Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Өз ағзамызды толық танитын болсақ, ешқандай ауруға шалдықпас па едік?! Адам ағзасы өзі біле бермейтін қызық құпияға толы. Біз ұсынар мәліметтер тізбегінің бірін білсеңіз, бірін білмейтін боларсыз. Бір көз жүгіртіп көріңіз...
1. Осы сөйлемді оқып отырған сәтте тәніңіздегі 50 мың жасуша өліп, орнын жаңа жасушалар басты.
2. Түшкіргенде ағзаның барлық қызметі, тіпті жүрек те тоқтап қалады.
3. Адам жүрегі бүкіл өмір бойы 48 миллион галлон қан айдайды.
4. Адам бас сүйегі әртүрлі 29 сүйектен тұрады.
5. Адам денесіндегі қанмен қамтамасыз етілмейтін жалғыз бөлік – көздің қасаң қабығы. Ол оттегіні тікелей ауадан алады.
6. Бала жеті айға толғанша бір мезгілде жұтынып әрі тыныстай алады. Яғни еміп не су ішіп жатқанда тұншығып қалмайды.
7. Жүйке импульсі миға дейін сағатына 274 шақырым жылдамдықпен жылжиды.
8. Адамның саусақ ұшына қарағанда ерні жүз есе сезімтал. Сүйісу кезінде тамыр соғысы минутына 100-ге дейін, тіпті одан да жиілейді.
9. Тіс – адам тәніндегі өздігінен қалыпқа келмейтін жалғыз бөлік.
10. Ағзада өмір сүретін бактериялардың орташа салмағы – 2 кг.
11. Адамның шашы өмір бойына шамамен 725 км өседі.
12. Адам ағзасына небәрі 4 минерал кіреді: апатит, арагонит, кальцит, кристобалит.
13. Адам тәнінде кемінде 700 фермент бар.
14. Адамда бактерияның 1 пайызы ғана сырқат тудыра алады.
15. Адам көрген түстерінің 90 пайызын ұмытып қалады.
16. Күзбен салыстырғанда, көктемде тыныс алу жиілігі үштен бір есе жиірек.
17. Адам тәніндегі жылудың 80 пайызы бастан шығады.
18. 4 жасар бала күніне орта есеппен 450 сұрақ қояды.
19. Дене салмағының 1 пайызына тең су жоғалтқанда, адамда шөлдеу сезімі пайда болады. Бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса, талып қалуы, ал 10 пайыздан асса, өліп қалуы мүмкін.
20. Сіз қызарған кезде асқазаныңыз да қызарады.
21. Адам – шалқасынан жатып ұйықтайтын жалғыз тіршілік иесі.
22. Сүйісу кезінде бір адамнан екінші адамға 278 бактерия беріледі. Бір қуанарлығы, олардың 95 пайызы қауіпсіз.
23. 3 айдан асқан соң ұрықта саусақ таңбалары пайда болады.
24. Адам миының сыйымдылығы 4 терабайтқа пара-пар.
25. Еркектермен салыстырғанда, әйелдердің жүрегі жылдам қағады.
26. Көзде шоғырланған бұлшықет күніне 100000 рет қозғалады. Аяқ бұлшықеті де солай жиырылуы үшін күніне 80 шақырым жүру керек.
27. Балалар басқа кездерге қарағанда көктем мезгілінде тезірек өседі.
28. Адам ағзасында 2000 дәм сезу рецепторы бар. Алпыс жасқа жеткен адам дәм сезу рецепторінің жартысын жоғалтады.
29. Ересек адам күніне шамамен 23000 рет тыныс алады.
30. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарына қарағанда 4 есе тез өседі.
31. Күніне бір қорап темекі шегетін адам, жылына жарты кесе қарамай ішкенмен бірдей зиян шегеді.
32. Адам түзу сызық сыза алатын жалғыз тіршілік иесі.
33. Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
34. Адам ДНК-сында 80000-дай ген болады.
35. Адамның әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі.
36. Адам жүрегінің көлемі оның жұдырығындай болады.
37. Адам миында бір секундта 100000 химиялық реакция өтеді.
38. Адам миында туғанынан 14 миллиардтай жасуша болады және өлгенінше ол көбеймейді. Керісінше, 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азайып отырады. Кітап, газет оқуға кеткен әр минутта шамамен 70 жасуша өліп отырады.
39. Еркектер әйелдерге қарағанда 40 пайыздай артық терлейді.
40. Адам көзі 10 млн. түрлі түсті ажыратуға қабілетті
41. Адам аузында 40 мыңдай бактерия болады
42. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.
43. Әйелдер көздерін еркектерге қарағанда 2 есе көп жыпылықтатады.
44. Адам организміндегі ең мықты бұлшық ет – тіл.
45. Дүниеге келген сәбидің денесінде 300 сүйек болады, үлкейгенде оның тек 206-сы ғана қалады.
46. Адам денесінде 7 кесек сабын шығаруға жететіндей май болады.
47. Адам денесіндегі жүйке тербелісі секундына 90 метр шапшаңдықпен ауысып отырады.
48. 36 млн. 800 мың – бір жыл ішіндегі адамдағы жүрек соғу саны
49. Бар өмірінде адам терісі 1000 рет ауысады.
50. Ересек адам денесінде 75 км (!) жүйке талшығы бар.
51. Адам сүйегінің 50 пайызын су құрайды.