Ашық сабақ: Даниэль Дефо «Робинзон Крузо»
28-08-2020
Сабақ Екі санның қатынасы. | Мектеп «Абай атындағы орта мектеп» КММ | ||||||
Күні | Мұғалім есімі Джамалова А.А | ||||||
Сынып 6 | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну; 6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру; 6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу; 6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу; | ||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар Қатынастың анықтамасын біледі, екі санның қатынасын жазады. Берілген сандардың қатынасы екі санның бөліндісі екенін түсінеді | ||||||
Оқушылардың басым бөлігі Бір сан екінші санның қандай бөлігіне тең екенін көрсете отырып, кері қатынасты табады | |||||||
Кейбір оқушылар Мәтін есептерді шығаруда берілген қатынаста бөлуді пайдаланылады. | |||||||
Бағалау критерийі | Екі санның қатынасын жазады Екі санның қатынасын табады Берілген қатынасқа кері қатынасты анықтайды | ||||||
Тілдік мақсаттары | Оқушылар: Қатынас анықтамасын ауызша тұжырымдайды Екі санның қатынасын оқиды, жазады Берілген қатынасқа кері қатынас таба алады | ||||||
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Шамалар, сандар, бөлінді, қатынас, екі санның қатынасы | |||||||
Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерге қолданылатын тіл Екі санның қатынасы дегеніміз не? Екі санның бөліндісі сол сандардың ... деп аталады Екі санның қатынасын қалай табуға болады? | |||||||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының негізінде Қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілікті, ашықтық, ынтымақтастық пен қарым-қатынас қалыптастыру, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау арқылы қарым-қатынас құндылықтарын дарыту. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Информатика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Bilimland.kz сайтында екі санның қатынасына қатысты бейне роликті пайдалану, интербелсенді тақта, слайд | ||||||
Өткен сабақтардан алған білім | Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері, Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
| ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы (3-5минут)
| І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу ІІ Ынтымақтастық атмосферасын құру «Амандасу» тренингі Орындау алгоритмі: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім қалай амандасу керектігін айтқан кезде бірі – бірімізбен амандасамыз. Әр адаммен әр түрлі амандасамыз иық..., шынтақ...,көзбен...,иекпен...,тіземен...,қолмен, ал енді осы қолымызды жібермей тұрып бүгінгі сабақта сәттілік тілейміз.
ІІІ Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру «Кір жаю» әдісін пайдалану Мақсатым: оқушылардың алдыңғы тақырыпты түсіну деңгейін арттыру және білік, дағдыларын бағдарлау, бағалау Орындау алгоритмі: әр оқушы бір киімді алып, артында жазулы тұрған сұрақтарға жауап бере отырып, сол киімді кір жайғышқа жаяды.
Бағалау: «Үш шапалақ» |
«Кір жаю» әдісі | |||||
Сабақтың ортасы (20-24минут)
| IV Жаңа сабақ. «Көршіңмен сырлас» әдісі оқулықтан тақырыпты оқып, жұппен талдайды.
Белсенді оқу (түсіндіру және сипаттау оқулықтан тақырыпты оқып, жұппен талдайды.)
«Сұрақты қағып ал» Саралау. Қарқын (кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді) Мақсатым: барлық оқушылар сабаққа қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақтар қоямын
Қатынас дегенді қалай түсінесің? Қатынастың негізгі қасиеті? Кері қатынас дегеніміз не? Бағалау: мадақтау арқылы «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» және қол шапалақтау.
· Екі сaнның бөліндісі сол сaндaрдың қaтынaсы деп aтaлaды – а-ның в-ға қaтынaсы. a - алдыңғы, в - соңғы мүшелері. Екі сaнның қатынасы - бір санды екінші санға бөлу. Бір шаманы екінші шамамен салыстыру нәтижесінде пайда болатын сан, біртекті екі шаманың қатынасы деп аталады. a мен b-ның қатынасын a:b немесе түрінде жазуға болады. · Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады. · Егер, берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп жазсақ, онда ол берілген қатынасқа керіқатынас болып табылады.
Жаңа сабақты түсінгендігін тексеру. Белсенді оқыту. «Көрсету және модельдеу» Айқын жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну.
Bilimland.kz сайтында екі санның қатынасына қатысты бейне роликті интербел сенді тақтада көрсету және сол жерде 20, 21 жаттығуды орындау. Бағалау критерийіДескриптор Қатынас туралы біледі, мәнін табады- берілген қатынасты жазады; - қатынастардың мәндерін табады.
1-тапсырма: Берілген қатынастарды бөлшек түрінде жазып, қысқартыңыз: a) 6-ның 15-ке; b) 1,1-дің 18,7-ге; c) 21-дің 0,7-ге; d) 117-нің 90-ға.
Дескриптор: - берілген қатынастарды бөлшек түрінде жазады; - жазылған қатынастарды қысқармайтын бөлшек түрінде жазады.
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау Екі ұнаған нәрсе, бір жақсартуды қажет ететін нәрсе.
2-тапсырма: Жеке жұмыс . Саралаудың «Қарқын» тәсілі арқылы орындау. Мақсатым : кейбір оқушылардың басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істеуін байқау мақсатында.Мирас кітаптың 60 бетін оқығанда, оқылмаған 15 беті қалды, 1) Кітаптың Мирас оқығанбеттері ол оқымаған беттерінен неше есе артық? (жауабы: ) 2) Кітаптың Мирас оқымаған беттері ол оқыған беттерінің қандай бөлігін құрайды? (жауабы:60:75=0,8) 3) Кітаптың Мирас оқыған беттерінің кітаптың барлық беттеріне қатынасы неге тең? (15:75=0,2) Дескриптор: - берілген қатынастарды бөлшек түрінде жазады; - бөлшектерді түрлендіреді; - қатынастардың мәндерін табады. Бағалау: мадақтау арқылы бағалау «Жарайсың!» және смайлик жапсыру арқылы графикалық бағалау.
Үйге тапсырма беру: үйге оқулықтан №10, №11 есеп |
Оқулық Слайд
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/qatynastar
| |||||
Сабақтың соңы (3-5) | «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сұрақтарға нақты, қысқаша жауап береді: Қатынас дегенді қалай түсінесің? Екі санның қатынасын қалай табамыз? Қатынастың негізгі қасиеті? Кері қатынас дегеніміз не?....
Кері байланыс:
Әрбір саусақ – өз пікірімді жеткізу үшін қажетті позициям Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ - маған қиын болды ( ұнамады ) Ортаңғы – мен үшін аз болды Сақина саусақ - менің көңіл күйім Кішкентай саусақ - менің ұсыныстарым | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардың үйренген ін тексеруді қалай жоспарлайыз?
| Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы | |||||
Оқушы жасаған жұмысты ескерусіз қалдырмаймын. Оқушыларды мадақтап отырамын. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделенілген тапсырма беремін. Шығармашылық жұмыстарға баулимын. | Бағалау – «Басбармақ», «Үш шапалақ», Сұрақтарға жауап және жауаптар көрінісі. Басты тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды пайдалану. Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану. Жеке жұмыс нәтижелеріне қалыптастырушы бағалауды пайдалану. Егер бала түсінбегенін білдірсе, нені түсінбегенін сұрап кетемін. Кері байланысты «Бес саусақ» әдісі бойынша аламын.Сөйлемдерін аяқтау арқылы кері байланыс береді. | Bilimland.kz
| |||||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Қорытынды бағамдау | |||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? 1: 2: | |||||||