Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Төле би қолы ашық жомарт жан болыпты, дау-жанжалдан түскен ірілі-ұсақты малдарды, кедей-кепшікке бөліп беріп отырған екен.
Бірде Төле би өмірімде екі рет қатты ұялдым деген екен, - бір замандасына.
Неге деген сұрағына: *б"рінде келінімнен ұялдым", - деген екен.
Келінінің жаңадан босаға аттап түскен кезі екен. Төленің үйінде сол кезде сауын болмаған екен. Төле бидің әйелі келінге сауын малдың жоғын айтуды ұмытып кетсе керек. Сол заманның салтында, кешқұрым малдың алдынан келін-кепшіктер сауын ыдыстарын алып күтіп алатын болған екен. Төле бидің келіні де сауын ыдыс алып кешқұрым малдың алдынан шыққан екен.
Екінші рет қасқырдан ұялдым - деген екен. Төле бидің бір үлкен қорасы болыпты. Дау-дамайдан түскен малды сол қораға қамап, кейін мұқтаж адамдарға беріп жібереді екен. Бірде Төле би түн ішінде дәреті қыстап далаға шықса, бір қасқырдың арланы қораны кезіп жүр екен. Төлені көре-сала Төле биге бір қарап қорадан секіріп қашқан екен. Әлгі қасқырдың бір қарағаны:
"Атың дардай Төлесің қораңда "бір тышқақ лағың жоқ мен тіске басар" деген секілді болды, - деген екен Төле би.