Махаббат туралы нақыл сөздер
Ғашық адамдар бір-біріне емес, бір бағытта қарауы керек.
Егер екі адамға ғашық болып қалсаңыз, екіншісін таңдаңыз. Өйткені, бірінші адамды сүйсеңіз, екіншісіне қарамас едіңіз.
Шынайы махаббат қайғы-қасіретте білінеді. Түн қаншалықты қараңғы болса, ол соншалықты жарық болады.
Қыз өзінің жігітіне оны сүйетінің айтпауы керек. Қыздың жарқыраған, бақытты көздері мың сөзден артық.
Махаббат біреу ғана, бірақ оның жалған көшірмелері көп.
Қорқыныш бізге бір әлемді, ал махаббат басқа әлемді көрсетеді. Қай әлемде өмір сүретіңізді өзіңіз шешіңіз.
Махаббат жел тәрізді, ол көрінбейді, бірақ сіз оны сезесіз.
Сүйетін адам, ғашығының ауыртпалығын бөлісуі керек.
Өмірді сүю дегеніміз – жаман нәрсені ұмытып, жақсы нәрсені сақтап қалу.
Таңертең тұрғанда ойлайтын бірінші адамыңыз бен түнде жатарда ойлайтын соңғы адамыңыз – сіздің бақытты болуыңыздың немесе бақытсыз болуыңыздың себебі.
Махаббатты жойсаңыз – жеріміз зиратқа айналады.
Махабаттың өлшемі де, бағасы да жоқ.
Әйелді түсіну үшін емес, жақсы көру үшін жаратқан.
Өмірдегі ең ауыр нәрселердің бірі – сенің сүйікті адамын, басқа біреуді жақсы көріп қалғанын көру.