Ашық сабақ. Математика. Қосу және азайту таңбалары

Oinet.kz 02-10-2019 1133

       Бекітемін:  _______Б.Еңсегенова

        Білім беру саласы: «Таным»

         Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

 

 

Күні:  30.04

 Ашық    ұйымдастырылған  оқу – қызметі.

 Мектеп   

 Ә. Жанкелдин атындағы  орта мектебі КММ

Мектепалды 

сынып/   «Ә»

Педагогтің    аты - жөні:  Дариға  Дузелбаева

Сабақтың  тақырыбы

Жаттығу жасаймыз.  Есеп.

Оқыту  

мақсаттары

0.4.1.3.Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.Оқушыларды  ойын    арқылы  математикаға  қызығушылығын  арттыру. 10 ға дейінгі сандарды   ретімен  және  кері санауға  үйрену.Санауыш  таяқшаларымен  саусақтарын қолдана  отырып, есептерді  өз    бетімен және топпен шығаруды    үйрену

Күтілетін

нəтижелер

Барлық  тəрбиеленушілер:

-көрнекілікнегізінде  қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды   шешеді.

Көптеген  тəрбиеленушілер:

-қарапайым мысалдармен   есептерді өз бетінше құрастырады  жəне содан кейін көрнекіліктің  негізінде оларды шешеді.

Кейбір  тəрбиеленушілер:

-қосумен   азайтудың  байланысын  орнатады.

Тілдік    мақсаттар

Дағдыларын  дамыту:

-қарапайым мысалдармен есептерді өз бетінше   құрастырады жəне содан кейін көрнекіліктің  негізінде оларды шешуді түсіндіреді.

Пəндік лексика жəне терминология:  -есеп,мысал,   қосу, алу.

Пікіралмасуға  арналған    сұрақтар:

– Есептердің  шешуін  жазу    үшін қандай таңбаны таңдайтыныңды айт, неге? 

 

Алдыңғы білім

Қосу жəне азайту,   +, –, =, > ,<   таңбалары, заттар тобын санау  жəне салыстыру.

Жоспар

  Жоспарланған

  уақыт

Жоспарланған  іс-əрекет

Ресурстар

 

     І. Дұрыс,

    әсерлі     көңіл

    күй орнату.

    0–1 мин

 

 

 

 

 

 

  II. Өмірлік

  тəжірибені

  маңыздандыру.

  Мақсатты

   болжам.

3–5 мин

(Ұ)Балалармен   амандасып шаттық  шеңберіне шақыру.

  Қол алысып, қәне, біз,

  Достасайық   бәріміз.

  Айтарым бар сендерге,

  Тез тұрыңдар шеңберге.

  Оң қолымда    бес саусақ ,

  Сол қолымда бес  саусақ.

  Бесті    беске   қосқанда,

  Болады    екен  он  саусақ.

(Ұ)  Оқушыларды сұрақ қою арқылы  сабаққа    қызықтыру.

  - Көңіл    күйлерің  қалай? 

  - Қазір    жылдың  қай мезгілі?

    (көктем) оқушылар жауабы.

  - Бір    аптада қанша күн  бар?

   ( 7 күн. Күн аттарын атайды)

  -Көктем    мезгілінде  неше ай  бар?

   (3 ай. Наурыз, Сәуір, Мамыр)

  Олай    болса бізде 1,2,3 санау    арқылы  топқа  бөлінейік.

  1,2,3 реттік санау    арқылы  топқа  бөлу

  1.топ-Талап

 2.топ-Жігер

3.топ – Жалын

 10   ға дейін және кері санау  ( санамақ )

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды   сүйемелдеуге арналған көңілді   тақпақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-10 санамақ  

 

 

ҰОҚ-нің ортасы                      IІІ.Тақырып     бойынша  жұмыс

 

Мақсат    қою (проблемалық  жағдай).

(Ұ) Бүгін   біз кейіпкерлерімізге жаттығудың арқасында   денсаулықтарының сау болуына ғана   емес, спорттық ойындардың   түрлерін  ажырата білуге үйретеміз.

 Есептер   құрастыруды және шығарамыз үйренеміз.

 (Ұ) Бұл ҰОҚ-де балаларды есептің   компоненттерімен таныстыруға  дайындау    ұсынылады.

 1-тапсырма.Жаттығуға3   ұл бала жəне 4 қыз бала шықты.   Жаттығуға барлығы қанша бала шықты? Есепті құрастырғанда шарты мен сұрағы бөлініп шығады. Балалар   əлі оқи алмайды, сондықтан педагог суреттің   астындағы мəтінді оқиды. Тапсырманың сұрағына жауап беру үшін əрекет   таңдалады – қосу немесе азайту есепті шешуге   көмектеседі.Есептің жауабын тұжырымдау    ұсынылады. Осылайша, сөйлеуде есептің   негізгі элементтері айтылады: шарт, сұрақ, шешу,   жауап.

1-тапсырманың жалғасы   – велосипедтер туралы есептер   құрастыру. Бос терезелерге балалар   сандарды жапсырады.

 

(Ж)Бұрын  үйренгенді  қолдану

(Ж) 2-тапсырмада  цифрларды    бастырып жазу   орындалады.

 3-тапсырма жауабы10 болатын мысалдар менесептерді   құрастыру  бойынша    берілген.

Екі түсті дөңгелектерді санай отырып, жұмысты  дəптерде ұйымдастыруға   болады.

4-тапсырма    Келесі фигура қандай ? Өзің қалаған фигуралар тізбегін ойластыр.

 

 

 

 

 

    Оқулық -дəптер,  

 

 

 

 

санайтын материал

Сергіту    сәті

  Балалар   әуен  ырғағына қосылып жаттығулар   жасайды.

 Жаттығу    жасауға жеңіл  әуен ойнатылады.

 Сергітуге   арналған   көңілді əуендер.

Тақтамен жұмыс

 « Сиқырлы кемпірқосақ » әдісі.

Тақтаға  түрлі - түсті бұлттар ілінеді.

Бұлттарға   жазылған есептерді  балалар  шығарып ,

кемпірқосақтың  ғажайып түстерін көре  алады.

 (Ұ)  Кемпірқосақта  қанша түс бар?(  7 )

 

Жоғарыдан төмен   қарай санап,  түстерін   айтайық.

1. . Қызыл 2.   Қызғылт  сары    3. Сары    4.Жасыл  5. Көк

 6. Күлгін 7 Ашық қызыл 

 

Тақта ,бор

( интерактивті тақта)

 

Топтық    жұмыс

 Оқушылар топпен жұмыс  жасайды. Берілген  пазл құрастырмағын  құрап, ондағы суретте қандай спорт  түрінің суреті құрастырылғанын  айтады.

құрастырмақ

(пазл)

  

 

   IV. ҰОҚ-нің

  қорытындысы.

   Рефлексия.

    26–30 мин

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Оқушыларға сабақтағы   өз жұмысын

 «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды  ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретіне   жүрекше жапсырамыз.

Қателіктер аз болса, бүгінгі сабақты дұрыс   түсінбесе  ортаңғы сатыдағы смайлике   жүрекше жапсырамыз.

 Қателіктер    болмаса жəне бала барлығын   жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликке жүрекше жапсырамыз

 

 смайликтер

 

 жапсырма қағаздар


Ашық сабақ. Математика. 6 сынып. Екі санның қатынасы
Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Баға. Дәмханада төлем жасау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу