Нақыл сөздер жиынтығы

Oinet.kz 11-08-2020 689

Өз салмағын сезінбеген адам көп сүрінеді.

Іші тар әйелден ізет күтпе.

Кешіре білмеген кекшіл келеді.

Қолы тардан қонақ қашады.

Атақты көтере алмаған , ақыры адасады.

Жарын сыйламаған әйел өз абыройын өзі төгеді.

Ақымақ айналасына кесірін тигізеді.

Өр көкіректік өнердің жауы.

Ашу- көз жасымен басылмайды.

Әз әзіл ойға арбалмау- сабырлының ісі.

Үлгілі өмір сүру де –парасаттылық.

Елдің көңілінен шығу –іскерлік.

Бақталастық бет жыртады.

Беттен алған баланың белі ауырмайды.

Пайдасыз қиял бас ауыртады.

Келісіммен істелген жұмыс жемісті болады.

Кісінің арасына түсіп дауды шешу, ақылдының ғана қолынан келеді.

Көз нұры –көңіл күйін сездіреді.

Ақымақтыққа ашу итермелейді.

Адам жанын жаралау оңай, оның орынын емдеу қиын.

Тәрбиені үйрену үлкенге де қажет.

Елді сыйламаған адам, өзінде құрметтемейді.

Ұлылық та, ұрылық та уақыт өте келе қалыптасады.

Айтысып істеген істің берекесі қашады.

Дағдарысты жеңу дараның қолынан келмейді.

Білімдінің білгені көп.

Сезімге берілгеннен , жеңілген жаман.

Жүрегі нәзік  адам, жарты жолдан асса да сүйе алады.

Зорлықпен істелген істен жылылық сезілмейді.

Күншілдікке салыну жұқпалы дерт.

Жемқорлық балаларға да жұғады.

Ой иесі — адам, жол иесі — қадам.

Немқұрайлықтың түбі –өкініш.

Қасқырға қарсы жүректі ит үреді.

Арлының жанында арсыз да жүреді.

Ақшаның арамдығы жегенді байқатпайды,

Жұтқыншақ сездірмесем деп тайсақтайды.

Күнә — адамның қолымен жасалады,

Тәңірдің пәрменімен жуылады.

Жақсыны күндегенмен жаман болмайды,

Күндеске шегінбеске амал қалмайды.

Ақылы кем адам ақысын жегізеді.

Алысты ойлай білу –ақылдылық.

Құрғақ сөзде құн болмайды.

Түсініспеушіліктен көңілде көлеңке ғана қалады.

Шегініс жеңіс сыйлайды.

Күлкі — жүзді жылытады.

Адасып үйіріне қайта қосылу да ақылдылық.

Күрсіне білмеген күле де білмейді.

Билікті жамандау – бәтуаға шақырмайды,

Ашу жүрген жерден жылылық табылмайды.

Қабілетсіздік — қадірсіздікке бастайды.

Ойсыз ұрпақ – Отанға сын.

Әйел желіксе – әдепсіздікке ұрынады,

Арсыз жаннан ағайын суынады.

Бәсеке жоқ жер де өнер өспейді.

Eлбасының қанатты сөздері
Роберт Кийосакидің нақыл сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу