Тіл туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 1148

Тілмен тікен де алады.


Татуға - тіл, сұлуға - сұқ.


Қу тіл - қоңылтақ етік.


Мал басынан байланады,

Адам тілінен байланады.


Жалақ кісі тілінен жазар,

Таз кісі қолынан жазар.

Картинки по запросу кітап оқу

Тілмен байланған қолмен шешілмейді.


Тілмен түйілген тіспен шешілмейді.


Тілі қышыған жерден тиді.


Сүңгінің жарасы бітер,

Тіл жарасы бітпес.


Пенденің қарны тойса, тілінен ерік кетеді.


Шешілмеген шиені

Тырнақ шешпес, тіл шешер.


Некесіздің малы арам,

Тілсіздің дауы арам.


Тіл - қақпа баққан ашулы арыстан.


Татуға тіл, сұлуға көз тиеді.


Тіл - бұлбыл,

Көңіл - бақша,

От - қорған.

Тіршіліктің пайда болуы (реферат)
Сөз туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу