Ертегі. Бөдененің құйрығы неге қысқа

Oinet.kz 06-10-2017 903

Бөдененің құйрығы неге келте? - Ертегілер -

Бұл былай болған екен. Ертеде биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Небір ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті. Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса ламапты. Қырғидың атақтысы келіпті. Ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» - дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты. -Тәуекел! – деп бөдене ұша жөнеліпті.

Шырқап көтеріліп барып, таудан ол да аса алмапты. Содан соң ызаланған бөдене зымырай құйылып кеп, тауды көкірегімен соққан екен дейді. Сонда ол таудың ар жағына бір-ақ түсіпті. Содан бері бөдене аяғымен қонбайды, көкірегін жерге соға қонады. Ал құйрығы неге қысқа десек, әлгі тау тесігінің арасында жұлынып қалып қойыпты. Әйтпесе бұрын бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болса керек. Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар бөдене тескен тесіктен өткен екен дейді.

Бата түрлері
Бата беру дәстүрі қайдан шықты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу