Ашық сабақ. Математика. 1 сынып Есептеу және математикалық модельдеу
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика Мектеп: Алматы қаласы Алатау ауданы №152МГ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім Мұғалімнің аты-жөні: Аязбекова А.Б Математикалық модельдеу. Бөлімше:5.1. Есептер және математикалық модель Күні: Қатысқандар саны: Сынып: 1 сынып Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Есептің графикалық моделі | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.1.1.Есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу; есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;
| |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: есепті сызба, сурет, қысқаша жазба арқылы модельдейді. Көптеген оқушылар: есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеуді көрсетеді, есепті шешеді. Кейбір оқушылар: Есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді, есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдайды, мысал келтіре алады. | |
Бағалау критерийлері | Есептің шартын сызба модельдеу түрінде көрсетеді. Графикасын тірек сызбасы бойынша есепті шығарады. | |
Тілдік мақсаттар | Графика-сызба, модель- үлгі, доға сызығы , есепті шығаруда математикалық термин сөздерді дұрыс айта білу, есептің шарты мен сұрағын ажырата білу керек. Графика деген не? Модель деген не? Доға сызығы нені білдіреді? | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдауға, ынтымақтаса жұмыс жасауға тәрбиелеу. | |
Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, жаратылыстану |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта |
Бастапқы білім | Есеп және оның бөліктерін біледі. |
Cабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5минут
| Ширату жаттығу. Сәлеметсіздер ме, балалар. Бас бармақтарын көрсету арқылы бүгінгі сабаққа деген көңіл – күйлерін білдіреді. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін тапсырма беремін.«Ой қозғау» әдісі: Қағаз бетіне бір сызықтың бойына тобында неше ұл болса сонша жасыл үшбұрыштарды және қанша қыз болса,сонша қызыл үшбұрыштарды желімдеп көрсетеді. Жасыл сызық үстіне ұл балалар санын, қызыл сызық үстіне қыз балалар санын жазуды ұсынамын. Жасыл және қызыл кесінді сызықтарды қосады,және санын жазады.Доғаның үстіне сұрақ белгісін қою қолайлы екенін айтамын.
Міне балалар бізде есептің графикалық моделі ( сызба үлгісі) шықты. -Біз есептің моделін не арқылы көрсеттік? -Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?Біз есептің графикалық моделін сызба арқылы көрдік. Графика есеп дегеніміз,сөзбен сызба түрінде берілген есеп. Модель дегеніміз- сызба арқылы түсіндіріп көрсету. Доға- белгілі бір заттың мөлшерін көрсету деп түсіндіріп өтемін. Есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу; есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау | Бас бармақ
Геометриялық фигуралар. Жасыл және қызыл түсті үшбұрыштар, Ламинатталған А4 қағазы, сызғыш, желім, жасыл және қызыл түсті маркер |
Сабақтың ортасы 10 минут
Сергіту сәті: Оң қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5саусақ, 5ті 5ке қосқанда, Болып шықты10 саусақ. 5 минут
5 минут
5 минут
5 минут | 1 тапсырма. Топпен жұмыс: Сызба арқылы орындайды: «Ойлан, тап» 1. Бұтақта 6 құс отырды. Оларға тағы 2 құс келіп қонды. Бұтақта барлығы неше құс болды? 2. Бұтақта 16 құс отырды. Оларға тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Бұтақта барлығы қанша құс болды? 3.Бұтақта 12 торғай отырды. Оларға таңы 5 торғай ұшып келіп қонды. Бұтақта барлығы қанша құс болды? Оқушылардың жауабы: 1 топ: Барлығы 8 құс 2 топ: Барлығы 18 құс 3 топ: Барлығы 17 құс - Біз есепті неге сүйеніп орындадық? - Бізге не белгілі? - Нені таптық? Топтар өз жұмысын қортындылайды. «Топ-топты бағалау» әдісі арқылы бағаланады.«тамаша», «жарайсың», «керемет» 2 тапсырма. Өзіндік жұмыс. Есептің моделін сызба түрінде көрсет және оны шығар. Тапсырма оқушылардың жеке қабілеттерін анықтау үшін жүргізіледі. Мараттың анасы ыдысқа 3 алмұрт, 4 апельсин және 2 лимон салды. Ол ыдысқа барлығы қанша жеміс салды? Оқушылар сызба бойынша есепті орындайды. - Сызба ерекшелігін байқадық па? - Жеміс түрлері нешеу? - Жолы нешеу болады? Оқушылардың сызба бойынша шығарған есебінің дұрыс жауабы бағаланады. Оқушылардың жауабы:Барлығы 9 жеміс.«Бас бармақ» әдісін қолдану арқылы өзін-өзі бағалайды. 3тапсырма:Дәптермен жұмыс: Оқушының жауабы: - Сызықтармен сәйкестендіреді - «Жетістік баспалдағы» МБ - Өте жақсы! – Тамаша! - Бүгінгі сабақта нені меңгердік? - Есеп модельдеу кезінде,тірек сызба арқылы қалай шешіледі? Сабақты «Бағдаршам» әдісімен бағалау. 4 тапсырма. : Орындап көр. Есепті сызба сурет түрінде модельдейді,есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдап орындайды. Ағашта 4 шие және 6 қара өрік бар. Барлығы қанша жеміс бар? Топтардың орындаған тапсырмасына «жарайсың», «тамаша», «керемет»сөздерімен қолдау көрсетемін.
| А3 қағазы, маркер Оқушылардың топтық жұмысы
Оқулық 2 бөлім 60-61 бет.
Топтық бағалау қағаздары Топтардың өзара бағалауы
Оқулықпен жұмыс 61-бет
«Бас бармақ» әдісі
Жұмыс дәптер 57 бет 55-жұмыс парағы
Интерактивті тақтадан көлік және қонжық суреттері мен схемасын көрсету Оқулық 61 бет
«жарайсың», «тамаша», «керемет» |
Сабақтың соңы 5 минут | Қалыптастырушы бағалау. Ойлау дағдыларының деңгейі:қолдану,жоғары деңгей дағдылары. 4 тапсырма: Есепті сызба,сурет түрінде модельдейді, есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдап орында. Дескриптор: Есептің шартын сызба түрінде көрсете алады.Сызба бойынша есепті шығара алады. Сонымен біз бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық. Рефлексия:Оқушылар өздері орындаған тапсырмаларына қарап бағдаршам әдісі бойынша көңіл күйлерін білдіреді. Қызыл түс- мен ештеңе түсінбедім Сары түс- маған әлі де түсініксіздеу Жасыл түс- маған бәрі түсінікті |
Бағдаршам әдісі |
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау 4-тапсырмада оқушыларға саралау тапсырмалары беріледі. Есепті сызба, сурет түрінде модельдейді,есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдауға арналған тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан ресурс арқылы көмек көрсетіледі. | 1-тапсырма. Оқушылар бірін-бірі топ ішінде бағалайды. 2-тапсырма. «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
3-тапсырма.Жетістік баспалдағымен бағаланады. 4-тапсырма. «жарайсың», «тамаша», «керемет» сөздерімен қолдау көрсетеді | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |