Ашық сабақ. Балалармен шаттық шеңбері. Абай Құнанбайұлының қара сөздері
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Уақыты |
Білу
| 1. Амандасу. Сынып ішін ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
1.Сынып ішін ұйымдастыру.Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Бір- біріне жақсы тілек арнау. 2. Шаттық шеңбері: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?
Мұғалім: Бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтып, сол тілектерден өлең жолдары арқылы жақсылықтан үйреніп, жамандақтан жиренуді ұғыну. | 1. Амандасу. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, жақсы көңіл күй арқылы ынтымақтастық ортаны құрады.
Шаттық шеңбері:
-Жылылықты сеземіз.
- Жақсы көңіл күйді, қуанышты көріп тұрмыз.
| 1 минут
2 минут |
1. Топ басшыларына қызыл, көк, жасыл, ақ түсті беремін.Оқушылар сол бойынша өз топтарының түсін анықтау керек.
- І топ:Қызыл не балалар? (жүрек)
-ІІ топ: Көк түс не? (ақыл)
- ІІІ топ: Жасыл не?(қайрат)
- ІҮ топ:Ақ не?
Мұғалімнің сөзі:Адамға осы үшеуі де керек деп кім айтқан? |
- Қан - Олай болса жүрек тобы сендерге қызыл түс. - Неге қызыл түс қан? - Себебі жүрек қызыл, адам денесінде барлығы қан арқылы болады. Қан қызады, адам қызбаланады. Олай болса адам жүректі үнемі бағындырып отыруы керек.
- Аспан және мұхит. - Абай тұнып жатқан мұхит
- Жасыл шөп. Шөп қара жерді жарып шығады. Олай болса, қайрат. Адам қайратымен барлығын жеңе алады.
Себебі ақ- ғылым. Жүректе болмаса, қайраты жетпесе, ғылым мәңгі ақтаңғақ. «Ақтаңғақ» дегеніміз- толық адам емес деген мағынада.
- Абай. | 1 минут | |
Мұғалім:Ендеше бейнефильмге назар аударайық 1. https://www.youtube.com/watch?v=bqITs8vQRUQ
Дүниеге келген кім?
|
Оқушы: -Абай Құнанбайұлы
| 1м 40сек минут
1 минут | |
Түсіну
Миға шабуыл арқылы сұрақ қою
| 2. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мына сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік. 1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай атамыз кімдерден алған? (Ұлжан, Зере) 2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибраһим) 3. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845) 4. Құнанбай қандай адам болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс) 5. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы» Қай өлеңнен үзінді? («Өлең - cөздің патшасы, сөз сарасы») 6. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы, «Әбдірахман өлгенде») 7. Абайдың неше қарасөзі бар? (45) 8. Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық? ( «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т.б. 9. Абайдың қанадай күйлерін білесіңдер? ( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға») 10. Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
3.Кіріспе: Абай XX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөзбен жазған. Абайдың қара сөздері-көркем әңгіме емес, ғақлиялық, даналық сөздер. Бүгінгі сабағымызға жүктелетін міндет: 17 қара сөздің мағынасын ашу, сендерге ой салу, ой толғаулардан ғибрат, тәлім-тәрбие алу көзделеді. Сіздер төрт топқа бөлініп, сабақ барысында төрт түрлі тапсырма орындайсыңдар.
3. - Балалар , бүгін сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер?
4. http://bilimland.kz/ru/user/history#lesson=7873
|
Мұғалімнің кіріспе сөзін мұқият тыңдайды.
(Қайрат, ақыл, жүректің сөздері)
| 2 минут
1 минут
2 минут 46 секунд |
Қолдану
| 1. Оқулықпен жұмыс: Топтарға Абайдың он жетінші қарасөзін логикалық модельге салады.
«Модельді» құрастырып, қорғайды. Қол шапалақтау әдісі бойынша бағалау | 5. І топ: 1. Мәтіннің басы « қайрат» мәтінін түсініп оқыңыздар. 2. Мәтіннің басы бойынша логикалық модель жасаңыздар. 3. Модельді қорғаңыздар.
ІІ топ: 1. Мәтіннің ІІ абзацы «ақыл» мәтінін түсініп оқыңыздар. 2. Мәтіннің ІІ абзацы бойынша логикалық модель жасаңыздар. 3. Модельді қорғаңыздар.
| 15 минут Сағат суретін қою
|
Сергіту сәті | "Қара жорға" әнімен қимыл жасау. | "Қара жорға" әнімен қимыл жасайды. Оқушылар бір сергіп қалады. | 1 минут |
Талдау
| Шығармашылық жұмыс: І-топ: Кесте толтырады Он жетінші қарасөз Тақырыбы: Адам бойындағы адамдық қасиеттер. Идеясы: ізгілікке, ғылымды меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу, адам бойынан жақсы қасиеттерінің табылуы; осы үшеуі де адам бойынан табылса, сол қасиетті адам. Жанры: Көркем әдебиет;мақала, қара сөзбен жазылған еңбек. Лексикалық сөз қолданысы Ғақлия, ғибадат, мәдмәладқа жету, ахирет, нәпсі, үлкеннен ұят сақтап жаманшылықтан жирену. Тартыс: үшеуінің тартысы. Шешім: Ғылымның жүректі жақтауы. Сөздік жұмыс Мәдмәлат – мақсат , мұрат . Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз . Нәфсі – құмар Ахирет – бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім Ғибрат: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста Сонда ғана боларсың елден бөлек.
Елбасымыз Н. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деген .
ІІ топ:Берілген модель бойынша Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет беріңіздер
ІІІ топ:«Қара сөзден алған әсерім» ой толғаңыздар
ІҮ топ:«Он жетінші қарасөзіне» шағын көрініс көрсетіңіздер | Шығармашылық жұмыс жасайды. Оқушылардың көркем сөйлей білу дағдылары мен тіл байлығы, дүниетанымы дамиды.
(Ресурс таратылады)
| 15 минут
|
Жинақтау
Бағалау
| Сұрақ: Сендердің өз бойларыңда осы сипаттар бар ма?
Балалар ойымызды жинақтайық. « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» Н. Назарбаев
2 жұлдыз, 1 тілек | Төрт топтың жұмысы тыңдалып болған соң, ғылымға келіп жүгінгенін бейнебаяннан тыңдау.
INSERT Зат есім: Қайрат Сын есім: күшті, жігерлі Етістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайды Синоним: күш, жігер, қуат, ерік Сезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.
Зат есім: Ақыл Сын есім: ойлы, табанды Етістік: ойлайды, кеңеседі, дұрыстайды Синоним: ой, сезім, түйсік, шабыт Сезіну: Онсыз адам жол таба алмайды
Зат есім: Жүрек Сын есім: жылы, рақымшыл Етістік: соғады, лүпілдейді, дірілдейді Синоним: сезім, махаббат, жылылық, өмір Сезіну: Адам денесінің негізгі тіршілік көзі. Зат есім: Ғылым Сын есім: әділ, берік Етістік: жақтайды, қосады, ұқтырады Синоним: дарынды, ақылды, талантты, дара Сезіну: Адам қалпын таза ұстайды | 2 минут 74 секунд
2 минут |
Үй жұмысы | 17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден, баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу, зерттеу. | 17- қарасөзін оқиды. Әдебиеттерден, баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздейді, зерттейді. | 1 минут |