Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бір кісі өз үйін сатқысы келіпті. Мақсаты – одан да жақсы әрі кең үйге қоныс аудару екен. Сол үшін жарнама агенттігінде жұмыс істейтін досына барып, осы істе жәрдем көрсетуін өтінеді.
Жан досының тілегін жерге тастамаған жолдасы досының өзі жақсы білетін үлкен үйін жарнама үшін сипаттап жаза бастайды. Үйдің әдемі жерлерінің барлығын ескерусіз қалдырмай, қағазға теріп шығады. Оның керемет шеберлікпен салынған әсем құрылысы толық сипатталады. Адам тынысын кеңітер кең ауласы, жанға жайлы бау-бақшасы және әдемі үлкен бассейні бар екені де айтылады. Үй тыныш ауданда орналасқаны, мал ұстауға болатыны, тіпті көршілерінің де жақсы адамдар екені тізбектеліп жазылады.
Сосын сипаттаманы үйдің егесіне оқып береді. Оны аузын ашып, көзін жұмып тыңдаған досы, одан жазбаны қайта оқып беруін өтінді. Болған кезде:
«Мынау керемет үй ғой!», - деді таңқалып.
«Өмір бойы іздеп жүргенім осындай үй ғой. Осы уақытқа дейін арманымдағы үйде тұрып жатқанымды білмеген екем ғой, ә?!», - дейді. Сосын досына:
«Жарнама бермей-ақ қой. Үйімді сатқым келмей қалды», - деп, жүзі күлімдеп сала берді.
Ілгергілер қалдырған бір хикметті сөз бар екен: «Алланың саған берген нығметтерін бір-бірден санап, қағазға түсірсең, өзіңнің қалай ғана бұрынғыдан да бақытты болып шыға келгеніңді сезбей қаласың».