Ашық сабақ. Менің Отаным Қазақстан. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
Сынып : 7 « Ә» | Мұғалімнің аты-жөні: Исахан Арай Сегізатқызы | ||
Сабақтың тақырыбы | Менің Отаным-Қазақстан! | ||
Сабақтың мақсаты | Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; | ||
Құндылықтыр | Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы | ||
көрнекіліктер |
Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,маркер, плакаттар | ||
Әдісі | сұрақ – жауап, пікір алысу, ой қозғау | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері | ресурстар мен әдіс-тәсілдер. | |
Басы Психологиялық ахуал I КЕЗЕҢ (5 минут)
| I. Кіріктірілген бөлім. 3. Құт - береке жауғыз, | Оқушылармен шеңбер құрып орындалады | |
| |||
Ортасы II КЕЗЕҢ (25 минут)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
| - Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық? -Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?Оқушылар кластер құрастырады. 1-жүргізуші:Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой – пікірлерін тыңдау) -Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады. 2-жүргізуші: Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек. 1.Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан, Өзің жайлы жазамын жыр-дастан. Әр балаға Отаны оттан да ыстық, Мен елімді сүйемін ес білген жастан! 2.Қазақстан даласы, Керемет қой, қарашы! Нұрсұлтандай Елбасы, Осы жердің баласы 3.Туған жерім-тұғырым, Қасиетіңді ұғындым. Шексіз байтақ далаңа Қорған болар ұлыңмын. 4.Өскен елім-өзегім, Көлім менен өзенім. Орман, тоғай, тауларың, Ыстық маған, сеземін. Мұғалім : Біздің Отанымыз қалай аталады екен? Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан Республикасы 14 әкімшілік облысқа, 5 экономикалық ауданға бөлінген: 1. Батыс Қазақстан облысы, орталығы – Орал қаласы. 2. Атырау облысы, орталығы Атырау қаласы 3. Маңғыстау облысы, орталығы – Ақтау қаласы. 4. Ақтөбе облысы, орталығы – Ақтөбе қаласы. 5. Солтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Петропавл қаласы. 6. Ақмола облысы, орталығы – Астана қаласы. 7. Қостанай облысы, орталығы – Қостанай қаласы. 8. Павлодар облысы, орталығы –Павлодар қаласы. 9. Шығыс Қазақстан облысы, орталығы – Өскемен қаласы. 10. Қарағанды облысы, орталығы – Қарағанды қаласы. 11. Оңтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Шымкент қаласы. 12. Қызылорда облысы, орталығы – Қызылорда қаласы. 13. Жамбыл облысы, орталығы – Жамбыл қаласы. 14. Алматы облысы, орталығы – Талдықорған қаласы.
2-жүргізуші: Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң – құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі) - Отанымыздың астанасы? Хор: «Атамекен»
Мұғалім: «Кім жылдам?»ойынын ойнаймыз.Әр топ Отан,туған жер туралы өзінің мақал-мәтелдерден дайындайды және жалғастырады. 1.Отан оттан да … (ыстық) 2.Отансыз адам-… (ормансыз бұлбұл) 3.Туған жердей жер болмас, …. … … (Туған елдей ел болмас) 4.Туған жердің қадірін … … … (Шетте жүрсең білерсің) 5.Отан үшін отқа түс, … (күймейсің) 6.Туған жердің күні де ыстық, … (түні де ыстық) 7.Кісі елінде сұлтан болғанша … … …. (Өз еліңде ұлтан бол) Әрбір топ бірін-бірі «бас бармақ әдісі» бойынша бағалайды. ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі. | Оқушылармен бәрге сабақтың тақырыбы талқыланып,мақсат айқындалады.
| |
III КЕЗЕҢ (10 минут)
қортындылау |
- Міне балалар, «Менің Отаным – Қазақстан!» Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
| Оқушылар өз ойларымен бөліседі
| |
РЕФЛЕКСИЯ Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
| |||