Қожабаевты қандай жаза күтіп тұр?
12-06-2023
«Бекітемін»
Мектеп К.Мендалиев ат. ОЖББМ | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамгершілік - асыл қасиет | ||||
Сабақ тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаятынан үзінді. Қожаға хат | |||||
Күні: | Мұғалім: Манкишева Айымжан Меңдіханқызы | ||||
Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | 5.2.4.1(А/И) - көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға, шығарма кейіпкеріне хат, өлең жазу | ||||
Сабақ мақсаттары: | Барлығы: Өз әсерін хат немесе өлең жазу арқылы жеткізеді. | ||||
Басым көпшілігі: Үзіндіден алған әсерін сипаттап, авторға, шығарма кейіпкеріне хат немесе өлең жазады. | |||||
Кейбірі: Хат жазуда өз сезімдерін, көзқарасын мәтіннен дәлелдер келтіре отырып нақтылайды, өз сөздерін өлеңмен тұжырымдайды. | |||||
Бағалау критерийлері: | Көркем шығармадан алған әсері туралы авторға немесе кейіпкерге хат, өлең жазады; Жазба жұмысының құрылымын сақтайды; | ||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Сұрақтарға жауап береді; Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Хат және өлең жазу үшін қолданылатын тіркестер: Құрметті Қожа, ақылды тентек, шыншыл, жүрген жеріне шөп шықпас, оты бар, адам болатын бала | ||||
Құндылықтарды дарыту | Шыншылдық, адалдық, өтірік айтпау | ||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, қазақ тілі | ||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | Хикаят бойынша тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен фабуласы, автор бейнесі | ||||
Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? | Тапсырма сыныптағы оқушылардың мүмкіндіктеріне орай, оларға тапсырма беру кезінде олардың қабілет деңгейлері ескеріліп беріледі. Тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
| ||||
Бағалау: Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Ауызша кері байланыс арқылы оқушыларды қолдап, оқушының ерекше іс-қимылына лайықты мадақтаулар айту, тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету арқылы бағалаймын. Ұсынылған дескрипторлар негізінде оқушылар бірін-бірі бағалайды. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||
Басталуы
| Топқа бөлу Оқушыларға түрлі түсті парақ беріледі. Сол парақтан ұшақ жасайды. Ұшаққа бір-біріне сәттілік жазып, ұшырады. Әрқайсысы бір-біреуден алып оқиды. Парақ түстеріне қарай топқа бөлінеді.
1-тапсырма. Бұл қай сәт? (Жеке жұмыс) (Орыс тілі пәні мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабақ сұрап жатқан сәті) (Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт) (Директордың кабинетінен шыққан сәті) 4. 4. «Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым.» (Педкеңес болып жатқан сәт) 6. «Егер біреуге өзім тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.» (Құпия кеңесте өз-өзіне қаулы қабылдап жатқан сәті) (Қ) Бағалау: Жауап берген оқушыларды келесі топтағы бір оқушы бағалайды. | ||||
Ортасы
| «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсету 2-тапсырма. «Қожа қандай бала?» - деген сұраққа жауап іздейміз. Менің байқауымша, сіздердің пікірлеріңіз әртүрлі. Соған байланысты екі оқушы жұп құрап, өз тұжырымдарыңызды дәлелдейсіздер. 1 оқушы – жақтаушы. Қожа – жақсы, алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді деп, ойын дәлелдейді. 2 оқушы – даттаушы. Қожа – тентек, өтірікші, шыдамсыз, бұзық, тиянақсыз деп, ойын дәлелдейді.
(Қ) Бағалау: Мұғалім мадақтауы. Өзіндік ойын еркін, жүйелі жеткізе алған оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мақтау сөздер айтылады: Керемет! Өте жақсы! Ойыңды жақсы жеткіздің! Жарайсың!
Фильм туралы галереяға саяхат Бүгінгі күннің жады мен тақырыпды жаздыртып, оқу мақсаты хабарлаймын. 3 –тапсырма. РАФТ страгетиясын негізге ала отырып, алған әсерін сипаттап, авторға, шығарма кейіпкеріне хат немесе өлең жазыңдар. Р (роль)оқырманқұрдасыоқушыА (аудитория)авторҚожаМайқановаФ (форма)хат немесе өлеңТ (тақырып)«Сіз керемет жазушысыз»«Мен саған сенемін,Қожа!»«Түбінде адам болатын бала»Авторға ................................................ ереді. ................................................ береді. ................................................ ......... ................................................ ер еді.
Қожаға ................................................ арманы. ................................................ алдағы. .............................................................. ................................................ қалмағы.
Майқанова ................................................ жүреді. ................................................ жүрегі. .............................................................. ................................................ тіледі. Саралау тапсырмасы: Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға таңдауға мүмкіндік беремін және өлеңге ұйқас ұсынамын.
«Аквариум» әдісі Әр топ өз жүмыстарын ұсынады, қалған топтар тыңдайды. Дескриптор 1. РАФТ страгетиясы бойынша хат жазады;2. Хат мазмұнында алған әсерін сипаттап жеткізеді;3. Хат құрылымын сақтайды. 1. Ұйқас бойынша өлең құрастырады.2. Өлеңде өз сезімін жеткізеді;3. Кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;
(Қ) Бағалау: Ұсынылған дескрипторлар негізінде оқушылар бірін-бірі бағалайды. | ||||
Аяқталуы
| Оқу мақсатына кері ораламын. 5.2.4.1(А/И) - көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға, шығарма кейіпкеріне хат, өлең жазу
Рефлексия: «ҚҚҚ» Мен үшін құндыМен үшін қызықМен үшін қиын | ||||
Қосымша ақпарат | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау тапсырмалары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
1. Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды. 2. Бүгін оқушылар әңгімеден алған әсерлерін сипаттап авторға хат жазды. 3. Кинофильм туралы мәлімет алды. 4. Сыныптағы психологиялық ахуал жағымды болды, оқушылар белсене жұмыс жасады 5. Оқушылар орындаған саралау әдісі өз деңгейлеріне сай орындалды. 6. Уақытты тиімді пайдаландым. 7. Жоспарым тиянақты жасалғандықтан ешқандай өзгеріс енгізбедім.
| ||||
Қорытынды бағамдау | |||||
Қандай екі нәрсе табысты болды? ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2 Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2
| |||||
- стратегия бойынша болашақ ұрпақ атынан авторға хат жазады;
- хат мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы жеткізеді;
- шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;
- хат құрылымын сақтайды.
2-тапсырма.
«Ішкі және сыртқы шеңберде» жұбыңызбен талқылаңыз (барлық оқушы бір мезгілде жұптарымен әңгімелеседі). Ішкі шеңбердегілер – А; Сыртқы шеңбердегілер – Ә.
3-тапсырма. Бейнематериал тамашалайды.
«Ар-ождан аллеясы»
4-тапсырма. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз. Әр топтан бір оқушы: шығарма авторы, басты кейіпкер, Құрмаш, шақырылады. Қалған оқушылар қоятын сұрақтарын талдап алады (әр кейіпкерге әр топтан бір-бір сұрақтан. Сонда 4 кейіпкерге 4 сұрақ дайындайды).
4-тапсырма. Ж. "Қожаға хат"
Оқушылар Қожаға хат жазады. Хат жазудың формасы ретінде жай хат пен өлең үлгісі ұсынылады.
Саралау: Тапсырма сыныптағы оқушылардың мүмкіндіктеріне орай, оларға тапсырма беру кезінде олардың қабілет деңгейлері ескеріліп беріледі. Тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Хат үлгісі
Асыл Анам! Мен өзіңізге хат жазып отырмын. Осы хатым арқылы Сізге өз алғысымды білдіргім келеді. Анашым! Сіз мені өмірге әкелдіңіз, мына ғажайып таңдар мен шуақты күндерді, тамаша табиғат пен мейірбан жандарды көруіме мүмкіндік бердіңіз. Сол үшін Сізге алғысым шексіз! Мен Сізге мәңгі қарыздармын. |
Құрметті Қожа! ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Өлең үлгісі
... ... озасың, ... ... алмайсың, ... ... тозасың. ... ... жалғайсың. ... ... ... , ... ... ... , ... ... Қожасың! ... ... қалмайсың! |
Бағалау критерийі:
1. Хат құрылысын сақтап жазады.
2. Шығармадан алған әсерін сипаттайды.
3. Ұйқас бойынша өлең құрастырады.
Қ/Б. "Өзара бағалау" тәсілі
«РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға хат жазыңыз (100-120 сөз).
Р (роль) - болашақ ұрпақ
А (аудитория) - автор
Ф (форма) - хат
Т (тақырып) - Отанға деген сүйіспеншілік
Қожаға хат.
Құрметті, Қожа.Сен менің бала күнімнен сүйікті кейіпкерімсің. Сен түскен "Менің атым - Қожа" фильмін қайта-қайта көре бергім келеді. Сен ақсылдысың, онымен қоса кейде бұзық та боп қаласың. Сенің сотқарлықтарың, апайыңның сөмкесіне салып жіберген бақа туралы оқиға есімнен кетпейтін шығар. Ия, сен әкесіз өстің. Ғашық та болдың, армандадың, төбелестің, тіпті мектептен қуылуға шақ қалдың емес пе? Бұл фильм арқылы тек сені ғана емес, сол замандағы теңсіздік оқиғаларын да көріп, біліп қалдық. Сол үшін алғысымыз шексіз. Жарайсың!
Хат жазған: (сенің есімің).
«Қожа қандай бала?» - деген сұраққа жауап іздейміз. Менің байқауымша, сіздердің пікірлеріңіз әртүрлі. Соған байланысты балалар екі топқа бөлінеміз. (Екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)
І топ – жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді.
ІІ топ – даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.
І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа (Қожа – жақсы, алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді)
ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді (Қожа – тентек, өтірікші, шыдамсыз, бұзық, тиянақсыз).
1.Қожа – алғыр бала. Мәтіннің басында өзін таныстыруы
2. Қожа- ақылды. Үйге берілген тапсырманыға дайындықсыз келген Қожа орыс әдебиеті пәнінің мұғалімінен қатты қысылды. Қорқып емес, өзі жақсы көретін мұғалімді ренжітіп алам ба деп. Қожа – ұяты бар, ақылды бала.
3.Қожа- әділетті бала. Жантасқа жолдама беріліп, өзі жолдамасыз қалған кезде оның әділеттілікті талап етуі.
4.Қожа- мейрімді бала. Ол істеген қылығының бұрыстығын мойындайды. Өзі әлекке салған адамдарға деген мейірімділік сезім бар.
1. Қожа- өтірікші бала. Өзінің жасаған сотқарлығы үшін ол бір емес, бірнеше рет уәде береді. 2. Қожа- шыдамсыз бала.Лагерьге жолдама сұрап Майқановаға ренжуі.
3. Қожа-бұзық бала.Майқанованың сөмкесіне бақа салып қоюы.
4. Қожа- тиянақсыз бала , себебі өзі бастаған іске жауапкешіліксіз қарайды.
«Қожа - түбі адам болатын бала». Келісуімізге бола ма?
Қожа тобы
................................................ ереді.
................................................ береді.
................................................ .........
................................................ ер еді.
Жанар тобы
................................................ жүреді.
................................................ жүрегі.
..............................................................
................................................ тіледі.
Жантас тобы
................................................ арманы.
................................................ алдағы.
..............................................................
................................................ қалмағы.
Сұлтан тобы
................................................ көрінген.
................................................ төрім деп.
..................................................................
................................................ өрілген.
Майқанова тобы
................................................ ардақты.
................................................ арнапты.
.................................................................
................................................ сарнапты.
Бердібек Соқпақбаев — қазақ балалар жазушысы 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.
Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті.