Әлеуметтік желілердің тұлғаның қазіргі келбетін қалыптастыруға әсерін талдау

Oinet.kz 01-10-2019 1006

Әлеуметтік желілер-қызығушылығы ұқсас адамдардың ғаламтор арқылы бірігетін қоғамдық сайттары. Жек тұлғалар қызығушылығы оянған сайттарда өз парақшаларын қалыптастырады.  Сол арқылы «электронды көзәйнекке» ие болады. Яғни, виртуальды әлемде өзінің реал өмірінен тіс қиялдағы идеал өмірін құрады. Жалған мақтанға салынып селкілдетіп сэлфилетем деп қауіпті орындарда өлім құшып жатқандары да жеткілікті. Жол-көлік оқиғасында немесе басқада апаттарда куәгерлер көмек қолын созғаннан тікелей эфирде оқиғаны жариялағанды құп көреді. Ол біздің қоғамдық қатынастардағы жайсыздықты туындатып отыр. 

image.png

Әлеуметтік желілердің тұлғаның қазіргі келбетін қалыптастыруда  басыңқы роль атқарады.  Идеалды тұлғалардың бой көросетуі жиі виртуалды әлемдегі келбеті үшін реал өмірін құртып жатқандар да жеткілікті. Желіге желімдей жабысқан жасөспірімдер алдау-арбаудың құрбанына айналып, зорлыққа душар болу фактісі жиілеген.  Жасөспірім шақта тажалдың тырнағында қалғандарды уақыты келіп құтқарса да қараңғы кезеңінің көлеңкесі болашағына сәуле ертпейді. Кейбірі осы арқылы аутизмге ұшырайды. Тән саудасы, адам саудасынаң құжынаған базары да осы әлеуметтік желілер. Хаккерлер және фэйктер кез келген адамды торына түсіріп, өз құрбанына айналдырады. Діннің жат ағымына кеткендер де, желілік маркетингке кіріп сазға отырғандар да қазіргі қоғамымыздың тұрғындары.  

 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік қызметі тарапынан желілердегі жазылған хабарламалар бақылауда ұсталады. Үш жылға дейінгі мерзімде хабарламалар тұлға жойған жағдайда да, архивте сақталады. Еліміздің аумағында тек Telegramm желісінің қауіпсіздік коды болмағандықтан хабарламалар бақыланбайды.  Бұл фэйк ақпарат тарататын парақшалар мен фэйк парақшалар ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне оңай ашылып, иесін анықтауға мүмкіндік береді. 

  Фэйк парақша иелері өзге желі тұтынушыларының құқығын аяққа таптауға бейім. Агрессия бөлетін мұндай тұлғалар психологтардың айтуынша, өмірде стресске ұшыраған болып келеді.  Алайда, ол кісілердің негативі өзгелерге тиімсз көңіл күй сыйлайды.  Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан барлық ұялы байланыс абоненттері тіркеледі. Яғни, номері арқылы тіркелген кез келген тұрғынның фэйк парақшасы оңай ашылады. 

  Жас шектеуі қойылған видеоларды  жалған парақша арқылы ерте көретін жеткіншектер де жеткілікті. Мектеп жасындағы жасөспірім қыздардың жүктілігін я ерте жыныстық қатынасқа түсетін жеткіншектердің статистикалық көрсеткішінің жоғарылығына бұл өзіндік әсер етеді. 

    Виртуалды әлемде тұлға санасы мұлде басқа «өзін» қалыптастырады.  Виртуалды көреді, сезінеді, реал өмірге көз қарасы өзгереді. Ол шындықтан жалғандыққа табан тірейді. «Виртуалды әлем»  ұғымында парадокс бар. Қарапайым сана оны «қиял иллюзиялары» , «ойдан шығарылған әлем» деп қабылдайды. Ал кейбіреулер үшін ол өмірінің айнымайтын бөлшегі.  Бұл парадокс шындықты бағалаудан туындайды. Өйткені,   XX ғасыр философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен идеалистербөлінуі бұрмаланып жіберілді.   Материя мен сана оппазициясы тілі – қарсы қоюмен ауыстырылды. «Қайсы бұрын болды?» деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдыңғы қатарға шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдің форматқа сай. Сондықтан жасанды иллюзиялық шындық виртуалды деп аталады.  Сол арқылы бақытты я бақытсыз адамдардың «шындығы» өмір сүреді.   Сондықтан қазіргі кезде көптеген адамдар үшін жасанды иллюзиялық шындықтың шені реал өмірімен сабақтас.

  Желідегі адамдардың белсенділігін желідегі әлемдік  статистикасымен көрсетсек: 

- Әр минут сайын Facebook-те бір миллион сілтеме таралады;

-Әр сағат сайын Facebook-те 4,5 миллион адам қандай да бір іс-шараға шақырту алады;

-Әр минут сайын Facebook-те 100 мың адам дос болып қабылданады;

-Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына 1-5 сағат уақытын әлеуметтік желідегі әлеміне арнайды;

-Әр секунд сайын  8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі;

- Адам саны бойынша Facebook  Қытай мен Үндістаннан кейінгі әлемдегі үшінші «виртуалды мемлекет» ;

-Әр қолданушы орта есеппен күніне желідегі парақшасына 2 рет кіреді;

-Жыл сайын әлемде 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады;

-Қазақстанда 5,6 адам әлеуметтік желілердің күнделікті ақпарат 

тұтынушысы. 

Зерттеулерге сүйенсек, әлеуметтік желіге тіркелген әрбір екінші адам өзі жайында жалған ақпарат береді. Тарқатып айтсақ, 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр әлпеті мен қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар тіркейді. 

  Әлеуметтік желілер тек қана веб-сайт емес, сонымен қатар тұтынушыларының мәдениетін қалыптастыратын құрал. Әлеуметтік желідегі тұлғаның бітімін қалыптастыруды психологтор психологиялық негізде, әлеуметтанушылар отбасыға әсерін,  дінтанушылар адамның наным-сенім тұрғысынан зерттеп түсіндіреді. Ал философиялық ұшы осының барлығын біріктіреді. 

Адамның болмысының айнасы-сөзі десек, әлеуметтік желілерде «виртуалды тіл» қалыптасқан. Ол адамдардың санасына бірнеше шектеулер орнатады. Қысқартылған я жаргондарға тұнған диалогтарды  екінің бірі түсінбейді. Яғни виртуалды тіл тілдің ішінде құрылған інге тең індет.  Осындай фактор адамның бойындағы қызуқандылықты туындатады.  Асығуға бейім, қоғамға жауапкершілікпен қарамайтын әлеуметтік тұлғалар желінің төл балалары. Әлеуметтік желіде 2000 досы бар виртуалды тұлғаның өмірде бір досы болмауы мүмкін. Яғни бұл аутизммен астасып жатыр. Виртуалды досына иек артып реал өміріне жауапкершіліктен тыс қарау.

 Қазақстандықтардың ең көп кіретін желісі Павел Дуровтың «В Контакте» желісі. Желіге күн сайын 1,9 миллион адам кіреді..  Одан кейінгі саты «INSTAGRAMM» желісіне тиеслі. Елімізде бұл желіні 1,3 миллион адам қолданады. 

 Еліміздегі 2015 жылғы зерттеу бойынша, «В КОНТАКТЕ» желісін қолданушылардың 37 пайызын оқушылар, 17 пайызын қызметкерлер, 13 пайызын үй шаруасындағылар, 12 пайызы басшылар, 7 пайызы жұмысшылар,  14 пайыз әртүрлі сала мамандары қолданады екен. Олар бір ай ішінде 45 миллион хабарлама жариялайды . Осы ақпардың басым бөлігі жалған ақпараттарға иек артады. Яғни әрқайсы виртуалды қызметін қалыптастырады. 

 Әлеуметтік желілердің тұлғаның қазіргі келбетін қалыптастырудағы ықпалы зор. Көрсеткен статистикамызға қарап, желі тұтынушыларының көбі веб-сайттарға деталь деп емес өмірінің мұқым бөлшегі ретінде қарайтындығын аңғарамыз.  Желіде қалыптастырған я толтырған анкетасының өміріне қатыссыз жалғандықтарға толы қолданушылар басым. Осындай жасанды ортада дұрыс ой-пікір қалыптастыру күрделі процесс. Факт ақпарат пен фэйк ақпаратты талдап беретін тәжірибелі маманы бар сайттар жеткілікті. Желі тұтынушыларының санасы да тұлғаның жеке келбетін қалыптастыруда осындай роль атқаруы керек. Әйтпесе қос кеменің салын ұстағанның салы суға кеткендей, «қос» өмірдің иегері желідегі хабарламасы ұшін жыл сайын қаза болатын жүздіктің тізіміне енеді

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Математикадан 4-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар
Ашық сабақ: Жалқы есім және жалпы есім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу