«Шыңғыс ханның мүрдесін тауып, Кенесарының басын елге қайтару керек»

Oinet.kz 13-08-2019 1565

Screenshot_15.jpg

Атақты Шыңғыс хан туралы әр алуан көзқарас, өтірік-шыны белгісіз ақпараттар, қарама-қайшы қым-қиғаш пікірталастар көпшілік талқысынан түскен емес. Шыңғыс хан – жарты әлемді билеген тұлға. Ондай адамдар мың жылда бір туады. Жалпы, біз оған немқұрайлы қарамауымыз керек. Оның табаны қазіргі қазақ даласына талай тиген. Ауасын жұтып, суын ішкен. Біраз ғалымдар Шыңғыс ханның жерленген жері – Шығыс Қазақстан деп жатыр. Мен соған келісемін. Қазақстан мен Монғолияның арасында, яғни шығыс Қазақстанда Алтай тауы жатыр. Ал, Алтай – шыңы көкпен таласқан, табиғаты тылсымға толы, ғажап өлке. Шыңғыс хан өлер алдында өзін осы жерге жерлеуді сұраған болуы мүмкін. Сондықтан да, оның мүрдесін осы жерден іздеу керек секілді. Егер біз мүрдені тапсақ, талай жылдан бері қазақ халқының бойында бұғып жатқан рух көтерілер еді. Қазақ өзінің кім екенін бүкіл әлемге көрсетер еді,-дейді ол.-- Сонымен қатар, мен Кенесары хан туралы да айта кеткім келеді. Кенесары – қазақтың соңғы ханы. Оны бәріңіз білесіздер. Кенесары тәуелсіздік жолында отаршылдармен қасық қаны қалғанша арпалысты. Ақыры, олар Кенесарыны өлтіріп, басын өздерімен бірге алып кеткен. Жақында біздің премьер-министр осы мәселені көтерді. Сонда мен қатты қуандым. Ол орыстардан Кенесары мен Кейкі батырдың басын қайтарып беруді сұрады. Орыстар Кейкі батырдың басын беруге келіскенімен, Кенесарыны қайтарғылары келмеді. Себебі, қорқады. Егер олар бізге Кенесарының басын қайтарып берсе, қазақ халқының рухы өршеленіп кетеді. Бұрынғыдай қойдай жуас емес, көкжалдай намысқойға айналады. Кезінде түкірігі жерге түспейтін Сталин қарамағындағы археологтарға Әмір Темірдің моласын қаздыруға бұйрық берген. Ал, Әмір Темір өлер алдында «егер кімде-кім келешекте мүрдемді ашса, соғыс болады» деп ескерткен екен. Айтқаны айдай келіп, әлемді соғыс оты шарпыған. Сәл болмағанда Совет Одағы дүниежүзілік картадан жоқ болып кете жаздады. Кейіннен Сталин Әмір Темірді қайта жерлеп, әруағынан кешірім сұрап жүріп, соғысты әзер тоқтатқан. Сондықтан да олар осы мәселеге келгенде өте сақ. Әйтпесе, Кенесарының басын бізге берсе нелері кетеді? Олар қазақ халқының тарихқа терең бойлағандарын қаламайды. Себебі, атақты орыс патшайымы Елизавета II «Егер қазақтары өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады» деген. Шыңғыс хан, Жошы хан, Бату хан, Әмір Темір, бәрінің қазаққа қатысы бар. Дешті Қыпшақ даласында салтанат құрған Алтын Орданың өзі неге тұрады? Совет Одағы тұсында біздің буын қолдан жазылған социалистік тарихтарды оқып өсті. Бізді тамырымыздан ажыратқысы келді. Жалпы, біз өз тарихымызды ұмытпауымыз, оны келер ұрпаққа дәріптеуіміз керек. Өткенін біліп өскен ұрпақ келер күнге сеніммен қарайды. Болашағы жарқын болады. 

Және мені тағы да алаңдататын бәр мәселе бар. Ол – қазақ қыздарының шетел азаматтарының етегін ұстауы. Бұл өте сорақы, салдары ауыр нәрсе. Егер осылай жалғаса берсе болашақта қазақ жерін дүбәралар қаптап, қазақ ұлты жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Осы жерде бізге неге Түрікменстан елінен өнеге алмасқа? Түрікмен қызын алғысы келетін шетелдіктер мемлекетке 50 мың доллар көлемінде ақша төлеуі тиіс. Сол себепті шығар, қазір түрікмен ағайындар ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, қаймағы бұзылмай дін аман отыр. Егер осыны Қазақстанға енгізсек, біздің қыздарға, Қазақстан азаматтығын алуға құмартқан көлденең көк аттылар азаяр еді. 

Әділхан Әтемов,

Шымкент қаласы 

2016 ж

Аңшылық маусымы басталды
Тарихын танымаған, тілі үш айыр ұрпақпен ұшпақа шығамыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу