Мектеп туралы шығарма
Мектеп – білім ордасы. Осында білім алып, жарқын келешегіміздің іргетасын қалаймыз. Әр адамның өмірінде мектептің алар орны ерекше. Адамзаттың бәрі мектеп қабырғасында болып, осында өз өмірін қалыптастыра бастаған.
Күздің алғашқы күні – білім күні. Бұл күні барлық оқушылар мектепке асығады. Мектептегі сыныптастары мен мұғалімдерін көруді қалайды. Мектеп – алтын ұямыз, екінші үйіміз. Осында көп уақытымыз өтеді. Мектеп табалдырығын аттағанымызға көп уақыт өтпеседе мен бұл орынды жақсы көремін.
Мектептегі қызықты сәттер сыныптастармен тікелей байланысты. Мектепте тек білім алып қана қоймай, сонымен бірге өмірлік өз жолымызды қалыптастыра бастаймыз. Ортамен, адамдармен қалай қарым-қатынас орнату қажет соның бәрін осында үйренеміз. Мектеп – өмірлік ұстазымыз. Барлығын дерлік осында үйренеміз, көреміз, ой түйеміз.
Әр сыныпты аяқтаған кезде болатын үш айлық демалыстың тез өткенін қалап, мектебімізге баруға асығамыз. Мектеп – мейірім ошағы. Мұндағы ұстаздарымыз бізге екінші анамыздай өте қамқор, бізге барлық дүниелерді үйретеді. Өмірдегі кедергілер мен мәселелердің шешу жолдары мен мамандық таңдап, үлкен өмірге қадам басуымызда да мектеп пен мұғалімдердің алар орны тым бөлек. Мектеп – үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамымыз.