінездеме бере алады. Кейбір оқушылар істей алады: Кейіпкерлерге мінездеме беріп, шынайы өмірмен салыстырады, баға береді. | ||
Бағалау критерийі | • Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтайды. • көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады. • шығарманың тарихи құндылығын баға береді. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Фабрик, франк, фабрика, приказчик, купец Түсіндірме сөздер: әйдік, реуішті, жұртым Ишара: қайыршылық сұрау, терең ойға қалу, бір орында қатып қалу. | ||
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік, құрмет «Мәңгілік ел» идеясының бесінші құндылығы: еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін | ||
Пән аралық байланыс | Көркем еңбек, қазақ тілі, қоғам | ||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Көрсетілім, ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас | ||
Қосымша білім | Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын біледі. | ||
Сабақ барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңдері, уақыты | Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет) | Ресурстар | |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин Мұғалім Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын «Ішкі және сыртқы» шеңбер» әдісі арқылы сұрайды. – Ы.Алтынсарин кім? – Туған жылы мен туған жері? – Атасының аты? – Оқыған жерлері? – Атқарған қызметтері? – Қандай өлеңдерін білесің? -Әңгімелерінің басты тақырыбы? – Қандай әңгімесін білесің? Қызығушылықты ояту 5 мин Тақырыпты болжау.Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы. Төменде берілген сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлінеді, шығарма мазмұнын болжауға тырысады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. Күтілетін нәтижелер белгіленеді. | Оқушылар «Ішкі және сыртқы» шеңбер» әдісі арқылы ортаға шеңбер құрып, өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. «Мозайка» әдісі арқылы. Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді. Құрастырылған суреттерді сөйлетіп, тақырыпты болжайды. | Ы.Алтынсарин портреті, презентация Тақырыпқа қатысты сурет қиындылары |
Сабақтың ортасы 30 мин 30 мин | Қызығушылықты ояту. Ой шақыру. -Оқушылар, Еңбек деген не? Оқушылардың назарынаЫбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің видеосы, тыңдатылады. 4 мин -Кейіпкерлері кімдер деп ойлайсыңдар? – Әрі қарай не болады – Антон бейтаныс кісінің ақылын тыңдай ма? -Әңгіме қалай аяқталады деп ойлайсыздар? -Сонымен, Ыбырайдың бұл әңгімесі не туралы екен? Топтық жұмыс. 15 мин 1-топ. Жоспарлау. Тыңдаған, оқыған әңгіме желісі бойынша қысқа (жай) жоспар құрыңыз. Әңгіменің көтерген тақырыбы мен автордың айтпақ болған идеясын анықтап, постерге түсіріңіз. ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі 2-топ. Оқулықтан 67 беттегі Білу, Түсіну деңгейі бойынша стикерлерге сұрақтар жазып, «Өкіл әдісі» арқылы келесі топтарға қояды. 1-топқа: 1. Әңгімедегі кейіпкерлер кімдер? 2. Әңгімедегі қай елдің білімді адамы туралы баяндалады? 2 топқа: 4. Антон деген кім? 5. Антонның қайыр тілеу себебі неде? ҚБ: «Мадақтау» Жарайсың!, Керемет, Тамаша т.б. 3 топ. Тапсырма: Берілген кестені жұптаса отырып, таңдаған кейіпкеріңізді талдаңыз. ҚБ: «Плюс, минус, қызықты» әдісі 4-топ 1-тапсырма. Кейіпкерлерге постер арқылы мінездеме береді. Дескриптор: Антонға мінездеме бередіБейтаныс адамға мінездеме береді ҚБ: «Сэнквейч» әдісі Жұптық жұмыс. Шығарма кейіпкерлерін іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз. 2 мин ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы Жеке жұмыс 3 мин Антонның іс-әрекеті арқылы образды өмірмен байланыстырып, авторға не кейіпкерге хат жазыңыз. Өзіндік ой-тұжырымын шоғырландырып, қағаз бетіне түсіреді де, топта бір-біріне оқып беріп,талдап, ең үздік хатты смс арқылы (авторға) мұғалімге жібереді. Мұғалім келесі сабақта ең үздік хаттарды блаларға оқып береді. ҚБ. «СМС» әдісі | «Стоп-кадр» әдісі. Мәтіннің мазмұнын тыңдайды, болжайды. Балалардың болжам жауаптары тыңдалады да шынайы жауаппен сәйкестендіріледі. Жоспар: 1. Француз жұртының білімді адам/ң сөзі: Бейтаныс адамның сөзі:Антонның ойланып, шешім қабылдауыАнтонның зор байлықтың иесі болуыБрюссель қаласында білімді адам мен Антонның кездесуі Тақырыбы – еңбек Идеясы – ешқашанда ерінбеу, жалқаулықтан аулақ болу. Оқушылар стикердегі сұрақтарға жауап береді. 3 топқа: 5.Антон кіммен кездеседі? 6.Ол адам Антонға қандай әңгіме айтады? 4 топқа: 7. Неліктен Антон еңбек етуге шешім қабылдайды? 8. Антонның бөтен адамның ақылын тыңдауы нені білдіреді? Оқушылар шығармадан кейіпкер таңдап, кестені толтырады. Кейіпкер кестесі Кейіпкерлер Портреті Ең маңызды 3әрекет Көзқарас Оқушылар Антон мен Бейтаныс адамдардарға мінездеме береді. Антон Бейтаныс адам Еңбекқор күні-түні жұмыс жасайды. Ешкімге тәуелді болмады. Ақылды Еңбекқор Өз еңбегімен байыған адам Көпті көрген Антон Француз жұртының бір адамы жазады Білімді жігіт 1791 жылы университтете оқып жүрген жігіт Бейтаныс жан Тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ақтығында зор дүниенің иесі болдым. Автор сөзі Сен қарауға әп әдемі кісі көрінесің жіне жұмыс істеуге де қуатың бар… Ыбырай ата! Сәлеметсіз бе, Ыбырай ата! Қалыңыз қалай? Мен Қазақ әдебиеті сабағында сіздің «Дүние қалай етсең табылады» атты әңгімеңізді оқып, таныстым. Әңгіме маған ұнады. Әсіресе, .. | Аудио тыңдау http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7527 Постер ге түсіру Сұрақ- тар жазыл-ған слайд Постер, стикер, маркер, оқулық Тарат-па қағаз дар, кесте лер «СМС» әдісі |
Сабақтың аяғы 5 мин | «Ат арба мен ат қосшы» әдісін пайдаланып сабақты бекіту. 3 мин Мақал-мәтелмен бекіту. | Оқушылар тез-тез сұрақ пен жауапты сәйкестендіреді, жұптық жұмыс жасайды. 1.Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің наны тәтті. 2. Байлық көзі еңбекте 3. Еңбекпен тапқан нан тәтті 4.Жалқау болса, несібе кетеді.. | Сурет қиындылары, Стикер Кері байланыс суреті |
Рефлекция. Тазалық әдісі 2 мин Үй тапсырмасы: 1 мин Әңгіменің мазмұнын толық білу.Еңбек тақырыбына 5 мақал –мәтел жаттап келу | Оқушылар: Маған бүгінгі сабақ ұнады, Әңгіменің мазмұнын толықтай түсіндім; Кейіпкерлермен таныстым; Венн диаграммасын үйрендім; Топтық жұмыста келесі сабақта белсенді боламын. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. | ||
Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорау | |
Сабақты жоспарлауда оқу мақсаты мен барлық оқушылар, көпшілігі орынайтын, кейбіреулері орындайтын мақсаттар сараланды. Оқу мақсаттарына қарай оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен тақырып бойынша тапсырмалар сараланып алынды.Өткен тақырыпты пысықтау «Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісін қолдану арқылы жоспарланды. Жаңа сабақты меңгерту «Стоп кадр» әдісі арқылы оқушылардың болжап оқыту үрдісін жүзеге асыру мақсатын көздейді. Топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері қарастырылады. Топтық жұмыста 1-топ жоспар құрастыру мен шығармада көтерген тақырып пен идеяны анықтаса, 2-топ оқулықта берілген білу, түсіну, талдау деңгейлеріндегі сұрақтарды өзге топтарға қойып, жауап алады, 3-топ кейіпкер бейнесін сомдап, салыстырулар жүргізіп, баға береді. Сабақ соңы «Тазалық» әдісін қолдану арқылы оқушылардың беретін кері байланысымен аяқталады. | Оқушылардың білімін бағалауда әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау енгізіліп отырды. Білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керектігін, қажетті деңгейге қалай қол жеткізу керек екендігін анықтау үшін сабақ барысында «Екі жұлдыз, бір тілек», «+- қызықты», «Мадақтау», «Бас бармақ», «СМС» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, оқушылар бір-біріне мадақ, сын, пікір, ұсыныс айтып, кері байланыс береді. | Оқушылар қауіпсіздік ережелері- мен таныстырылады, сынып бөлмесінің ауасы тазартыла-ды, сынып тазалығы бақылауда болады. Оқушылардың көңіл-күйлері ескеріледі. | |
Сабақ бойынша рефлексия Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге? | Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз. |