Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл Жабаев өлеңдері
Ашық сабақтар
Жамбыл Жабаев өлеңдері
Мақала авторы: Досбаева Адемы Ахметовна
Жұмыс орны: Кемел Тоқаев атындағы орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 11.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өлеңдері
Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу; көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, буклет, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.
1. Олай болса, ақынның қандай поэмаларын білеміз?
2. «Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы не?
3. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
4. «Дала» поэмасы Қазақстанның неше жылдық тойына арналған?
5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?
6. Осы поэмада ақын көбінесе қандай көркемдік тәсілді қолданған?
7. «Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттелген?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов)
Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылдың бата алу сәтінен көрініс)
Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.——- Ақын дүниеге келді
1863 — 64 ж.—- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.——- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.——- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.——- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 — 1945 ж.—- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.—— Дүние салды
Шығармалары
«Кедей күйі»
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»
«Туған елім»
«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»1. Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
2.«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
3. Мазмұны ашылады
4. Өлеңнен кейіпкерлерді табу.
Кейіпкерлер әлемі
Көпес, халық, патша, губернатор, жандарал, пристав, болысӨлеңді құрылысына қарай талдау
«Зілді бұйрық»
«Верныйдың» // «қадам баспай» // «қаласына» — а
Кемпір, шал //жылап жатыр// баласына – а
Ешбір ем // табылмады // іздесе де – б
Халықтың // жүректегі // жарасына – а4 тармақты, 1 шумақты, 11 буынды,
3 бунақты қара өлең ұйқасы.Әдебиет теориясы бойынша өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табу.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз
(теңеу)Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
(аллитерация)V. Сабақты қорыту «Топтастыру»
Жамбыл
↓
ұстаз
ақын
шәкірт
дастанVІ. Үйге тапсырма:
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)
VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.