Ашық сабақ. Математика. 5 сынып. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-МДШО»КММ | ||||||||
Күні: 01.02.19ж | Мұғалімнің аты-жөні: Сағымжан Б. | ||||||||
Сынып: 5 «Ә» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы:
| Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | - ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыра білуге үйрету; -берілген ондық бөлшекті оған тең бөлшекке түрлендіре білуге үйрету; -ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп салыстыра білуге үйрету. -ондық бөлшектерді координаталық сәуледе салыстыру | ||||||||
Сабақ типі | Бекіту сабағы | ||||||||
Бағалау критерийлері | -Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыра алады; -Ондық бөлшекке тең бөлшекті таба алады; -Ондық бөлшекті натурал санға айналдыру арқылы таба алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады; - ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады; - ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады; Пәнге тән лексика мен терминология: - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - сандарды разрядтары бойынша салыстыру; - жоғары (үлкен) разряд; - төменгі (кіші) разряд; - разрядтық бірліктер; - ондық таңбалар. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады; - координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады; - ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...; | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыста өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеуашық өз ойларын жеткізу, адамгершілік, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, сурет | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақтың әр кезеңінде қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс . | ||||||||
Алдыңғы білім | Ондық бөлшектің құрылымын біледі, координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндей алады. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
| Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 1 минут 2 минут
3минут
| 1. Ұйымдастыру. а )Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
ә) Психологиялық ахуал орнату. Қатар бойынша үш топқа бөлу. 2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі бойынша әр топ бір-біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына берілген есептер және ережелер сұралады тексеріледі. Жұмыстың мақсаты: Үй тапсырмасын орындауы бойынша білім деңгейлерін анықтау. Мұғалімнің әрекеті: Дұрыс жауап берген оқушылар смайликпен бағаланады. Тапсырмалар төмендегі нұсқалар бойынша тексеріледі. Дескриптор: - Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша жіктеді; -Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді салыстырды; - Ондық бөлшектерді натурал сандарға айналдырды; - Натурал сандарды салыстыра біледі, нәтижесін ондық бөлшектерді салыстыруда қолданды; - Жауаптарын дұрыс жазды; -Жауаптарын негіздей алады. |
қағаздар
оқулық | |||||||
Сабақтың ортасы
15 минут
4 минут
4 минут
1 минут
7 минут
| 3.«Ойлан, топтас,бөліс» әдісі бойынша әр топ берілген тапсырмасы бойынша постер қорғалады «Ондықтар» тобына тапсырма Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыру «Жүздіктер» тобына тапсырма Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру «Мыңдықтар» тобына тапсырма Ондық бөлшектерді натурал санға айналдыра отырып, салыстыру
Оқушының әрекеті:Оқулық бойынша тобымен бірге тапсырмалардың шарттарын талдап, бір дұрыс шешімге келіп жұмыстану, тапсырмаларды орындау. Мұғалімнің әрекеті:топтардың жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет болғанда бағыттау, ынталандыру. Әр оқушы қол шапалақтау арқылы бір-бірін бағалап отырады. Дескриптор: - Берілген сандарды салыстыра отырып, ең үлкенін/ең кішісін анықтай алады; - Салыстыру нәтижесін қос теңсіздікпен жаза алады; - Аралас бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыра алады; - Ондық бөлшектерді салыстыра алады; - Координаталық сәулеге берілген ондық бөлшекті кескіндей алады; - Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыра алады. 4.Суретпен жұмыс. Жұптық жұмыс. «Суреттер сөйлейді»әдісі бойынша тапсырма орындау 1-тапсырма (салыстыру) 2-тапсырма (сызғыштағы нүктелерді анықтау, ондық бөлшекпен жазу)
3-тапсырма.Семантикалық карта Оқушыларды смайлик арқылы бағалап отыру Дескриптор: -Оқушы күнделікті өмірдегі, тұрмыс-тіршілікте пайдаланып жүрген ондық бөлшектерді біледі; -ондық бөлшекті жаза алады; -ондық бөлшектерді салыстырады; Сергіту сәті 5.Деңгейлік тапсырма Жеке жұмыс(есептер шығару) №755,763,772.оқулықпен жұмыс Жұмыстың мақсаты:Есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушының әрекеті: тапсырмаларды орындау. Мұғалімнің әрекеті: Жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет болғанда бағыттау, ынталандыру. Оқушыларды смайлик, жұлдызша арқылы бағалап отыру Дескриптор: - Берілген сандарды салыстыра отырып, ең үлкенін/ең кішісін анықтай алады; - Берілген натурал сандар бойынша ең үлкен ондық бөлшекті, ең кіші ондық бөлшекті жаза алды; - Тең бөлшектерді тауып, теңдік белгісімен жаза алды; - Ондық бөлшектерді натурал санға айналдыра отырып, салыстыра алады;
|
Презентация
Алдамуратова Т.А. Матемтика -5класс,
Дидакт материал
слайд суреттер | |||||||
Сабақтың соңы 3минут | 9. Үйге тапсырма. 1. № 1261; 1262 Алдамуратова -5 кл 10. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу.Кері байланыс. «Бағдаршам»
| ||||||||
Қосымша ақпараттар | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Үй тапсырмасын тексеру барысында қабілетті оқушылар көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, сыныптастарына көмектесуге тырысады. Жеке тапсырмалар орындауда қабілетті оқушыларға өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік беру.Жаңа тақырыпты түсіну барысында оқушы мүмкіндігіне қарай тапсырмалар беріліп, қажет деңгейде білімдерін жетілдіру. | Оқытуға ынталандыру үшін, оқыту үшін бағалау, яғни топтық және жеке жұмыстарына орынды бағыт, нұсқау беру. | АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. | |||||||
Қорытынды бағамдау Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? | |||||||||