Ертегі. Зеректік
Әбубәкір молда бұрыңғыдай ауыл арасының шақыруынан босады. Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы хикаялар оқытып, білім өрісін кеңейте түсуде. Әжесі айтқан: «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер-білім» деген сөзді Шоқан өзінің күнделік дәптеріне жазып қойған-ды.
Шоқанның күзден бергі оқуға деген ыждаһатына Әбубәкірдің өзі де іштей таңданатын. Ол тек жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының уақиғасын бажайлап (мән беріп), түпкі мәнін білуге ізденеді.
Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды. Оны оқығаннан кейін Шоқан әжесіне:
- Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? – деді. - Қарағым, оны неге сұрадың?
Шоқан жымиып:
- Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендерді ең үлкен данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу-білімінің арқасында бар әлемді билемек болып, үлкен жорық жасапты, - деп, Шоқан әжесінің өңіне қарады. - Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе. Ол әлемді аузына қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой, - деп, әжесі сөзін аяқтады. Шоқан ойланып қалды. (оқиғаны оқыған соң, төмендегі сұрақтар арқылы қорытындылаңыз)
- Шоқанды оқытқан кім?
- Мәтіннен Шоқанның күнделігіне жазып қойған сөзін қандай. Бұл кімнің сөзі?
- «Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе» деген Шоқанның әжесінің сөзін қалай түсінесің?