Батыр туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 4437

Батыр - елдің сәулеті,

Балқұрақ - көлдің сәулеті.


Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.


Батырдан - сауға, мергеннен - сыралғы.


Батыр - айғақ, палуан - куә.

Картинки по запросу қазақ батыры

Батырға да жан керек,

Пақырға да жан керек.


Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар,

Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.


Екі батыр елде жатыр,

Жеке батыр жерде жатыр.

Күш туралы мақал-мәтелдер
Жастарға арналған ойындар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу