Елжан Біртанов қайта оралды (фото)
18-10-2021
Тақырыбы: Формулалар. Ұжым. Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз. | Мектеп: №35 «Болашақ» ЖОМ | |||||
Күні:15.10.2019 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Тулеева А.К. | |||||
3 «В» сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу. 3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну 3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану. | |||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: | |||||
бір /екі әрпі бар әріптік өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу шамалар арасындағы тәуелділікті түсіну | ||||||
Бірқатар оқушылар: | ||||||
есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану | ||||||
Кейбір оқушылар: | ||||||
шамалар арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу. | ||||||
Бағалау критерилері | 1.Бір/екі әрпі бар әріптік өрнектерді ажыратып, құрастырады, оқиды. 2.Амалдардың орындалу ретін біледі,мәнін дұрыс шешеді. 3.Формуланы пайдаланып,есептерді шығарады,кері есептер құрастырады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Дағдыларды дамыту: Өзара байланысты шамаларды атай алады. Пәндік лексика және терминология: Бір /екі әрпі бар әріпті өрнектер, шамалар арасындағы тәуелділік, шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар. | |||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл Талқылау: | ||||||
«Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары өзара қалай байланысқан? «Бір заттың массасын» қалай табамыз? «Құнды» қалай білеміз? | ||||||
Жазылым: | ||||||
Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәңгілік ел құндылықтары:жауапкершілік, шынайылық, мақсатқа ұмтылу. Қарым-қатынас дағдылары. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру | |||||
Тірек білім, білік, дағдылар | «Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдары | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспар ланған уақыт
| Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | ||||
Сабақтың басы 3минут
6 минут | 1.Оқушының көңіл-күйін көтеру мақсатында, ынтымақтастық атмосферасын орнатамын. Психологиялық ахуал Қолымызды созайық, Күннен жылу алайық. Күннен алған жылуды, Жүрекке әкеліп салайық. Жүректегі жылуды Бәр-бірімізге сыйлайық.
2.Білім алушының белсенділігін арттыру мақсатында, «Өлшем бірліктері» арқылы топқа біріктіремін. 1 топ- Уақыт 2 топ- Ұзындық
3. «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй жұмысын тексеремін.Өз жұптарын тауып, бір-біріне сұрақ қояды.(Көбейту және бөлу) Дескрипторлар: 1.Көбейтудің мәнін табады. 2.Бөлудің мәнін дұрыс айтады. 3.Сұрақты нақты қояды. Қалыптастырушы бағалау:әр оқушыны алға ілгерілету мақсатында «Күлегештер» арқылы бағалаймын
|
| ||||
Сергіту сәті 2 минут | «Ұстазым» әні | |||||
Сабақтың ортасы 25 минут
Сабақтың соңы 4 минут | 4.Тақырыпты ашу. Оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Кір жаю» әдісі арқылы өткен сабақты жаңа сабаққа ұштастыра отырып,бүгінгі сабағымның тақырыбын ашып аламын.(Сандарды кему ретімен орналастырамыз)
-Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады.Мұндай жағдайда ережені формуламен жазылған дейміз. - Формула шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік. -Формулаға өлшем бірліктері жазылмайды.(Заттың бағасы,саны,құны және олардың өзара қатынастары туралы түсіндіремін) №1 тапсырма (Т) Қарқынды тәсіл Білім алушылар логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Тыңдау-келісу-талқылау» әдісі арқылы сурет және кестені пайдаланып, есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті анықтайды. Дескрипторлар: 1.Өрнекті дұрыс құрайды 2.Әрбір есеп үшін қандай формуланы қолданғанын жазады. 3.Кері есеп құрастырады. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аясында әр топ бірін-бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
№2 тапсырма (Ж) Қарқынды тәсіл Оқушылардың білім,білік дағдысын қалыптастыру мақсатында, «Қадамнан қадамға» әдісі арқылы алдыңғы жинақтаған білімдерін пайдалануды көздейді. Саралау тәсілі бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі Тапсырма:(А-деңгей) Баған түрінде жаз және есепте. 456+123 978-346 324+251 384-255 569+343 853-425
Тапсырма.(В-деңгей) Өрнектерді оқып,олардың мәнін тап 35:5+5*2 98- (23+56) 78-(4*5) 8*2-6 Тапсырма.(С-деңгей) Амалдардың орындалу ретін анықтап,оларды есепте (24+6):5+2 300- (36:4+38) 90- (25+15):8 (37-17): (12-8) 8+45:9+7*3 54:6+5*7 45:(18:2)+27 6*5+32:8 22+5*8+27:3 67+29-5*7 Дескрипторлар: 1.Өрнектерді баған түрінде жазады,мәнін табады. 2.Өрнектерді оқып,мәнін табады. 3.Амалдардың орындалу ретін анықтайды. Мәнін дұрыс шешеді. Қалыптастырушы бағалау: білім алушыларды алға ілгерілету мақсатында «Жұлдызша» арқылы бағалаймын. Ж.ш-жалпы бұйымға кеткен материал шығыны Ж.ш=ш*с ш –бір бұйымға кеткен материал шығыны ш=Ж.ш:с с-бұйымның саны с=Ж.ш:ш Шамалардың арасындағы өзара қатынасты түсіндіріп өтемін. №3 тапсырма(Ж) Дереккөздер тәсілі «Зерттеу» әдісі оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілетін, байқағыштығын дамытуға бағытталған.Оқушылар оқулықтағы №7 есеп бойынша жұмыс істейді. Дескрипторлар: 1.Есептің берілуін кестеге жазады. 2.Формуланы пайдаланып,есепті шығарады. 3.Мәнін дұрыс табады. Қалыптастырушы бағалау: әр оқушыны алға ілгерілету мақсатында «Фигуралар» арқылы бағалаймын. Сабақты қорыту «Күн шуағы» ойыны арқылы сабақты бекітемін. 1. Бүкіл сатып алынған затқа жұмсалған ақша сомасы – … (құн). 2. Тауардың бір бірлігіне жұмсалған ақша мөлшері – … (баға). 3. Тауар бірлігінің мөлшері – … (сан). 4. Санды табу үшін … (құнды бағаға бөлу керек). 5. Құнды табу үшін … (бағаны санға көбейту керек). 6. Бағаны табу үшін… (құнды санға бөлу керек) Кері байланыс: оқушылар сабаққа кері байланыс береді.
|
| ||||
| ||||||
Саралау-оқушылар ға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар ға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Бағалау критерилеріТапсырмаДескрипторҰпай1.Формула ны пайдаланып,есептерді шығарады,кері есептер құрастырады№1 тапсыр ма (Т) Қарқын ды тәсіл 1.Өрнекті дұрыс құрайды2.Әрбір есеп үшін қандай формуланы қолданғанын жазады.3.Кері есеп құрастырады. 2.Амалдардың орындалу ретін біледі,мәнін дұрыс шешеді. №2 тапсырма (Ж) Қарқынды тәсіл 1.Өрнектерді баған түрінде жазады,мәнін табады. 2.Өрнектерді оқып,мәнін табады. 3.Амалдардың орындалу ретін анықтайды. Мәнін дұрыс шешеді 3.Бір/екі әрпі бар әріптік өрнектерді ажыратып, құрастырады, оқиды. №3 тапсырма(Ж) Дереккөздер тәсілі1.Есептің берілуін кестеге жазады. 2.Формуланы пайдаланып,есепті шығарады. 3.Мәнін дұрыс табады. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||||